![]() ![]() Ниеттің дініміздегі маңызыАллаһу та'ала адамның киіміне, сыртқы келбетіне, мал-мүлкіне, мансабына қарап сауап бермейді. Бұларды қай оймен және қандай ниетпен істегеніне қарайды. Хадис құдсида: «Аллаһу та'ала сендердің сыртқы көріністеріңе, мал-мүліктеріңе қарамайды. Жүректеріңе және амалдарыңа қарайды» делінген. Олай болса әр мұсылманға бәрінен бұрын қажет болған нәрсе – иман. Одан кейін парыздарды, харамдарды үйреніп білу. Харам болған нәрсені, мысалы ішкілікті дініміз тыйым салған үшін емес, асқазанына жақпағаны үшін ішпесе сауап ала алмайды. Харамнан тек қана Аллаһу та'аладан қорқып, ол тыйым салғандықтан сақтанатын адам сауап алады. Кей адамдар харамға, халалға мән бермейді. Ол жетпегендей тағы «Сен менің жүрегіме қара, менің жүрегім таза. Аллаһ жүрекке қарайды...» дейді. Бұл сөздің дінде орны жоқ. Адамның жүрегінің таза және дұрыс екенінің белгісі – діннің бұйрықтары мен тыйымдарын ұстануы. Олай айтатындардың мақсаты мұсылмандарды алдау. Дұрыс ниет етпейінше ешбір парыз қабыл болмайды. Мұны жасай алу үшін білім қажет... Ислам дініне сай келмейтін нәрселердің ешқайсын Аллаһу та'ала жақсы көрмейді. Жақсы көрмейтін нәрсесіне сауап берілмейді. Сондықтан мұсылман не істегенін біліп, саналы түрде жасауы қажет. Ахыретте барлық істегендерінің есебін беретінін және не үшін істегенінен сұралатынын ұмытпаған жөн. Ғибадаттарды Аллаһу та'ала әмір еткені үшін орындау керек. Жасалатын ғибадаттарда құлдарға дүниесі мен ахыретіне көптеген түрлі пайдасы бар болса да бұл үшін істемеу керек. Мысалы намаз оқитын адам мұны парыз болғандықтан емес, гимнастика ретінде қабылдап, сол мақсатта оқыса, ғибадат еткен болмайды. Спортпен айналысқан болады. Ораза ұстаған адам да тек асқазанын тынықтыруды ойлап, сол ниетпен ұстаса, оразасы қабыл болмайды. Соғыста жанын қауіпке қойған мұсылман Аллаһтың дінін күшейту, исламды жер бетіне жаю үшін емес, атақ пен абырой, мал-мүлік пен мансап үшін шайқасса, ғибадат жасаған болмайды. Жиһад сауабын алмайды. Өлсе шәһид болмайды. Ғибадаттарда ниеттің үлкен маңызы бар. Жасалған әрбір істің исламға сай болған-болмағанын ниет арқылы аңғарылады. Тасаууф ғұламалары, үлкен ғалымдар ғибадаттарын ықыласпен орындайтын. Олар тек қана Аллаһу та'ала разылығын көздейтін. Ниеттің дініміздегі маңызы үлкен болғаны сонша, ғибадаттар дүниелік пайда үшін орындалса сахих және қабыл болмайды. Дүниелік іс болып саналады. Ал кезкелген дүние ісі ахырет пайдасы үшін орындалса, ғибадатқа айналады. Хадис шәрифте: «Мұсылманның жұбайына берген әр үзім нанның өзінен сауап алатыны» хабар берілген. Бұдан аңғаратынымыз, ниетін дұрыстаған адам тамақтануда, ішіп-жеуде және түрлі дүниелік істерде ахырет пайдасын көздеу арқылы сауап алуына болады. Тек ниеті Раббымыздың разылығын алу болса болғаны... |