7 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     10 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Адамдардың бізді жақсы көре алуы үшін

Адамдардың бізді жақсы көре алуы үшін

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Аллаһу та'ала ешкімді басқарушы, саудагер немесе бастық қылып жаратпады. Бұлардың әрбірі сипаттар. Бұл сипаттарға ие болғандар Ислам ғұламаларын танып, осы жолдың қадірін, қызметтердің маңызын біле тұра бұларды дінге қызметте, басқа құлдарға Ислам дінін жеткізу, дұрыс кітаптарды тарату үшін қолданбаса, мойнында жауапкершілік болып қалады. Аллаһу та'ала бізге Имам Раббани хазреттері сияқты міндеті Ислам дінін жаю болған әулиелерді танытты және жақсы көргізді. Біз ғұламаларды жақсы көрдік, оларға бағындық, растадық, олай болса негізгі жұмысымыз Ислам дінін айналамыздарға үйрету және жақсы көргізу болу керек.

Егер адамдар бізді жақсы көрмесе, біздің айтқандарымызды қалай жақсы көреді, бізді қалай тыңдайды? Керісінше бізден қашып, жоламауға тырысады. Демек, Исламды жақсы көргізу үшін біз әуелі өзімізді жақсы көргізуіміз керек. Ал адамдардың бізді жақсы көре алуы үшін Аллаһу та'аланың бізді жақсы көруі керек. Аллаһу та'ала бір хадис құдсида: «Нәпсіңе дұшпан бол, өйткені нәпсің маған дұшпан» деген.

Егер біз өз-өзімізді ұнатып, нәпсіміздің соңынан ерсек, Аллаһ бізді жақсы көрмейді. Аллаһу та'аланың жақсы көрмегенін құлдар қалайша жақсы көрсін? Аллаһу та'аланың бізді жақсы көруі үшін біз нәпсімізді жақсы көрмейміз, өзімізді, ғибадаттарымызды және амалдарымызды ұнатпаймыз. Керісінше өз-өзімізден жиіркеніп, үнемі нәпсімізбен санасуымыз керек. Сол кезде адамдар еріксіз бізді жақсы көре бастайды. Өйткені сүйікті және мүбәрәк болған – адамның рухы. Нәпсіміз қиналған сайын рухтың қасиеттері, яғни көркем мінез көрінеді. Содан кейін адамдар бізді жақсы көреді.

Мұсылман – «Қасына барайын, көңілім рахат тапсын, ол міндетті түрде маған жылы сөздер айтады, маған дұға етеді» деп адамдар жолығуды аңсайтын, көрісуге қажеттілік сезінетін кісі. Егер адамдар «Қойшы оны! Оған барсақ бізге айқайлап, жаман сөздер айтып, көңіл-күйімізді бұзады. Одан да басқа жолмен жүрейік» дейтін болса, бұл өте қауіпті. Ондай адамның соңғы демінде имансыз өлуінен қорқылады. Адамдардың бізден қашуының себептерінің бірі – жұмысқа байланысты берілген мансап, лауазым және сипаттарымыз. Алайда адамның қадірі сол мансап пен лауазымда емес. Бұлардың кесірінен адам пендешілігін ұмытып, өзгелерге жоғарыдан қарамауы керек. Қасына жолай алмайтын адам болмауы қажет.