2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Кәміл адам қандай болады?

Кәміл адам қандай болады?

Сұрақ: Мұсылман ретінде адамдармен қандай қарым-қатынаста болуымыз керек?

Жауап: Барлық адам айналасында және жұмыс орнында мінездері әр түрлі болған түрлі адамдармен кездеседі. Мұсылман ретінде олардың алдындағы әрекеттерімізді білуіміз керек. Имам Ғазали хазреттері адамдарды төртке бөлген:

1) Ішіп-жеу және рахаттанудан басқа ештеңе білмейтіндер.

2) Айналасына ауыртпашылық, зұлымдық көрсететін адамдар.

3) Қулықпен, айламен айналасындағыларды алдайтындар.

4) Жақсы мінезді болған шынайы мұсылмандар.

Ұмытпау керек, әр адамның жүрегінен Аллаһу та’алаға баратын бір жол бар. Бүкіл мәселе – осы жолдан Ислам нұрының адамдарға жайылуы. Бұл нұрды жүрегінде сезген адам қай топтан болса да, істеген жамандықтарына өкінеді және дұрыс жолды табады.

Егер бүкіл адамдар Ислам дінін қабылдаса, әлемде жамандық, қулық, соғыс, анархия және зұлымдық қалмайтын еді. Сондықтан, шынайы және кәміл мұсылман болуға тырысу, мұсылмандықтың негізі мен нәзіктіктерін көрсету, өзіміз де осыған сай өмір сүріп бүкіл әлемге жаю – әркімнің мойнына жүктелген борыш болып табылады. Мұны орындау жиһад болады.

Қай діннен болса да, бүкіл адамдарға дініміз бұйырғандай әрдайым жылы сөзбен және түсінушілікпен қарау керек. Мұсылман болмаған адамның бетіне «кәпір, дінсіз» деп оны ренжітудің күнә болатындығы, бұлай айтқандардың жазалануы керектігі фиқһ кітаптарында жазылған. Мақсат – баршаға Ислам дінінің ұлылығын түсіндіру. Ал бұл жиһад жылы сөзбен, сабырмен, ілім және иманмен орындалады.

Бір адамды бір нәрсеге сендіргісі келгендердің алдымен өзінің бұған сенуі шарт. Ал мүмин, ешқашан сабырын жоғалтпайды және неге сенетінін айтып беруде қиналмайды. Ислам дініндей ашық және дұрыс болған басқа ешқандай дін жоқ. Бұл діннің негізін түсінген адам кез келген адамға бұл діннің жалғыз хақ дін екендігін оңайлықпен анықтап бере алады.

Кәпір болу, яғни мұсылман болмау – әр заманда және барлық жерде жаман. Себебі, күпір – адамды дүние мен ахиретте пәлекетке жетелейтін зиянды сенім және қате өмір сүру салты. Сонымен қатар, басқа діннен болған адамдардың бәрін жаман мінезді адам деп қабылдамау керек. Араларында жақсылыққа бейім болған адамдар да болуы мүмкін.

Аллаһу та’ала Ислам дінін адамдардың өмірде рахаттық пен бақыт ішінде, бауырмашылықпен өмір сүру және ахиретте шексіз азаптардан құтылулары үшін жіберген. Кәпірлер, яғни мұсылман болмағандар – осы бақыт жолынан мақрұм қалған бейшара адамдар. Оларға жанашырлық таныту және ренжітпеу керек! Оларды ғайбаттау да харам болып табылады. Олар – шайтан немесе мұсылмандықтан хабары болмағандар тарапынан алданған бейшара адамдар. Олардың көбі Аллаһу та’аланың разылығына қауышамын деген оймен қате жолға түскен адамдар. Біз оларға сабырмен, жылы сөзбен, ақылмен дұрыс жолды көрсетуіміз керек!

Ислам діні ұлт, нәсіл, саяси пікір, тіл және білім дәрежесін ажыратпастан, әр адамның жеке өзін құрметтейді. Әркім бірдей хақтарға, бірдей құрметке ие. Ислам, жеке адамның, белгілі бір қоғамның, тіпті тек мұсылмандардың ғана емес, бүкіл адамзаттың еркін және мәдени өмір сүру дәрежесіне жетуін бұйырады. Осы себептерден, шетелде де мұсылмандық жайылуда. Аллаһу та’ала Құран кәрімде бүкіл адамдарды дұрыс жолға шақыруда. Дұрыс жолға қауышқан адамның өткен барлық күнәларының кешіретіндігіне сөз берген.