8 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     10 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Орнынан тұру

Орнынан тұру

Сұрақ: Пайғамбарымыздың өзі келгенде орнынан тұруға тыйым салғандығы айтылып жатады. Онда кімдерге орнымыздан тұруымыз жаиз болады?

Жауап: Ата-анамызға, ұстазымызға, ғалымға, әмірімізге (бастығымызға), сәйидтер мен шәрифтерге орнымыздан тұруымыз керек.

Пайғамбарымызды (алейһиссалам) көргендер орнынан тұрған кездерінде, оларға: «Өзгелердің бір-бірін құрметтеу ретінде тұрғанындай мен үшін орындарыңнан тұрмаңдар! Мен де сендер сияқты адаммын. Бәрі сияқты ішіп-жеймін және шаршағанда отырамын» деді. (Баршаға қажетті иман кітабы)

Өзіне қатысты осылай бұйырған болса да, орнынан тұру керек болатын жағдайларды да білдірген. Хазреті Омар риуаят еткен бір хадис шәрифте былай делінеді:

«Мына бес адам үшін орнынан тұру керек! Ата-анаға, сендерге Құран кәрім үйреткен ұстазға, білімін құрметтеу үшін ғалымға, құрметтері жоғары болғандықтан сәйидтерге және әділеттігі себебімен әділ сұлтанға (басқарушыға) (М.Чихар-и Йари Гузин)

Сахабалардың Ансарлары жиналып отырған жерге бастықтары болған Сад бин Муаз хазреттері келгенде, Расулуллаһ алейһиссалам «Бастықтарың үшін орындарыңнан тұрыңдар!» деп бұйырды. (Пайдалы мағлұматтар)

Бір хадис шәрифте де былай делінеді:

«Құрайш үшін орындарыңнан тұрмаңдар. Тек Хасан мен Хусейн және олардың ұрпақтарын (сәйидтер мен шәрифтерді) санамағанда.» (Хатиб)

Мәрак-ил фәлах кітабында былай делінеді:

Үлкен адам келген кезде орнынан тұру, келген адам тұруды ұнатпаса, мәкрух болмайды. Бәрінің орнынан тұрғанын ұнатса, өзіне мәкрух болады. Жамандығынан қорқып орнынан тұрғандарға мәкрух болмайды. Кетіп бара жатқандағы орнынан тұру да осындай. Ғалымның және әділ басқарушының, ата-ананың қолдарын сүюге болады. (Ислам Ахлақы)

Бұл жерден басқа үлкендерге де орнынан тұрудың жаиз екендігі аңғарылуда.