7 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     8 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Намазға мән беріңдер, әйелдеріңді ренжітпеңдер!

Намазға мән беріңдер, әйелдеріңді ренжітпеңдер!

Әһли хикмет ғұламалары былай деген:

Мейірім иманнан туындайды. Бұл дін осы күнге дейін мейірім арқылы жетіп келген. Бір адам сүйікті пайғамбарымыздың немерелері хазреті Хасан мен хазреті Хусейнді сүйгенін көріп: «Йа Расулаллаһ! Менің он балам бар. Бірақ ешбірін сүйген емеспін» дейді. Пайғамбарымыз: «Мейірім жасамаған адам мейірімге қауыша алмайды» деді. Хазреті Мәулана да бір шәкіртіне ақша беріп: «Маған бір нан алып кел» деп жібереді. Нанды алып келгеннен кейін рахмет айтып, жолға шығады. Шәкірті де артынан жүреді. Хазреті Мәулана бір үңгірге кіреді. Ол жерде балалаған және аштықтан өлетіндей дәрежеге келген итке нанды суға батырып жегізеді. Шығарда әлгі шәкіртімен кездесіп қалады. Таңданыспен қарап тұрған шәкіртіне «Жер жүзіндегі барлық жандыларға мейірімділік жасаңдар, сонда мейірімге қауышасыңдар» деген мағынадағы хадис шәрифті айтады.

Сүйікті пайғамбарымыздың қайтыс боларда айтқан соңғы насихаты: «Намазға берік болыңдар, әйелдеріңді ренжітпеңдер!» болған. Жұбайымыз, бала-шағамыз – Аллаһу та’аланың бізге берген аманаты. Болмашы нәрселер үшін оларды ренжітпеу керек. Оларға илмихалдан Әһли сүннет сенімін, дініміздің әмірлері мен тыйымдарын, намазды, Құран кәрімді үйрету керек. Егер оранған және намаз оқып жүрген болса, мұны үлкен ниғмет деп білу керек. Дінімізді жақсы көргізе алмасақ және ғибадаттарды орындата алмасақ, тозаққа түсуіне себепкер боламыз. Адам өз жанұясына қалайша мейірімділік жасамайды, қалайша бала-шағасын тозаққа тастайды?

Намаз – нұр. Намазсыз өткен өмір үлкен шығын. Сүйікті пайғамбарымыз миғражда бір топ адамдарды көреді, бұлар лайға түсіп, балшықты үстілеріне, бастарына жағады. Одан кейін лайдан шығып, жуынып тап-таза болады және бұл жағдай осылайша жалғаса береді. Пайғамбарымыз «Ей бауырым Жәбрейл, бұл адамдар не істеп жатыр? Кім бұлар?» деп сұрайды. Жәбрейл алейһиссалам «Йа Расулаллаһ, бұлар сенің үмбетің. Таң намазынан бесінге дейін күнә істейді, яғни лайға батады. Содан соң рахмет-и илаһи (Аллаһу та’аланың мейірімі) нәтижесінде бір дәрет алады, намаз оқиды, тәубе етеді. Содан кейін екіндіге дейін қайтадан әр түрлі күнәлар істейді. Бірақ бір дәрет алады, намазға тұрады, тәубе-истиғфар етеді, Хақ та’ала бұларды тап-таза қылады. Әр уақыт намазбен осылайша тазаланады. Өмір осылай өтеді» деген жауап қайтарады. Осы себептен намазды ешқашан қалдырмау керек!