12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Халал - Харам / Діндегі жеңілдік және шалбар кию

Діндегі жеңілдік және шалбар кию

Сұрақ: «Аллаһ сендерге қиындық жүктемеген» деген аяти карима бойынша, жеңілдік бар болғандықтан, әйелдердің шалбар киюінің жаиз (рұқсат) екендігі аңғарылады ма?

Жауап: Сіз және біз сияқтылар үшін бір аяти каримаға мағына беру жаиз емес. Әйелдің шалбар киюінің қиындықпен қандай қатысы бар? Ұқсау ниеті болмаса да, еркектің мойнына алқа, қолына білезік және құлағына сырға тағуы әйелдерге ұқсау болып саналады және жаиз болмайды. Әйелдің де, еркекке ұқсау ниеті болмаса да, шалбар киюі жаиз болмайды.

«Дінде жеңілдік бар» деп, біліп немесе білмей дінде жаңалық жасауға тырысып жүргендер шығуда. Дінімізде ифрат пен тәфриттің, яғни асыра сілтеудің орны жоқ. Дініміз орта жолда болуды әмір етеді. Хадис шәрифте былай делінген:

«Амалдардың қайырлысы – уасат (орташа) болғаны.» (Бәйһақи)

(Уасат – ифрат пен тәфриттен ұзақ болған орта жол деген сөз. Ифрат – қалыпты шамадан артық, тәфрит – қалыпты шамадан аз деген сөз. Мысалы, көп ұйықтау ифрат, тым аз ұйықтау тәфрит болады.)

Ифратқа асырып, шама жетпейтіндей түрде ғибадат етуге тырысу, мәселен түндерде мүлдем ұйықтамай намаз оқу, күндердің бәрін оразамен өткізу, жұбайынан ұзақ болу, ет, сүт, тәттілер сияқты нәрселерді мүлдем жемеу қою – жақсы мұсылман болу деген сөз емес.

Хадис шәрифте былай делінген:

«Мен сендерге оңай дінмен бірге жіберілдім. Дінімізде монахтық өмір деген нәрсе жоқ. Ет жеңдер, әйелдеріңмен бірге болыңдар! (Нәпіл) ораза да ұстаңдар! Ұстамаған күндерің де болсын! (Нәпіл) намаз да оқыңдар! Ұйықтаңдар да. Маған осылар әмір етілді.» (Табарани)

«Дін – жеңілдік. Дінде тым асырып жіберген адамды дін құлатады.» (Нәсаи)

Олай болса, ішіп-жеместен, ұйықтамастан ғибадат жасау қиын.

Қазіргі таңда ифратқа түскендер аз немесе мүлдем жоқ. Бірақ тәфритке түскендер көп. «Дінде жеңілдік бар» немесе «Оңайын істеп жатырмын» деп дінді бұзуға тырысатындар көп.

 

Бірнеше мысал:

Аяқтарға мәсі киіп, үстіне мәсіһ тартуға рұқсат бар деп, тырнақтарға лак жағып, үстіне мәсіһ тарту жаиз болмайды. Немесе қазіргі жұқа шұлықтарға мәсіһ тарту жаиз болмайды. Шұлыққа мәсіһ тарту оңайлық болса да, діннің әмірі өзгерген болады, ғибадат сахих болмайды.

Су табылмаған кезде тәйәммум жасау парыз. Бірақ діндегі реформашылардың айтып жүргеніндей, су тоқтағанда дереу тәйәммум алыңдар деу, діндегі жеңілдік емес, дінді өзгерту болады. Рамазан айы жазға тура келгенде ораза ұстамай, қысқа қалдыру да дінді өзгерту болады.

«Дінде жеңілдік бар» деп намаздарды уақытылы оқымай, бәрін жинап түнде жатарда оқу да дінді өзгерту болады. «Дінде қинау жоқ, оңайлық бар» деу «Дініміз берген рұқсаттардан пайдаланыңдар» деген сөз. Әйтпесе «Әркім өзіне жаққан нәрселерді істесін, жақпаған нәрселерді істемесін, ғибадаттарды өз қалауына қарай өзгертсін, еркектер әйел киімін кисін, әйелдер еркек киімін кисін» деген сөз емес. Дінде ұсақ, кішкентай өзгеріс жасауға да ешкімнің хақысы жоқ.

Құран кәрімде де «Діндерін ойыншық және зауыққа айналдырған адамдардан аулақ жүр» делінген. (Әнам 70)

Сұрақ: Әйелдердің әйел шалбарын киюі харам ба?

Жауап: Пайғамбарымыз алейһиссалам былай деген:

«Әйелдің киімін киген еркекке, еркектің киімін киген әйелге лағнет болсын!» (Хаким)

«Еркекке ұқсауға тырысқан әйел, әйелге ұқсауға тырысқан еркек бізден емес.» (И.Ахмед)

«Әйел қылықты еркекке, еркек қылықты әйелге лағнет болсын!» (Бұхари)

«Еркектерге ұқсаған әйелдерге және әйелдерге ұқсаған еркектерге Аллаһ лағнет етсін!» (Табарани)

Әйелге ұқсау ниеті болмаса да, еркектің мойнына алқа, қолына білезік және құлағына сырға тағуы әйелдерге ұқсау болады және жаиз болмайды. Әйелдің де еркекке ұқсау ниеті болмаса да шалбар киюі жаиз болмайды. Шалбар – еркектің киімі.

"Сәадәти Әбәдийа" кітабында былай делінген:

«Тәрғиб-ус салаттағы хадис шәрифте: «Жабынған жалаңаштарға, еркек сияқты киінетін әйелдерге және әйел сияқты киінген, сәнденген еркектерге лағнет болсын» делінген. Әсіресе тырысқан шалбар кию еркектерге де жаиз емес. Өйткені қопал әурет жерлер сырттан белгілі болады. Бұдан басқа әйелдердің шалбар киюі бұрынғы замандарда да, қазір де Ислам әдеті емес. Ондай ұсқынсыздықтар дінсіздерден, Ислам діні бойынша киінуді білмейтіндерден келуде. Харамдар жайылып кетсе, орнығып қалса да, Ислам әдеті болмайды. Кәпірлерге ұқсаған адамның солардан болатындығы хадис шәрифте білдірілген. Шалбарды плащтың астынан киюге болатын болса да, плащтың астында шалбар жоқ сияқты етіп тізелерді жауып тұруы керек.»

Хадис шәрифте "жабынған жалаңаштар" деген тіркес өткен. Тырысқан тайт (лосины) кигендер киініп жабынып жүр деп айтуға бола ма? Тіпті астындағы іш киімі де байқалып тұрады. Әурет жерлері сырттан байқалып тұр. Шалбар да сондай. Хадис шәрифте былай делінген: «Әурет жерлерін ашқандарға және басқаның әурет жеріне қарағандарға Аллаһ лағнет етсін!» (Бәйһақи)

 

Сұрақ: “Орану тұрғысында алдымен қолыңнан не келсе, содан баста. Кейін уақыты келе толығырақ да істерсің. Істі ең мінсіз түрінен бастау қажет емес. Әйелдерге шалбар киюге болмайды дегендей үкім жоқ. Әйелдер артқы әуретін көрсетпейтіндей дәрежеде тырысқан тар шалбар кимеу керек, дененің силуэтын белгілі қылатындай түрде көрсетпеу керек. Мұндай шалбар еркек киімі болмайды, әйел киімі халіне кіреді. Ұнатқан орамалыңды да тақ. Бұларды келешекте қалағаның бойынша толықтыра аласың. Өйткені Аллаһтың расулы «Жеңілдетіңдер, қиын қылмаңдар» деген” деп жатады. Осы жөнінде түсіндірме жасап жібересіз бе?

Жауап: Шалбар – еркек киімі. Кең болғанын киюмен шалбар әйелдің киімі халіне кірмейді. Еркектің әйелге, ал әйелдің еркекке, қай түрде болса да, ұқсауға тырысуы жаиз емес. Мысалы, еркектің алқа, білезік, сырға тағуы әйелдерге ұқсау болады. Шалбар кию, еркек сияқты қырыну да еркекке ұқсау болады. Үш хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Әйел киімін киген еркекке, еркек киімін киген әйелге лағнет болсын!» (Хаким)

«Әйел қылықты еркекке, еркек қылықты әйелге лағнет болсын!» (Бұхари)

«Өзін еркекке ұқсатқан әйел жәннатқа кірмейді.» (Табарани)

Пайғамбарымыз алейһиссалам еркек кейіпіне еніп, найзамен қаруланған бір әйелді көрген кезде «Еркекке ұқсауға тырысқан әйелге, әйелге ұқсауға тырысқан еркекке лағнет болсын» деді. Аяқ-қолдарын қынамен бояп, әйелдерге ұқсауға тырысқан біреуді қуғынға жіберді. (Табарани, Әбу Дауд)

Дініміз осы мәселенің маңызын білдірген кезде «уақытымен толықтырарсың» деу де қате болады. Біздің міндетіміз, діннің әмірін қандай болса сондай қылып білдіру. Ол қалай мойынсұнса, қолынан келгенше мойынсұнады. Толығымен мойынсұнады, жартылай мойынсұнады немесе мүлдем мойынсұнбайды. Намазды енді бастаған адамға «Бес уақыт намаздың бәрін оқуың керек емес, қазірше күніне бір уақыт оқысаң да болады, уақыт өте толығырақ оқырсың» деуге болады ма? Бұл үмбетке діннің иесінен де көбірек мейірім көрсету тәрізді болу рахмани ма, әлде шайтани ма?

С.Әбәдийа кітабында «Шалбарды плащтың астынан киюге болатын болса да, ол плащ құтты шалбар жоқ сияқты етіп, тізелерді жауып тұруы керек» делінуі, шалбар киюге рұқсат беру деген сөз емес. Шалбар киюді қажет ететіндей жағдайларда, ең болмағанда осылай киюге болады деген сөз. Осылай киетін болса, шалбар еркектің киімі болудан шықпайды, тек сыртқа көрініп тұрмағандықтан ғана кию жаиз болады. Алтын жүзіктің сырты күміс жалатылса, алтын көрінбегендіктен қолданылуының жаиз болуы да дәл осы үкімге сүйенеді. Адамның «Еркек киімі әйел киімі халіне енеді» деп айтуы үлкен қателік. Еркек емделу ниетімен қоына білезік, алқа қолданса, бұлар әйелдің әшекейі болудан шығыпқалмайды, бірақ емделу мақсаты болғандықтан еркекке де уақытша жаиз болады. Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар деген сөз, ыңғайларыңа келгенін істеңдер, дінді қалағандарыңдай өзгертіңдер деген сөз емес. Дініміз қолдаған рұқсаттардан пайдаланыңдар, тым асырып жібермеңдер, фитнаға себеп болмаңдар деген сөз. Әйтпесе «Әркім ұнатқан нәрселерін істесін, ұнатпағандарын істемесін, ғибадаттарды қалағаны бойынша өзгертсін» деген сөз емес. Жеңілдіктің өлшемі қандай? Біреуге оңай болған нәрсе басқаға қиын болуы мүмкін. Егер кімге не нәрсе оңай болса соны істесін деген ережемен кететін болсақ, дінді әр адамға сай өзгертуге тура келеді. Онда, діннің не қажеті бар? Діндегі әмірлер мен тыйымдар не үшін білдірілді? Әстағфируллаһ, діннің ережелері қажетсіз, бекер білдірілді ме? Ыңғайыма осылай келеді деп, дінде аздаған өзгеріс жасау – дінді өзгерту болады.

Илмихалда «Шалбар – өте кең болғандықтан, әдет болған жерлерде әйелдер үшін жабынудың жақсы түрі болса да, әдет болмаған жерлерде фитнаға себеп болса, кию жаиз болмайды» делінеді. Демек, әрі діннің әміріне бағынамыз, әрі фитна шығарудан сақтанамыз.

 

Қыз бала және шалбар

Сұрақ: Жеті жастан кіші болған қыздардың үйде шалбар киюі жаиз ба?

Жауап: Иә.

 

Үйде трико кию

Сұрақ: Әйелдердің үйде шалбар киіп жүруіне болады ма?

Жауап: Шалбар – еркек киімі. Үйде де киюге болмайды, юбканың астынан трико киюге болады.