19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Мазһаб және Мазһабсыздық / Исламды қиратуға арналған айлалар

Исламды қиратуға арналған айлалар

Сұрақ: Бүгінгі таңда дұшпандар жақтан Ислам дінін құлату үшін қандай шаралар қолданылуда?

Жауап: Жауыз ниеттіліердің жоспарлары мен ойындары көп. Бірақ әсіресе, бұрыңғы ғалымдарға деген сенімді жою, сол арқылы осы ғалымдар жеткізген хадистерді де ойдан шығарылған деп жариялау, одан кейін Құран кәрімді бұрмалап қате мағына шығару арқылы дінді құлату методы қазіргі таңда барынша жүргізіліп жатыр. Ішкі және сыртқы дұшпандардың алғашқы мақсаты – бұрыңғы ғалымдарға деген сенімді жою. Бұл сенім жойылса, «Хадистерді онсыз да олар жеткізген, олар надан еді, технологиядан хабары жоқ» деп хадистерге деген сенімді де жояды. Хадистерге деген сенім жойылса, Құран кәрімге деген сенімді жою оңай болады. Елдің иманын бұзу мақсатында жүргізіліп жатқан істердің басында мазһабтардың үкімдерін бір-біріне араластырып, елді мазһабсыз қылу; Сахабаларға деген сенімнен айыру; халифаларды төмен көрсету; ижтихад есігін бұзып ашу; елдіхадистерге деген сенімнен айыру; Құран кәрімнің өзін емес, аудармасын оқуға ынтықтыру сияқты шаралар тұр.

Миссионерлердің және дін дұшпандарының алғашқы мақсаты – халықты ғалымдармен байланыстыратын көпірді құлату. Бұл көпір қираса, келесі өткелдерден өту онсыз да мүмкін болмайды. Бұқаралық ақпарат құралдарында тоқтамастан бұрыңғы ғалымдардың надан болғаны, технологияны білмегендігінен қате үкімдер шығарғаны жайлы сайрап, олардың орнына осы дәуірдегі кейбір шет елдерде тұратын секта басшылары "шейх" деген атақпен халықымызға ұсынылып отыр. Алайда, бұрын өткен ғалымдардың кейін келетіндерден әлдеқайда ілімді екендігін пайғамбарымыздың өзі айтқан:

«Ең жақсы адамдар – менің ғасырымдағы мұсылмандар (Асхаби кирам-сахабалар). Олардан кейін ең жақсылар – олардан кейін келетіндер (Табииндер). Ал олардан кейін ең жақсылар – одан кейін келетіндер (Табә-и табииндер). Олардан кейін келетіндер арасында өтірік жайылады.» (Бұхари)

«Әр ғасыр алдыңғысына қарағанда бұзылған болады. Осылайша қияметке дейін бұзылып бара береді.» (Хадиқа)

«Бір ғалым қайтыс болса, Ислам дінінде бір саңылау ашылады. Қияметке дейін бұл саңылау жабыла алмайды.» (Дәйләми)

Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) кейіннен келген опасыздардың алдыңғы ғалымдарды жамандайтындығын мұғжизасымен білгендіктен,  «Ақыр заманда келетіндер өздерінен бұрын өмір сүрген ғалымдарды надандықпен айыптайды» деді. (Ибн Асакир)

Алдыңғы ғалымдар өте құрметті. Екі аяттың мағынасы:

«Бұл мысалдарды тек ғалымдар түсінеді.» (Анкебут 43)

«Білмесеңдер, ғалымдардан сұраңдар!» (Нахл 43)

Тағы үш хадис шәриф:

«Ғалымдарға бағыныңдар!» (Дәйләми)

«Ғалымдар менің және басқа да нәбилердің мұрагерлері.» (Әбу Нуайм)

«Ғалымдар – құтылудың жол көрсетушісі.» (Ибн Нәжжар)

Асхаби кирам жамандалатын болса, хадис шәрифтерді жинақтаған олар болғандықтан, хадис шәрифтерге дақ түскен болады. Құран кәрімді де олар жинақтағандықтан, дәл осы дақҚұран кәрімге де тигізілген болады. Бүгінгі таңда елімізде «Кейбір аяттарды ешкі жеді» деген дүмшелер мен бірге «Құрандар арасында хазреті Әлидегі мусхаф құндырақ еді» дейтін ирандық шииттердің ұйымдары да аз емес.

Аят пен хадистерге дақ тигізу мақсатымен сахабаларға тіл тигізіліп жатыр. Алайда, сахабалар барлық тұрғыдан үстем, барлық тұрғыдан ғалым және бәрі де жәннаттық. Бір аяти кариманың мағынасы: «Меккенің алынуынан бұрын Аллаһ үшін мал-мүлік берген және соғысқан сахабалардың дәрежелері, жеңістен кейін Аллаһ үшін берген және соғысқан сахабалардан жоғарырақ. Бәрінің дәрежелері бірдей емес, бірақ бәріне Хуснаға (жәннатқа) кіретініне сөз беремін.» (Хадид 10)

Бір хадис шәриф: «Сахабаларым жындар мен адамдардың бәрінен де үстем.» (Бәззар)

Барша адамдардың ең үстемі болған осы ұлы тұлғаларға қалайша тіл тигізуге болады?

Шииттер «Мұсылман мұсылманмен соғыспайды» деп хазреті Әлимен соғысқан сахабаларға кәпір дейді. Алайда екі мұсылман әскердің соғысуы мүмкін екені Құран кәрімде білдірілген. Екі тарапқа да кәпір делінбейді, өйткені Құран кәрімде: «Егер мүминдерден екі топ бір-бірімен соғысса, оларды татуластырыңдар!» делінген. (Хужурат 9)

Мұсылмандарды мазһабсыз болуға шақырытын ислам дұшпандары да сахабаларға және ғалымдарға деген сенімді жоюды үлкен мақсат қылғандықтан, хадис шәрифтердің көбіне «ойдан шығарылған» немесе «кім жеткізгені белгісіз» деп, абыройсыздандыруға тырысып жатыр. Олар көптеген хадис шәрифтерді «ойдан шығарылған, әлсіз, өтірік» деп жариялайды. Осылайша бұларды жеткізген ғалымдарға да тіл тигізілді, өйткені хадисті ойдан шығарудың жауапкершілігі ауыр. Бір хадис шәрифте «Хадисті ойдан шығарған адам тозақтағы орнына дайындалсын» делінген. Бір хадис жайлы «Бұл ойдан шығарылған» деген тентек хадистерді жеткізген хадис ғалымдарының (астағфируллаһ) тозақтық екенін айтқан болады.

Құран кәрімнің түсіндірмесі болған хадистер осылай айыпталып, "жалғыз Құранға сену керек. Қалғандарына сенім жоқ" деген түсінік қалыптастырылуда. Ол іске асқаннан кейін мазһабсыздар Құран кәрімге қалағанындай мағына беріп, «Намаз бес емес үш уақыт, хижаб парыз емес, ата-баба кәпір болған, тауықпен балықты құрбандыққа шалуға болады» деген сияқты сандырақтарды жариялайды. «Ораза кафараты деген нәрсе жоқ» деуі де мүмкін. Сол себепті елге ғибадаттардың ережелерін үйрететін фиқһ және мәселе кітаптарын оқытпай елдің бәрін жалғыз Құран аудармасын оқуға жұмылдырып жатыр. Осылайша олар ел арасында әр түрлі көзқарастардың пайда болуына, яғни діндегі анархияға жол ашпақты көздеуде. Бұл ойындарға алданбау керек.

Бұл дәуірдің дін дұшпандары "Құдай жоқ, пайғамбар болмаған" демейді. Керісінше "Құдай не пайғамбар олай демеген былай деген" деп хадис шәрифтерге қайшы не бар болса, қысылмай сандырақтайды. Құран кәрімді қате тәпсірлеп, жаңа көзқарастар шығару жолымен дінді бұзуға және құлатуға тырысады. Бұл мансапқұмарлардың бір бөлігі мазһабтардың үкімдерін араластырып, елдің бәрін мазһабсыз қылғысы келеді. Масон Абдухтың шәкірті Рашид Риза және олардың жолындағы мазһабсыздар мазһабтарға қарсы шабуылдап жатыр. Ибн Таймия, Насыр Албани секілді сектантардың ізімен жүретін дүмшелер де мазһабтарға соғыс ашуда. Алайда төрт хақ мазһабты ұстанатын мұсылмандар бірбірлерінің бауырлары. Төрт мазһаб та бауырлас. Бірінде орындалуы қиын болған амал екіншісі бойынша орындалады. Осы себептен пайғамбарымыз «Ғалымдардың әр түрлі ижтиһадтары (амалдағы мазһабтарға бөлінуі) – Аллаһтың сендерге деген мейірімі» – деген. (Бәйһақи)

Мансапқұмарлардың бір бөлігі ғасырлар бойы келген халифалардың шынайы халифа болмағаны, олардың халифалығының сахих екенін айтқан мыңдаған ғалымдардың да шынайы ғалым еместігі және де бұл ғалымдардың сөздеріне сенуге болмайтындығы жайында жаман ниетті сөздерін жаюды қалайды. Ғалымдарға деген сенім жоғалса, олар білдірген дінге де сенім қалмайды.

Қазіргі мазһабсыздар да артта қалуымызды жаңадан ижтиһад жасамауымызға сілтеп жатыр. «Қазіргі заманның шарттарына қарай ғибадаттарды басынан жөндеп шығу керек» дейтін тентектер де аз емес. Алайда дініміз кем емес. Құран кәрімде «Діндеріңді толық қылдым» делінген. (Маида 3)

 

Дін заманға қарай өзгермейді

Діни ғибадаттар заманның шарттарына қарай өзгермейді. Дін кем емес. Кем делінетін болса, Аллаһу та'аланың «Діндеріңді толық қылдым» сөзі (астағфируллаһ) өтірікке шығарылған болады. Мазһабсыздар дінімізді заманның шарттарына қарай өзгертуге күш жұмсап жатыр.

Миссионерлікті жамылғандар: «Құран түскен кезде яһуди және христиандар кәпір болғандығынан, мұсылман болу үшін Лә илаһә иллаллаһ Мухаммадун Расулуллаһ деп айту шарт еді, ал қазір тек Лә илаһә иллаллаһ деп айту жеткілікті. Осылай сенетін адамға Исауи мұсылман, Мусауи мұсылман делінеді» дейді. Ислам дінін іштен құлату үшін түрлі ойындар ойналып жатыр.

Дін дұшпандарының осындай ойындарына білмей құрал болу ғафлет, біліп құрал болу опасыздық болмайды ма?