8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Құрбандық / Құрбандық шалуда бай болудың өлшемі

Құрбандық шалуда бай болудың өлшемі

Сұрақ: Құрбандық шалуда байлықтың мөлшері қандай болу керек?

Жауап: Мұны бірнеше бөлім түрінде білдірейік:

1- Пітір және құрбандық нисабы (байлық мөлшері) – 20 мисқал яғни 96 гр алтын немесе құны осыған шақ ақша және қажеттілік заттарға жатпайтын мал-мүліктер. Пітір және құрбандық нисабына ие болған адам бай деп саналады. Мұндай адамның пітір беруі уәжіп болып табылады. Мүкәлләф болса, яғни ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған және муқим (жергілікті) болса тек өзі үшін құрбандық шалуы уәжіп болады. Мұндай адамның зекет алуы харам болады және кедей болған махрем әйел туысына және жұмыс істей алмайтын еркек туысына көмектесуі уәжіп болады.

2- Мирас және мәхр мүліктері нисаб есебіне қосылады. Нисаб мөлшеріне ие болған күннен бір жыл өткеннен кейін тек сол жылдың зекеті беріледі.

3- Қажеттілік заттардан және қарыздардан артық зекет нисабындай мал-мүлкі немесе ақшасы бар болған әрбір еркін мұсылманның құрбандық шалуы уәжіп болып табылады. Құрбандықтың нисабы және заттардың құны алтын және күміспен анықталады.

4- Құрбандық нисабына қосылатын мүліктің сауда үшін болуы шарт емес және қолда бір жыл қалған болуы да керек емес.

Берілетін қарыздар (берешектер) келетін қарыздардан (алашақтардан) және қолдағы бар ақшадан және мал-мүліктен алынады. Қалған алашақтар зекеттегі секілді құрбандық нисабына қосылады.

5- Қажеттілік заттар құрбандық нисабына қосылмайды. Қажеттілік заттар дегеніміз құны қанша көп болса да бір үй, бір айлық азық-түлік, бір жылдық үйдегі үш топ киім, киімдер, үйде қолданылатын заттар және құралдар, мінетін көлік, кәсіптік кітаптары және төлейтін қарыздары. Бұлардың бар болуы да шарт емес. Егер бар болса, зекет, пітір және құрбандық үшін нисаб мөлшерінің есебіне қосылмайды.

6- Сауда үшін болмаған, қажеттілігінен артық заттар, жалға берілген үйлер, үйіндегі сәндік бұйымдар, жерге төселмеген кілемдер, қолданылмайтын артық үй заттары, қолөнер және сауда-саттық құралдары, қажеттілік заттарға жатпайды. Яғни бұлар құрбандық нисабына қосылады. Барлығының құнын есептегенде 96 гр алтынның құнына шақ келсе мұндай адамның құрбандық шалуы уәжіп болады. Тұратын үйі үлкен болып қолданылмайтын бөлмелері бар болса да бұлар нисаб мөлшеріне қосылмайды.

7- Әйелдердің інжу-маржандары және әр түрлі сәндік бұйымдары құрбандық нисабына қосылады.

8- Компьютер, телефон, тапанша, үнтаспа, кассета, CD, DVD, сағат, тоңазытқыш, кіржуғыш машина, ыдыс жуатын машина, шаңсорғыш, құнды діни жазу, люстра секілді үй заттары қолданылатыны үшін құрбандық нисабына қосылмайды. Еш қолданылмай бір шетте тұрған ескі, жаңа үй заттары нисапқа қосылады.

9- Нисаб құндылығында Құран кәрімді, хадис, фиқһ және басқа да ілім кітаптары бар кісі бұларды оқып жүрген болса нисапқа қоспайды. Оқымай жүрген болса, оқуды білмейтін болса қосады.

10- Үйде қолданылмайтын заттар нисаб мөлшерінен асатын болса құрбандық шалуы уәжіп болады. Мәселен жасау ретінде алынған заттар кімдікі болса сол адам құрбандық шалады. Әкесі қызына жасау ретінде алып қызына әлі сыйға бермеген болса, жасау әлі әкесінікі болып саналады. Әкесінің құрбандық шалуы керек болады. Берген болса қызының құрбандық шалуы керек болады. Жасау нисаб мөлшеріндей болса осылай болады.

11- Бір жылдық үйдегі үш топ киім қажеттілік затқа жатады. Одан артығы ескі болса да нисапқа қосылады. Қолданылмайтын ескі үй заттары, ыдыстар да құрбандық нисабына қосылады. (Үш топ киім дегеніміз үш костюм, үш шалбар, бір пальто, үш көйлек, үш майка, үш іш киім және бір жемпір деген сөз. Бұдан артығы нисаб мөлшеріне қосылады.)

12- Бір үйі болған әйел бай деп саналады, онда тұрса да, тұрмаса да құрбандық шалуы керек болады. Бір үйі болған еркек бай деп саналмайды. Бірақ әйелі үшін үйі нафақа болып саналмайды. Күйеуі оған бір үй тауып тұрғызуға міндетті. Бірақ әйелдің күйеуі жоқ болса тұратын үйі нафақа болып саналады.

13- Біреуі жаздық, біреуі қыстық екі үйі бар адамның құрбан шалуы керек болады.

 

Алынуы күмәнді болған қарыздар

Сұрақ: Бір адам маған нисаб мөлшерінен асатын ақша қарыз, қашан қайтаратыны белгісіз, өзім ешкімге қарыз емеспін, мен бұл қарыздағы ақшаларымды нисап есебіне қосуым керек пе, зекетін беруім, құрбандық шалуым керек пе?

Жауап: Қолхатқа сүйенілген, құжатпен бекітілген немесе мен саған қарыз емеспін деп жоққа шығарылмаған қарыздар банкрот болған адамда немесе кедейде болса да нисаб есебіне қосылады. Қайтарған кезде өткен жылдардың зекеті беріледі. Егер құрбандық шалуға жететіндей ақшаңыз бар болса құрбандық шалуыңыз керек.

Хазреті Ибни Абидин былай деген:

«Фирмада мал-мүлкі көп болып бірақ оны ала алмайтын адамның, құрбандық союға жететіндей қаражаты бар болса құрбандық шалады.»

 

Сұрақ: Жарнамалық фирмам бар. Тапсырысқа қарай жарнама дайындаймыз. Жарнамалық ролик жасаймыз, аударма жұмыстары, веб сайттар дайындаймыз. Істейтін жұмысымыз және жұмыс соңында алатын ақшамыз келісім-шартта жазылады. Бұл ақшаны зекет және құрбандық нисабына қосуым керек пе?

Жауап: Жоқ. Тек келісілген жұмысты орындап бітіп тапсырғаннан кейін ғана алынған қаражат зекет және құрбандық нисабына қосылады. Жұмысты бітіріп қолдарына тапсырмай тұрып бұл қаражаттар нисапқа қосылмайды.

 

Сұрақ: Құрбандық нисабы 96 гр алтын. Бірақ не үшін кейбіреулер 80 гр деп айтып жүр. Егер 80 гр болса менің жағдайым нисаб мөлшеріне жетіп тұр. Енді маған құрбандық сою уәжіп бола ма?

Жауап: Нақлды негізге алмағандықтан осындай қате пікірлер шығарады. Қарыздарыңызды бөліп алғаннан кейін нисаб мөлшеріңіз 96 гр жетсе құрбандық союыңыз уәжіп болады. (Нақл: Мүжтахид еместердің мүжтахид ғалымдардың фәтуаларын, үкімдерін ұстануы, көшіруі, өз ойымен үкім шығармауы деген сөз.)

 

Айттан кейін

Сұрақ: Дәл қазір қолымда нисаб мөлшеріне жететін ақшам жоқ, бірақ құрбан айттан кейін қолыма нисап мөлшерінен де асатын ақша түседі. Маған құрбандық шалу керек пе?

Жауап: Керек емес. Уәжіп болу үшін құрбан айттың үшінші күні қолыңызда нисаб мөлшеріне жететін ақшаңыз болуы керек.

 

Сұрақ: Адамдардың менен алған қарыздары нисаб мөлшерінен асады, бірақ оларды ала алмай жүрмін. Қажетті заттардан артық дүние-мүліктерім бар бірақ ақшам жоқ. Маған құрбандық сою уәжіп бола ма?

Жауап: Қарыздарыңыз зекеттегі секілді нисапқа қосылады, бірақ қолында ақшасы болмай, қажетінен артық мал-мүлкі бар болса да пітір бере алмайтын, құрбандық соя алмайтын адам Имам Мұхаммедтің үкімі бойынша күнәдан құтылады. Қарыз алып немесе бір мүлкін сатып құрбандық сойған адам Имам Ағзам және Имам Әбу Юсуфтың үкімі бойынша уәжіп сауабын алады.

 

Сұрақ: Нисаб мөлшерінен асатын өте бағалы жер телімім бар. Құрбандық шалуым уәжіп бола ма?

Жауап: Имам Мұхаммедтің үкімі бойынша құрбандық шалуыңыз уәжіп болмайды. Уәжіп сауабын алу үшін Имам Ағзам және Имам Әбу Юсуфтың үкімдері бойынша союыңыз керек.

 

Үй, машина нисапқа қосылмайды

Сұрақ: Тұратын бір үйі, бір машынасы бар адам биржада акциялары және қарыздары болған адамның құрбандық шалуы уәжіп бола ма?

Жауап: Бір үй және машина құрбандық нисабына қосылмайды. Қарыздары қолындағы ақшаларынан және акцияларының құнынан алғанда қалған ақшасы нисаб мөлшеріне жететін болса құрбандық шалуы керек болады.

 

Сұрақ: Биржада акцияларым бар. Кооперативке төлейтін қарыздарым бар. 30 ай бойы төлеуім керек болған машинаның ақшасы бар. Өзім жалға үй алып тұрамын. Бұл жағдайда құрбандық шалуым керек пе?

Жауап: Бүкіл қарыздарыңызды қолыңызда бар ақшаңыздан және акцияларыңыздың құнынан алғанда қалған ақшаңыз нисаб мөлшеріне жететін болса құрбандық шалуыңыз керек болады.

 

Сұрақ: Жасауым ретінде келген заттар бар. Тоңазытқыш, кір жуғыш машина, жұмсақ мебельдер, кілем, ас үйлік құралдар, т.б. Бұлар қолданылмай тұрғаны үшін барлығы нисаб мөлшеріне қосыла ма?

Жауап: Ия қолданылмай тұрған барлық заттар нисапқа қосылады.

 

Алдымен қарызды төлеу керек

Сұрақ: Нисаб мөлшеріндей қарызы бар адамның қолында нисаб мөлшеріне жететін ақшасы бар болса құрбандық шалуы керек пе?

Жауап: Қарызы бар адам алдымен қарызын өтейді, қалған ақшасы нисаб мөлшеріне жетпейтін болса құрбандық шалмайды.

 

Ақша берсместен құрбандық шалу

Сұрақ: Қолымда ақшам болмай тұр, бірақ біреу маған 20 000 теңге қарыз, ол кісіге “Бір қой 10 000 теңге тұрады. Мен үшін бір қой алып құрбандық сой, қалған 10 000 теңгені кейін берерсің” десем жаиз бола ма?

Жауап: Иә жаиз болады. Тіпті ол кісі сізге қарыз болмаса да нисаб мөлшеріне ие болсаңыз “Мен үшін бір құрбандық сой” десеңіз ол кісі сойса сіз уәжіп сауабына қауышасыз.

Зекет бергенде де осылай. Біреуді уәкіл етсеңіз “Мен үшін мынадай мөлшерде зекет бер” десеңіз ол берсе зекетіңіз берілген болып саналады. Оған ақша берілген болуы да шарт емес. Яғни уәкіл өз ақшасынан да бере алады. Уәкіл өз ақшасымен де құрбандық соя алады. Кейін сізден ақшасын алады немесе хәдия (сыйға) да беруіне болады.

 

Сұрақ: Ара ұялары және балының құны нисаб мөлшеріне жетеді. Құрбандық шалуым керек пе?

Жауап: Иә

 

Сұрақ: Алтыны бар кісі зекет берген болса да құрбандық шалуы керек бола ма?

Жауап: Зекет, құрбандық екеуі екі бөлек нәрсе. Алтын құрбандық нисабына да қосылады, зекет нисабына да. Яғни егер нисаб мөлшеріне жететін болса зекет те бересіз, құрбандық та соясыз.

 

Сұрақ: Жасауым болып келген дүниелерім бар. Құрбандық союым керек пе, бұл заттардың зекетін беруім керек пе?

Жауап: Кір жуғыш машина, тоңазытқыш секілді жасауларыңызды қолданып жүрген болсаңыз бұлар құрбандық нисабына қосылмайды. Қолданбай жүрген болсаңыз құны нисаб мөлшеріне де жететіндей болса құрбандық союыңыз керек болады. Жасаудың зекеті болмайды.

 

Алтын ақша деген сөз

Сұрақ: Құрбандық нисабына ие болған адамның қолында ақшасы жоқ болса қарыз алып құрбандық союы керек бола ма?

Жауап: Қажеттілігінен артық заттары бар, ала алмай жүрген қарыздары бар немесе осыған ұқсаған себептермен нисапқа ие болған адамның құрбандық шалатын ақшасы жоқ болса қарызға алып союы керек емес. Сойған жағдайда уәжіп сауабын алады. Бірақ алтыны бар болса ақшасы бар деген сөз. Қағаз ақшасы жоқ болуы үзірге жатпайды. Алтындарын ақшаға айрыбастап құрбандық шалуы керек болады. Шет елдік валютасы барлар да айырбастап құрбандық союы керек болады.

 

Күміс нисабы және құрбандық

Сұрақ: Күміс нисабы бойынша бай деп саналатын адамның, сойған құрбандығы уәжіп бола ма?

Жауап: Бай екендігін білсе уәжіп сауабын алады.

 

Ара, әсел және құрбандық

Сұрақ: Ара ұялары және әселі бар болған адамның құрбандық союы уәжіп бола ма?

Жауап: Егер қолындағы ақша және әселдерімен ара ұяларының құны нисаб мөлшеріне жететін болса құрбандық союы уәжіп болады.