12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   


Қына жағу

Сұрақ: Қынаның (хна) маңызы қандай?

Жауап: Қынаның маңызы хадис шәрифтерде былай білдірілген:

«Қына жағыңдар. Өйткені сұлулықтарыңды, жастықтарыңды және неке махаббатын арттырады.» (Әбу Нуайм, Бәззар)

«Ең алғаш қына жаққан адам Ибрахим пайғамбар. Қарамен ең алғаш боянған да Перғауын.» (Дәйләми)

«Күйеуі қайтыс болған әйел (иддет мерзімі біткенге дейін) сәнді киім кие алмайды. Әшекей де таға алмайды, қына және сүрме жақпайды.» (Мүслим)

«Боянудың ең жақсысы – қынамен жасалғаны.» (Дәйләми)

«Кәріліктеріңді қынамен кетіріңдер. Себебі бұл – жүздерің үшін әсемдік, ауыздарың үшін хош иіс, әйел үшін қуат. Қына – жәннаттағылар иісінің сәйиді және қына күпір мен иманды ажыратады.» (И.Асакир)

«Мына нәрселер Лұт қауымының жаман мінездерінен: еркектердің сағыз шайнауы, жолда мисуак қолдану, ысқыру, көгершінмен ойнау, еркектердің саусақтарына қына жағуы, көкірегін ашып жүру.» (Дәйләми)

«Қынамен бояныңдар. Өйткені ол хош иісті және қорқынышты басады.» (Хаким)

«Шаштарыңды қыналаңдар және яһудилерге ұқсамаңдар!» (Ибн Адий)

«Сақалдарыңды қыналаңдар. Себебі періштелер мүминнің қына жаққанына қуанады.» (Ибн Адий)

«Сүйікті пайғамбарымыз басы аурып мазасызданған адамға «Бар, хажамат жасат (қан алдыр)», аяғы аурып мазасыз болғанға «Бар, аяғыңа қына қой» дейтін еді.» (Табарани)

«Расулуллаһқа уахи келген кезде басына ауру келетін және басына қына қоятын еді.» (Ибн Сүнни)

«Денесінде жара болса, үстіне қына қоятын еді.» (Ибн Мажа)

«Әйелдің қолында қынаның әсерінің болуын ұнататын еді.» (Бәйһақи)

 

Әйелдердің қына жағуы

Сұрақ: Әйелдер қолдарына қына жағады, шаштарын бояйды немесе әртүрлі дәрілермен шаштарының түстерін ашады. Бұлар жаиз ба?

Жауап: Бәрі жаиз. Бірақ бөтендерге көрсете алмайды. Бөтен еркектерге көрсетпеу шартымен әйелдің әртүрлі сәнденуі жаиз. Күйеуіне сәндену сүннет, бөтен адамдар үшін сәндену харам болып табылады.

 

Еркектердің қына жағуы

Сұрақ: Еркекке шаш түспеуі немесе бас ауруына қарсы қына жағуы жаиз ба?

Жауап: Иә, жаиз. Емделу мақсаты жоқ болса жаиз емес.

 

Сұрақ: Қына ғұсыл мен дәретке кедергі болады ма?

Жауап: Кедергі емес. Қына сия сияқты, астына су өтеді.

 

Сұрақ: Қайтыс болған әйелдің басына қына қою жаиз ба?

Жауап: Иә.

 

Қынаны қайтадан жағу

Сұрақ: «Қына жағылған қолға қайтадан қына жағылса адам екі рет үйленеді» делініп жатады. Бұл дұрыс па?

Жауап: Жоқ, дұрыс емес, ойдан шығарылған ырым. Екі рет те, үш рет те жағуға болады. Тек күйеуі қайтыс болған әйел ғана иддет мерзімі біткенше қына жаға алмайды. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Күйеуі қайтыс болған әйел (иддеті біткенге дейін) сәнді киім кие алмайды, әшекей таға алмайды, қына және сүрме жақпайды.» (Мүслим)

Басқа тұрғыдан, қына әшекей болып табылады. Әйел қына жағылған қолын бөтен еркектерге көрсете алмайды. Ал еркек онсыз да сәндену үшін қына жаға алмайды.