Құтылатын топ
Әһли хикмет ғұламалар былай деген: «Үмбетім 73 жолға бөлінеді, 72-сі тозаққа түседі» хадис шәрифінде айтылған адасқан топтар Құран кәрімге қате мағына бергені, өз көзқарастарын дін деп ұстанғандарының кесірінен тозаққа кетеді. Хадис шәрифтің жалғасында: «Олардың бірі құтылады, ол топ – маған және сахабаларыма бағынғандар» делінеді. Тек қана «Маған» емес, «Маған және сахабаларыма» делінген. Әрине үлкен ғалымды тек оның шәкірттері дұрыс түсініп, дұрыс айтып бере алады. Дәл солай сахабалар да Расулуллаһ алейһиссаламның шәкірттері, олар пайғамбарымыздан естігендерін өз күйінше жеткізді. Бұл жолдың негізі осы. Имам Раббани хазреттері білімдердің қайнары және екінші мың жылдықтың мүжәддиді болуына қарамастан, «Мен тотықұспын, ұстазым не айтқан болса, соны сөйлеймін. Әйтпесе, мен ұстазымнан бұларды естімесем, қалай сөйлеймін?» деген. Сәйид Абдулхаким Арваси хазреттері де «Біз ол үлкен ғалымдардың алдында тұрсақ та есепке алынбаймыз, жоқ болсақ ізделмейміз. Олар өте үлкен тұлғалар» деген. Адамның білімі артқан сайын Аллаһты тануы артады, тануы артқан сайын әдебі мен қорқуы артады. Шынында, Құран кәрімде «Аллаһу та'аладан ең қатты қорқатындарың – Оны ең жақсы танығандарың» делінеді. Оны ең жақсы танығандар – Ислам ғалымдары.
Екі үлкен парыз Бізге дейін жан-тәнмен, мал-мүлікпен, үлкен еңбек және қиыншылықпен келген Әһли сүннет байрағын міндетті түрде бізден кейінгі ұрпаққа да жеткізуге мәжбүрміз. Егер бұл міндетті орындауға мән бермей немқұрайлы қарасақ, ахиретте мұның есебін мүлдем бере алмаймыз. Өйткені мойнымызда екі үлкен парыз бар: 1) Үйрену, 2) Үйрету... Әрине дінімізді үйренеміз, бірақ бізден кейінгілерге де үйретуге мәжбүрміз. Білім беретіндей дәрежеде ғалым емеспіз, бірақ міндетіміз Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын Аллаһтың құлдарына жеткізу. Бұл кітаптардың әрбірі жеке хат сияқты. Бізге қатысты болғанын ашып оқып, қажет болғанын орындаймыз. Ал басқаларға тиесілі мәліметтерді ашып оқымастан, пошташы сияқты алып барып, иесіне береміз. Өзгенің хатын ашып, оған соны түсіндіруге тырыссақ, әрі өзімізді, әрі басқаларды бұзамыз. Яғни кітаптағыларды өзіміз түсіндіруге тырыспай, кітап беруіміз керек, қалғанына араласпаған жөн. |