8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Кейін істеймін дейтіндер

Кейін істеймін дейтіндер

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Бұл дүние – фәни (өткінші). Адам бұл дүниеде кедей, бейшара болса, қайғыруға тұрмайды. Керісінше, зәулім ғимараттарда, молшылықта өмір сүрсе де, қуануға тұрмайды. Зәулім сарайлар соқтырған көптеген адамдар бар, зәулім сарайлары орнында тұр, бірақ өздері жоқ, қайтыс болып кеткен. Имам Әбу Юсуф, халифа Харун Рашидқа кеңесі ретінде былай деген:

«Бүгіннің тірлігін ертеңге қалдырма, әйтпесе істеріңді зая қылған боласың. Ажал келгеннен кейін ешқандай іс те, ғибадат та жасай алмайсың. Екі істен ахирет үшін болғанын таңда! Өйткені ахирет мәңгі, ал дүние өткінші. Дүние де, дүниедегілер де жоқ болады. Ал ахирет – мәңгі қалатын жер. Ертең Аллаһтың алдына дұшпан болып шықпа! Мынаны жақсылап біліп ал, Аллаһу та’ала пенделерін атақ-даңқы мен мансабына қарап емес, амалдарына қарап есепке тартады. Аллаһу та’ала ескертіп жатыр, сондықтан абай бол! Себебі, сен бекер, бостан-босқа жаратылмадың, осы себептен де бос қалдырылмайсың. Күмәнсіз, істегендерің үшін есепке тартыласың. Пайғамбарымыз алейһиссалам «Қияметте әркім мына төрт сұраққа жауап бермегенше есептен құтыла алмайды: Өмірін қайда, қалай өткізді? Білімімен қалай амал етті? Мал-мүлкін қайдан, қалай тапты және қайда жұмсады? Денесін қайда шаршатты, қайда қажытты?» деген. Осы сұрақтардың жауабын дайында!»

Адам өлген кезінде дүниелік ретінде қол жеткізген нәрселерінің бәрі дүниеде қалады. Тіпті ауыр ауруға шалдыққан кезде де мал-мүлік, бала-шаға демей, «Менің жағдайым қандай болады екен?» деп өзін ойлайды. Егер де өлім міндетті түрде келетін болса, онда неліктен жағдайымызды ойлауды кейінге қалдырамыз?

Соңғы демде иманмен кеткіміз келеді. Соңғы деміміздің де қашан келетінін білмейміз, кезкелген сәтте болуы мүмкін. Олай болса нені күтеміз? Қазірден Аллаһ деуді, барлық нәрсені Аллаһ үшін істеуді бастайық. Сүйікті пайғамбарымыз «Һәләкәл мусәууифун», яғни «Кейін істеймін дегендер құрыды» деген. Бұл нәрсе «Діннің әмір мен тыйымдарын кейінге қалдырғандар құрыды» деген сөз. Аллаһу та’аланы ұмыттыратын мал-мүлік, мансап және атақ-даңқтардың бәрі дүниелік болады, бірақ Оның разылығына лайықты түрде қол жеткізіп, қолданылғандары дүниелік болмайды. Дүниелік нәрселердің қандай қадірі бар? Өкінішке орай, қазір адамдар дүниелік істерін бірінші орынға қояды, ал ахирет істерін кейінгі орынға қойып жүр. Алайда барлық нәрсенің басы – бірінші дәрежеде маңызды болған, Аллаһу та’аланың сүйіспеншілігіне, разылығына қол жеткізу және Оның әмірлері мен тыйымдарына бағыну болып табылады.