2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Иман және Ислам" кітабы / Қасиетті кітаптағы (Тәурат пен Інжілдердегі) кейбір қателер

Қасиетті кітаптағы (Тәурат пен Інжілдердегі) кейбір қателер

-2-

ҚАСИЕТТІ КІТАПТАҒЫ (Тәурат пен Інжілдердегі) КЕЙБІР ҚАТЕЛЕР

Тәурат пен Інжілде өзгертілген жерлерді көрсететін кітаптардың ең атақтысы – «Изхару тәбдил-ил-йахуд уән-насара фиттәурати уәл-инжил уә бәяну-тәнақузи ма-би әйдиһим» кітабы. Бұл кітапты хижри 456-жылы қайтыс болған Әли бин Ахмет Әмеуи жазған.

Қазіргі таңда, шындығында Қасиетті кітапты үздіксіз өзгертіп, жаңа Інжілдерді жариялау, бұл кітаптарды сату үлкен табыс көзі болып отыр. Өйткені, сенсе де, сенбесе де, әрбір еуропалықтың үйінде бір Қасиетті кітап [Тәурат пен Інжіл] бар. Әсіресе, Еуропаның шаруа адамдарының көпшілігі Қасиетті кітаптан басқа кітап білмейді, одан басқа ешқандай кітап оқымайды. Еуропалықтардың мәдениет деңгейі көбіміз ойлағандай жоғары емес. Ауылдарда тұратындардың сауаты бар болғанымен, әлемдегі болып жатқан нәрселерден хабарлары жоқ. Тек Қасиетті кітапты ғана оқиды. Сондықтан әр жаңа (тексерілген және түзетілген) Қасиетті кітап миллиондаған нұсқа басылуда және осы Қасиетті кітапты басқандарға жыл сайын қыруар қаржы түсіруде. Олай болса, Қасиетті кітапты өзгертіп, жаңадан басудан табыстырақ жұмыс жоқ.

Батыстық журналдар әрдайым «Қасиетті кітапта қате бар» деп жазудан жалықпайды. Араларында атақты ғалымдардың немесе теологтардың ғибратпен оқылатын мәнді мақалалары да кездеседі. Төменде солардың бірін көресіз:

Енді сіз «Аллаһу та’аланың сөзі қалайша қате аударылады? Аллаһу та’аланың сөзі қалайша адамдар тарапынан түзетіледі? Аллаһу та'аланың кітабы қалайша зерттеуге алынады? Осылай үздіксіз өзгертілген, түзетілген бір кітап Аллаһу та’аланың сөзі бола алмайды» дейсіз. Әсіресе 1971 жылы екінші рет өзгертілген ағылшын Інжілінің кіріспесіндегі мына сөздерді оқысаңыз, таң қаласыз. Ең соңғы түзетуді жасаған діни кеңес алғы сөзде былай дейді: «... Король Джеймс тарапынан дайындалған Қасиетті кітаптың сөздері шындығында өте керемет. Ағылшын басылымының ең ұлы туындысы деуге болады. Бірақ, өкінішке орай, бұл кітапта үлкен қателер бар және бұл қателер өте көп және өте маңызды болғаны соншалық, оларды міндетті түрде түзету керек.»

Ойланып көріңіз, бір діни кеңес жиналып, Англияда 1020 [м.1611] жылдан 1391 [м.1971] жылға дейін «Аллаһтың сөзі» деп сеніп келген кітаптан көптеген маңызды қателер тауып, оны міндетті түрде түзетуге шешім қабылдауда! Енді бұдан кейін бұл кітаптың Аллаһтың сөзі екендігіне кім сенеді? Төменде сізге бір жақсы хикая айтып береміз. Бұл хикаяны айтқан адам – христиан діндарлары және ғалымдарымен христиандық сенімдер және Қасиетті кітап туралы әңгімелер өткізген және олардың өзгертілгенін дәлелдеген Оңтүстік Африкалық Ахмет Дидат. [Христиан діні және өзгертілген Інжілдер жайлы зерттеулер жүргізген бұл кісі Әһли сүннет ғалымдарының үстемдігін түсіне алмаған мазһабсыз.] Ол былай дейді:

«Америкада жарияланатын AWAKE (Оян!) журналының 1957 жылғы, 8 қыркүйектегі санында мынадай мақала жарияланды: «Қасиетті кітапта барлығы 50 мың қате бар екен. Өткенде бір жас христиан жігіт «Король Джеймстің баяндауы» болған Қасиетті кітаптың бір данасын сатып алған еді. Әрине, Інжілді (Қасиетті кітапты) Аллаһтың сөзі деп қабылдағандықтан, ішінде ешқандай қате жоқ деп ойлады. Алайда, қолына түскен Лук журналында «Інжіл туралы ақиқаттар» деген бір мақалада 1133 [м.1720] жылы құрылған діни мәжілістің Король Джеймс тарапынан дайындатылған Қасиетті кітапта 20 мың қате бар екендігі мәлімденгенін оқып, сасып қалды. Қатты мұңайды. Бұл мәселені сұрау үшін рухани достарымен көріскен кезде олар оған «Қазіргі Қасиетті кітапта 20 мың емес, 50 мың қате бар» дегенде, әлгі жігіт есінен айрыла жаздады. Енді бізден сұрап жатыр: Құдай үшін, айтыңдаршы маған, біз Аллаһтың сөзі деп санап жүрген Тәурат пен Інжіл осындай қателерге толы туынды ма?

Мен бұл журналды мұқият оқып, сақтап қойған едім. Бұдан 5-6 ай бұрын үйде отырған кезімде есікті біреу қақты. Есікті ашқанымда алдымда бір жылы жүзді, көркем мінезді, сыпайы жас жігітті көрдім. Менімен құрметпен сәлемдескеннен кейін куәлігін ұсынды. Онда «Иегова куәгері» деп жазылған еді. Бұл атау миссионерлердің бір бөлігіне берілген атақ болатын. Бұл жас миссионер маған жылы дауыспен: «Біз ең алдымен хақ жолынан шыққан, сіз сияқты білімді адамдарды хақ дін болған христиан дініне шақырамыз. Сізге Аллаһтың сөзі болған Тәурат пен Інжілден кейбір тақырыптарды қамтитын кітаптар әкелдім. Сізге осыларды ұсынамын. Бұларды оқыңыз, ойланыңыз және шешім қабылдаңыз» деді. Оны ішке кіргіздім. Кофе бердім. «Мына аңқауды алдап түсірдім ау» деп ойлап отырғанын болжадым. Кофе ішіп болғаннан кейін оған: «Құрметті досым, сіздер Тәурат пен Інжілді Аллаһтың сөзі деп қабылдайсыздар, солай емес пе?» деп сұрадым. «Міндетті түрде» деп жауаптады. «Олай болса, Тәурат пен Інжілде ешқандай қате жоқ, солай ма?» дедім. Ол: «Болуы мүмкін емес» деді. Сол кезде оған «Awake» журналын көрсетіп, «Мына журнал христиан мемлекеті болған Америкада шыққан туынды. Бұл журнал Інжілде тура 50 мың қате бар екенін жазуда. Егер бұл журналдағы мақаланы жазған адам мұсылман болса, оған сену-сенбеу өз еркіңіз болар еді. Сіздің дініңіздегі адамдар шығарған журналдың сөздерін қабылдауыңыз керек емес пе? Сіз бұған не дейсіз?» дедім. Ол бірден сасып қалды, «Журналды беріңіз, оқып көрейін» деді. Алып қайта-қайта оқыды. Түрінің өзгергенін, қаншалықты сасқалақтағанын көріп, ішімнен күлдім. Ақырында маған беретін жауапты тапты: «Қараңыз, бұл журнал 1957 жылы басылған. Біз қазір 1980 жылдамыз. Арадан тура 23 жыл өтіпті. Осы арада қателері табылып, түзетілген шығар» деді. Мен оған байсалды түрде: «Жарайды, бірақ осы 50 мың қатенің қанша мыңы түзетілген екен? Түзетілген қателер қайсылар? Қалай түзетілген? Осы туралы маған мәлімет бере аласыз ба?» деп сұрадым. Ол басын иіп: «Өкінішке орай айта алмаймын» деді. Мен оған: «Қадірлі қонағым! Ішінде 50 мың қатесі бар, әрдайым өзгертілетін немесе түзетілетін кітаптың Аллаһу та’аланың кітабы екендігіне қалай сенемін? Біз Аллаһу та’аланың кітабы деп сенетін Құран кәрімнің қазірге дейін бір әрпі де өзгермеген. Ішінде бірде-бір қате жоқ. Сіз мені тура жолға салғыңыз келеді, бірақ жол көрсетушіңіз болған Інжіл мен Тәураттің өзі қате, таңдаған жолыңыз күмәнді. Мұны маған қалай түсіндіріп бересіз?» дедім. Байғұс не айтарын білмей, сасып қалды. «Рұқсат берсеңіз, мен үлкен поптармен кездесейін. Бірнеше күнде сізге келіп, сұрақтарыңызға жауап беремін» деді де, асығып шығып кетті. Сол шыққаннан жоғалды. Айлардан бері сол адамды күтудемін. Өзі де жоқ, сөзі де жоқ.»

Енді Тәурат пен Інжілде кездесетін көптеген қателер, бір-бірінен ерекшеленетін сөздер және бір мәселе бойынша айтылған әр түрлі сөздер туралы түсінік берейік.

Алдымен мынаны айтайық: Тәурат пен Інжілдің қате бөлімдерін іздеп табатындар, көбінесе, шіркеу өкілдері. Келіспеушіліктен құтылу үшін шара іздейді. Лондонда «Ағылшын тіліне аударылған заманауи Інжіл» атты еңбекті 1970 жылы жариялаған Филипс Матфей Інжілі туралы былай дейді:

«Матфейдікі деп қабылданатын Інжілді шындығында оның жазбағанын айтатындар бар. Қазір де көптеген шіркеудің өкілдері бұл Інжілдің құпия адам тарапынан жазылғанын алға тартуда. Бұл құпия адам Матфейдің Інжілін қолына алған, оны қалағанынша өзгертіп, ішіне басқа көп сөздер де қосқан. Тілі анық және жатық. Ал, шынайы Матфей Інжілінің тілі ауыр, бірақ сөздері парасатты. Матфей өзінің көргендерін, естігендерін зейінінде қорытып, естіген сөздерінің Аллаһтың сөзі екендігіне толық сенгеннен кейін ғана оны қағазға түсіретін. Ал, қазір Матфей Інжілі ретінде келген қолымыздағы мәтін ұқыпсыз жазылған.»

Аллаһу та’аланың сөзінің ешқашан өзгертілмейтінін ескеретін болсақ, жоғарыдағы сөздер қазіргі Матфей Інжілінің адам тарапынан жазылғанын дәлелдеуге жеткілікті. Матфей Інжілі жойылып, оның орнына белгісіз бір адам жаңадан бір Інжіл жазған. Бұл адамның кім екенін ешкім білмейді.

Қазіргі Қасиетті кітаптың «Жаңа өсиет» бөліміндегі төрт Інжіл, Матфейден басқа Иоанн, Лука және Марк деген адамдар тарапынан жазылған. Бұлардың ішінде тек Иоанн ғана [Иса алейһиссаламның жиені еді] Иса алейһиссаламды көрген, бірақ Інжілін Ол көкке көтерілгеннен кейін Самоста жазған. Ал Лука мен Марк Иса алейһиссаламды ешқашан көрмеген. Марк Петрустың аудармашысы болған. Тек Матфей Інжілі ғана емес, Иоанн Інжілі де басқа адам тарапынан жазылған және өзгертілген. Қысқасы, осы төрт Інжіл туралы бір-бірінен өзгеше әр түрлі риуаяттар бар. Бүкіл әлем бірауыздан келісетін бір негіз бар, ол осы төрт Інжілдің бірдей оқиғаларды басқаша баяндаған және баска адамдар тарапынан жазылған хикаялардан тұрады. Аллаһу та’аланың сөзі емес. Қазіргі Қасиетті кітаптың, яғни Тәурат пен Інжілдердің ішіндегі кейбір қателерді айтудан бұрын Тәурат пен Інжілдердің басқа бір ерекшелігі туралы айтып өткіміз келді. Христиандармен пікір таласып, оларды жауап бере алмайтын жағдайға түсірген Ахмед Дидат мына оқиғаны айтып берген:

«Бір күні христиан көршілеріме: «Мен қазір Қасиетті кітап оқумен айналысып жүрмін. Сендерге одан үзінді оқып берейін» дедім. Менің Қасиетті кітап оқып жүргеніме әуестеніп, «Тура жолға түсіпті» деп қуанып қалды. Тез айналама жиналды. Қолдарына бір-бір Қасиетті кітап бердім де, «Ишая» кітабының 37-бабын ашуларын сұрадым. «Қазір мен сіздерге қолымдағы Қасиетті кітаптан осы тақырыпты оқимын. Кітапқа қарап маған ілесіп отырыңыздар, дұрыс оқыған-оқымағаныма мән беріңіздер» дедім. Барлығы мені мұқият тыңдап, қолдарындағы кітапқа қарап ілесіп отырды. Мен мына үзіндіні оқыған едім:

«Король Хизкия мұны естігенде киімін жыртып, тонға оранып, Раббының үйіне кірді.

Және Король үйінің жанындағы Елякимді және хатшы Шэбнаны және қарт көріпкелдерді тонға орандырып, Аматсун ұлы пайғамбар Ишаяға жіберді.

Және оған айтты: Хизкия былай деді: Бүгін қиыншылық, айыптау және қорлық күні. Өйткені, балалар туылатын кезге жетті, бірақ туғызатын құдірет жоқ.» тағы бiраз оқыдым.

Мен оқып отырып оларға «Қалай, әріптеріне дейін дұрыс оқып жатырмын ба?» деп сұрап отырдым. Олар: «Иә, әрпіне дейін дұрыс оқып отырсың» деп растап отырды. Бірден оларға: «Мен енді мынаны айтайын, сіздердің қолдарыңыздағы тыңдап отырған кітаптарыңыз Ескі өсиеттің [Тәураттың] Ишая кітабының 37-бабы. Ал, мен оқыған үзінді сол Ескі өсиеттің Екінші басқарушылар [Корольдер] бөлімінің 19-бабы. Яғни, екі кітаптың осы екі бөлімі әріптеріне дейін бірдей. Демек, мұның бірі екіншісінен толық көшіріліп алынған, ұрланған. Бірақ, қайсысы қайсысынан алынған, мұны мен білмеймін. Бұл тақырыпта сіздер шешім қабылдауларыңыз керек. Бірақ, сіздер киелі деп жүрген бұл кітаптарыңыз бір-бірінен көшіріліп алынған. Міне дәлелі!» дедім. Қиямет басталғандай болды. «Бұлай болуы мүмкін емес!» деген айқайлар естілді. Дереу қолымдағы Қасиетті кітапты алып, мұқият қарай бастады. Мен оқыған бөлімнің шындығында Екінші Басқарушылардың 19-бабының олардың қолындағы Ишаяның 37-бабымен бірдей екенін көргенде ауыздары ашылып қалды. Мен оларға: «Маған ашуланбаңыздар, бірақ Аллаһтың кітабында мұндай жағдай болуы мүмкін бе? Мен мұндай кітаптарға қалайша сенемін?» дедім. Барлығының басы төмен салбырап қалды. Қаласа да, қаламаса да, менікін дұрыс деп мойындаған еді.»

Енді төменде Тәурат пен Інжілдердегі түсініксіз бөлімдерді көрсетейік. Матфей Інжілінің 9-бабының 9-аятында: «Иса ол жерден өтіп бара жатқанда кеден орнында отырған Матфей деген бір адамды көріп, оған "артымнан кел" деді. Ол тұрып артынан кетті» делінген.

Енді зер салып қараңыз, бұл сөйлемдерді жазған Матфейдің өзі болса, неліктен өзі екенін айтпай, басқа бір Матфей сияқты айтқан. Егер бұл Інжілді жазған Матфейдің өзі болғанда: «Мен кеден орнында отырған кезде Иса сол жерден өтіп бара жатқан еді. Мені көріп, артымнан кел, - деді. Мен Оның артынан бардым» деп жазуы керек еді. Бұл Матфей Інжілін жазған адамның Матфей емес екендігін көрсетеді.

Лука Інжілінің 1-бабының басында: «Ей, ізгілікті Теофилос, кәламның өкілдері, қызметшілері болып, көздерімен көрген адамдардың бізге жеткізгені бойынша арамызда орын алған нәрселердің хикаясын реттеуге және жазуға көптеген адамдар кіріскен кезде мен де сонау басынан бері [болғандардың] барлығын мұқият зерттеп, сол қалпында, ретімен саған жазуды жөн көрдім» делінген.

Бұл сөзден аңғарылып тұрғаны:

Лука өз дәуірінде тағы да көптеген адамдар Інжіл жазған кезде осы Інжілді жазған.

Лука хауарилердің өз қолдарымен жазған ешқандай Інжілдің жоқ екендігін сілтеп тұр. Өйткені, «Кәламның өкілдері мен көздерімен көрген адамдардың бізге жеткізгені бойынша» деген сөйлем арқылы Інжілді жазған адамдарды өз көздерімен көрген адамдардан, яғни хауарилерден бөлген.

Өзін хауарилердің бірінің шәкіртімін деп айтпайды. Өйткені, ол кезде хауарилердің біріне тән деп есептелген көптеген кітапшалар, жазбалар бар болғандықтан, хауарилердің бірінің шәкірті екенін білдіруі өз кітабына басқалардың сенуіне себеп болатындығына үміттенбеген. Бәлкім, барлық жағдайды өзі зерттеп, негізінен үйренгендігін білдіріп, күшті бір дәлел ретінде көрсетуді қалаған.

Иоанн Інжілінің 19-бабының 35-аятында: «Көрген адам куәлік етті және оның куәлігі дұрыс, иман келтірерсіз деп өзі дұрыс айтқанын біледі» делінген. Егер бұл сөзді Иоанн жазғанда еді, ол «Көрген адам куәлік етті және оның куәлігі дұрыс» деп жазбас еді.

Нәтижеде Матфей, Лука және Иоанның өздері туралы емес, есімдері белгісіз бір адам туралы айтқанын көресіз. Бұл кім? Пайғамбар ма? Кәламның қызметшілері кімдер? Орнынан тұрып, Иса алейһиссаламның артынан кеткен кім? Куәлік еткен кім? Осыншалықты сырға толы, түсініксіз дін кітабы болуы мүмкін бе? Кім кімге және неліктен куәлік етеді, ол да белгісіз!

Енді Қасиетті кітаптағы әр түрлі тақырыптар арасындағы қарама-қайшылықтар, айырмашылықтар туралы айтайық:

Екінші Самуэльдің 24-бабының 13-аятында: «Гад Даудқа келді және оған айтты: Саған еліңде жеті жылдық тапшылық келсін бе? Жоқ әлде дұшпандарың сені қуғанда олардың алдында үш ай қашасың ба?» делінген.

Енді дәл осы мәселе туралы жазылған Бірінші Тарихтардың 21-бабының 11-12-аяттарында: «Осылайша Гад Даудқа келіп, Оған айтты: РАБ былай дейді, Бұлардан қалағаныңды таңда.  Үш жылдық тапшылық немесе дұшпандарыңның қылышы саған жетіп, сені қинағандардың алдында үш ай азып-тозу, яки үш күн Раббыңның қылышы және Раббыңның періштесі Исраилдің барлық жерінде адамдарды жоятын оба ауруы» делінген.

Аллаһтың сөзі деп аталатын кітаптың осы екі тақырыбында бірдей мәселе арасындағы үлкен айырмашылықты көрдіңіз. Қайсысына сенейік? Аллаһу та’ала екі түрлі сөйлеуі мүмкін бе?

Қазіргі Қасиетті кітаптың түрлі кітаптары арасындағы айырмашылықтардың көптігі соншалық, олардың барлығын жазатын болсақ, үлкен бір кітап болады. Біз бұл жерде оқырмандарға жалпы мәлімет беру үшін тағы біразын көрсетеміз:

Екінші Тарихтардың 36-бабының 5-аятында: «Иехояким патша болған кезде 25 жаста еді және Иерусалимде [Құдыста] он бір жыл билік құрды» делінген.

Екінші Мәліктердің [корольдердің] 24-бабының 8-аятында: «Иехояким патша болған кезде 18 жаста болатын» делінген.

Арада 7 жас айырмашылық бар. Бұл қасиетті кітапты жазғандар есімі айтылған екі кісінің бір адам болған-болмағандығына мән бермеген.

Басқа бір мысал:

Екінші Самуэльдің 10-бабының 18-аятында: «Сириялықтар Исраилдықтардың алдынан қашты. Дауд сириялықтардың жауынгерлерімен [бірге] 700 арба және 40000 атты әскерді жойды, әскербасы Шобакқа соққы жасады және осы арада өлді» делінген.

Енді дәл осы соғыс оқиғасы Бірінші Тарихтардың 19-бабының 18-аятында: «Және сириялықтар Исраилдың алдынан қашты. Дауд сириялықтардың жауынгерлерімен [бірге] 7000 [жеті мың] арбаны жойды және 40000 жаяу әскерді өлтірді. Әскербасы Шобакты да құртты» делінген.

Енді арадағы айырмашылықтарға қараңыз: Бірінші кітап бойынша 700 соғыс арбасы, екіншісі бойынша дәл он есе артық 7000 соғыс арбасы, бірінші кітап бойынша 40000 атты әскер өлтірген, екінші кітап бойынша бұлар атты әскер емес, жаяу әскер екен!

Қасиетті кітаптың ішіндегі кітаптар осылай бір-бірінен өзгеше мәліметтер беретін болса, бұлардың Аллаһу та’аланың сөзі екеніне кім сенеді? Әстағфируллаһ, Аллаһу та'ала атты әскер мен жаяу әскерді бір-бірінен ажырата алмайды ма? 700 бен 7000 арасында 10 еселік айырмашылық бар екенін білмейді ме? Осылай бір-бірін теріске шығарып баяндау, сөйтіп бұларды Аллаһу та’аланың сөзі деп қабылдау Аллаһу та’алаға жабылған ең үлкен жала, ең үлкен әдепсіздік болып табылады.

Тағы бірнеше мысал келтірейік:

Бұл жердегі тақырып – Сүлейман алейһиссаламның сарайында салдырған үлкен құрбан шалу орны, яғни «құрбандық хауызы».

Бірінші Мәліктердің 7-бабының 26-аятында: «Қалыңдығы бір қарыс еді. Және оның ернеуі тостағанның ернеуі сияқты, лалагүлге ұқсатылып жасалған еді. 2000 бат су сиятын» делінген. (1 бат=37 литр)

Енді дәл осы кітаптың Екінші Тарихтар бөлімінің 4-бабы, 5-аятында: «Сүлейман жасатқан қасапхананың қалыңдығы бір уыс еді және ернеуі тостаған ернеуі секілді лалагүлге ұқсатылып жасалған еді. Ішіне 3000 бат су сиятын» деп жазылған.

Көріп тұрсыз, тағы да арада 1000 бат, яғни 37000 литр су айырмашылығы бар! Аңғарылып тұрғаны, осындай кітаптарды жазғандар бір-бірін білместен ойына келген нәрселерді жазып сақтаған, қайтадан зерттеп тексеру ауыртпалығынан қашқан, осылайша бір-бірін теріске шығаратын әңгімелер шығып, бұларды еш қысылмастан «Аллаһтың сөзі» деп атаған.

Тағы бір мысал келтірейік:

Екінші Тарихтардың 9-бабының 25-аятында: «Сүлейманның аттары мен әскери арбаларына арналған 4000 ақыры бар болатын және 12000 атты әскері бар еді. Оларды арба қалаларына және мәліктің жанына, Иерусалимге [Құдысқа] орналастырды» делінген.

Дәл осы оқиғаны Бірінші мәліктердің 4-бабының 26-аятынан оқып көрейік:

«Және Сүлейманның әскери арбаларға арналған 40000 ақыры бар еді.»

Көргеніңіздей, бұл жерде ақыр саны 10 есеге артып тұр!

«Ең көп сандарда айырмашылықтар бар, сандардың айырмашылығы соншалықты маңызды ма?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұған атақты Альбертс Швейзердің баяндамасымен жауап берейік. Швейзер айтады: «Ең үлкен мұғжизалардың өзі екіні екіге көбейткенде төрт болатынын немесе шеңбердің бұрыштары бар екенін анықтай алмайды. Ең күшті мұғжизалар қаншалықты көп болса да, кез-келген бір христианның қате сеніміндегі кемшілігін, қателігін түзете алмайды».

Соңында бір-бірінен ерекшеленетін бірнеше мәтінді қарастырайық:

Матфей Інжілінің 27-бабының 44-аятында Иса алейһиссаламмен бірге асылған екі ұрының оған қарсы яһудилер сияқты жаман сөздер айтқандығы жазылған.

Лука Інжілінің 23-бабының 39-аятында және жалғасында ұрылардың бірінің Иса алейһиссаламға жаман сөз айтқандығы және оны естіген екінші ұрының оны айыптағаны және «Сен бірдей үкімде бола тұра Аллаһтан қорықпайсың ба?» дегендігі және Иса алейһиссаламның екіншісіне «Бүгін сен менімен бірге жәннатта боласың» дегендігі жазылған.

Осы екі параграф арасындағы айырмашылық айқын.

Тағы да, Марктың айтуы бойынша, Иса кресттен түсірілгеннен кейін өлілер арасында қалған кезінде хауарилерімен кездескен және дәл сол күні дереу көкке көтерілген. Лука Інжілінде де осылай жазылған. Алайда, Лука жазған «Расулдардың істері» кітабының 1-бабының 3-аяты бойынша Хазреті Иса өлілер арасында 40 күн болғаннан кейін көкке көтерілген.

Бұл мысалдар осылай жалғасып кете береді. Жоғарыда да айтқанымыздай, олардың бәрін жазып көрсетуге бұл кітаптың көлемі жетпейді. Алғы сөзде таныстырылған, мұсылман болған бұрынғы дінбасы Турмеда, яғни Абдуллаһ Тержуман Інжілдердің әрқайсысының өз аяттары арасындағы қайшылықтарына бірнеше мысал келтіреді:

Матфей Інжілінің 3-бабының 4-аятында: «Яхияның тағамы [тамағы] шегіртке мен жабайы бал болатын» делінген.

Ал 11-бабының 18-аятында: «Яхия жемейтін де, ішпейтін де еді» делінген.

Бұрынғы дінбасы тағы бір мәселеге сілтеп тұр:

Матфей Інжілінің 27-бабының 50-53-аяттарында: «Иса рухын тапсырды. Міне, сол кезде ғибадатхананың пердесі жоғарыдан төменге дейін [жыртылды] екіге бөлінді. Жер сілкініп, таулар жарылды. Қабірлер ашылып, ұйқыдағы түрлі қасиетті адамдардың денелері орындарынан тұрды. Олар қабірлерінен шығып, Иса тұрғаннан кейін қасиетті қалаға кірді және көптеген адамдарға көрінді» делінген. Мұсылман болған бұл дінбасы Анселмо Турмеда айтады: «Осы оқыған қайғылы суреттемеңіз толығымен көне бір кітаптан алынған. Бұл суреттеме Титус Құдысты қиратқан кезде бір яһуди тарихшысы тарапынан жазылған. Бұл сөздерді енді Матфейден көріп тұрмыз. Мұның мағынасы, қандайда бір адам бұл сөздерді Матфей Інжіліне кейіннен қосқан.» Бұл сөз жоғарыдағы «Матфей Інжілі шынайы Матфей жазған Інжіл емес» деген сөздің дұрыс екендігін тағы да дәлелдеуде және бұларды енгізген адам Матфей Інжілін жазған жұмбақ адамды еске түсіруде.

Бір тарихи қате туралы тағы айтайық:

Тәкуиннің 16-бабының 15-аятында: «Және Ибраһимнің (алейһиссалам) өз күңі Хажерден туылған бір ұлы болды. Ибраһим оның атын Исмаил деп қойды» делінген. Ал Тәкуиннің 22-бабының 2-аятында: «Аллаһ Ибраһимге айтты: Енді жалғыз сүйікті балаң Исхақты алып, Мория аймағына бар!» делінген. Яғни, Ибраһим алейһиссаламның тағы Исмаил деген басқа бір баласы бар екендігі ұмытылған.

Оқырмандарды жалықтыра бастаған бұл қателерді қоя тұрып, енді қазіргі христиандар мен яһудилер сенетін «Қасиетті кітапты», яғни Тәурат пен Інжілдерді құрайтын кітаптардың қайдан келгенін қарастырайық:

«Қасиетті кітаптың» алғашқы кітаптары Тәкуин, Хуруж, Левиліклер, Сандар және Тасния. Бұл бес кітап «Тәурат» деп аталады. Мұса алейһиссаламға түсірілген Тәуратты осы кітаптардан құралған деп санайды.

Ишаяға не айтылғанын жоғарыда айттық. Риуаят бойынша басқа адам тарапынан жазылған.

Хакимдер кітабы Исмаил тарапынан жазылған деуге болады.

Рут (Раут): Кім жазғаны белгісіз.

Бірінші Самуэль: Кім жазғаны белгісіз.

Екінші Самуэль: Кім жазғаны белгісіз.

Бірінші Мәліктер: Кім жазғаны белгісіз.

Екінші Мәліктер: Кім жазғаны белгісіз.

Бірінші Тарихтар: Иса алейһиссаламнан 350 жыл бұрын өмір сүрген ибрани дінбасы АЗРА тарапынан жазылған болуы мүмкін.

Екінші тарихтaр: Бұл да Азра тарапынан жазылған деуге болады. Азраның Узейр екені «Мүнжид»-те жазылған. Бірақ, бұл кітаптарды жазған адам Узейр алейһиссалам емес. Азра деген бір яһуди.

Азра: Азраның жеке өзі жазған кітабы.

Эстер: Кім жазғаны белгісіз.

Әййуб:  Кім жазғаны белгісіз.

Мезамир: Забурдың сүрелері деген сөз. Дауд алейһиссаламға тән сүрелер екендігі айтылса да, ішінде Бәни Корах, Асаф, Хеман және Сүлейман алейһиссаламның мезмурлары да бар.

Юнус: Кім тарапынан жазылғаны белгісіз.

Хабакук: Кім екендігін, қайда екендігін, шежіресін, не істегенін ешкім білмейтін бір тұлға жазған кітап.

Міне, Қасиетті кітаптың «Ахди Атиқ – Ескі өсиет» кітаптарының не екені туралы мәлімет.

«Ахди Жәдид – Жаңа өсиет» бөліміне келетін болсақ, бұл туралы және мұны жазғандар мен ішіндегі айырмашылықтар туралы жоғарыда мәлімет берілгендіктен, оларды қайталау қажетсіз деп санадық.

Қасиетті кітаптың ішінде тағы көптеген мағынасыз сөздер бар. Мысалы, Аллаһу та’аланың топанға аяушылық білдіруі, Яқуб алейһиссаламның түсінде Аллаһпен күресіп, оны жеңуі, Лұт алейһиссаламның өз қыздарымен зина жасауы дегендей. Бұлардың қаншалықты жаман нәрселер екендігі христиандар тарапынан да мойынданғандықтан, бұл тақырыптарды біртіндеп Қасиетті кітаптан шығара бастады.

Енді қазіргі Қасиетті кітаптың түсіндіру тәсілі мен адамдарға не үйреткісі келетінін қарастырайық:

Тәкуиннен бір үзінді алайық. Бұл кітап алғашқы адамдар, алғашқы пайғамбарлар, Адам, Нұх, Ибраһим (алейһимуссалауату уәттаслимат) сияқты ұлы нәбилер туралы айтады. Сонымен қатар, Ибрани әулетінің қалай құрылғанын түсіндіреді. Яһудилердің ата-тегі болған Яхуда (Иуда) туралы айтатын 38-баптың басында: «Яхуда бауырларының қасына түсті және Абдуллаһ бір адамның қасына түсті. Сол жерде кенандық бір кісінің қызын көрді. Ол кісінің есімі Шу болатын. Қызды ұстап, бірге болды. Қыз жүкті болып, бір ұл тапты» делінген.

Енді өтініш, ынсаппен мына сұрақтарға жауап беріп көріңіз: Дін кітабы нені үйретеді? Дін кітабы адамдарға жасауы және жасамауы тиіс болған нәрселерді үйретеді. Оларға дүние мен ахирет туралы түсінік береді. Оларды жаман істері үшін айыптайды, жақсы істері үшін мадақтайды. Аллаһу та’аланың алдындағы міндеттерін, бір-бірімен қалай қарым-қатынас жасау керектігін үйретеді. Дүниеде бейбітшілік пен саламаттықта өмір сүру үшін не істеу керектігін көрсетеді. Қысқасы, дін кітабы – ӘДЕП-АХЛАҚ КІТАБЫ деген сөз.

Жоғарыда оқыған үзінділеріңізде және жалғасында бұл қасиеттердің қайбірі бар? Бұл –  арсыздықты ашық түсіндіретін хикая. Бұл үзінді қазіргі таңда әлемнің барлық жерінде порнография (ұятсыздық) түріне кіріп, жариялануына тыйым салынуда. Христиандар мен яһудилердің қасиетті деп санайтын кітаптарында осыған ұқсайтын тағы көптеген әдепке жат тақырыптар кездеседі. Ескі өсиеттің Тәкуин кітабының 19-бабының 30-аятында және кейінгі аяттарында Лұт алейһиссаламның екі өз қызы әкелеріне ішкілік ішкізіп, мас қылғаннан кейін онымен жыныстық қатынасқа түсіп, ұл тапқандары туралы жазылған. Дауд алейһиссаламның, қолбасшысы Урияның әйелі Батшебаны жуынып жатқан кездегі жалаңаш тәнін көріп, өзін ұстай алмай онымен жыныстық қатынас жасағаны және күйеуінен ажырату үшін бейшара күйеуін соғыстың ең қауіпті жеріне, қайтып оралмайтындай етіп жібергендігі Ескі өсиеттің Екінші Самуэль бөлімінің 11-бабында жазылған. Қазірде Еуропаның көптеген мұражайларында Дауд алейһиссаламның жалаңаш Батшебаға қарап тұрғанын немесе Урияны өлімге жіберіп жатқанын бейнелейтін суреттер кездеседі. Еуропа тілдерінде «Урия хаты» деген ұғым «Өлімге кесілу» немесе «Жаман хабар» деген мағынаны білдіреді және еуропалықтар мұны және осыған ұқсас ұятсыз хикаяларды өздері қасиетті деп санаған кітаптарынан үйренуде. Бұл хикаяны оқығандар не үйренеді? Бауырының әйелімен зина жасауға мәжбүр етілген еркектер, келінін жүкті қылған қайынаталар, өз қызымен зина жасаған әкелер, қарамағындағылардың әйелдерін арандатқан және оларды өлімге жолдаған адамдар.

Бұларды көрген, естіген адам ақылын жоғалтады. Кейбір христиандардың өздері бұл қисынсыз хикаяларға сенбейді және жоққа шығарады. «Plain Truth» журналының 1977 жылы шыққан бір санында былай жазылған: «Балаларға Қасиетті кітапты оқытқан кезде абай болыңыздар! Өйткені, Қасиетті кітаптың ішінде әдепке қайшы ұятсыз хикаялар бар. Оларды оқыған балаларда отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас жайлы өте бұрыс пікірлер қалыптасуы мүмкін. Әсіресе, Ескі өсиет бөліміндегі ұятсыз қатынастар туралы аяттарды Қасиетті кітаптан алып тастап, содан кейін ғана тазаланған Қасиетті кітапты балаларға беру керек.» Журнал тағы мынадай ақыл қосқан: «Қасиетті кітап міндетті түрде қайта зерттеуден өтуі керек. Өйткені, мына қалпымен ар-намысты болуды уағыздау былай тұрсын, қайта жастарды ұятсыздыққа шақыруда.»

Атақты әдебиетші Бернард Шоу бұдан да асып: «Әлемдегі ең қауіпті кітап – Тәурат пен Інжіл! Оны бір жерге жақсылап құлыптап тығып қойып, ешқашан шығармау керек» деген.

Док. Стродж Қасиетті кітап туралы жазған кітабында др. Паркерге қарата былай дейді: «Адам Қасиетті кітапты оқыған кезде бір-біріне қайшы келетін сөздерді оқып, шатасады. Қасиетті кітапта көптеген ғажайып есімдер бар. Әсіресе Тәкуин бөлімінде тек шежірелер назарға алынған. Кім кімнен туылды, қалай туылды? Тек осылар туралы айтылады. Бұлардың маған не керегі бар? Бұлардың ғибадатқа және Аллаһу та’аланы жақсы көруге не қатысы бар? Қалай жақсы адам болуға болады? Қиямет күні деген не? Кімге, қалай есеп береміз? Дұрыс адам болу үшін не істеу керек? Бұлар туралы өте аз жазылған. Сонымен қатар, көптеген аңыздар кездеседі. Күндіз жайлы айтылмай тұрып, түнге өтіп кетеді.»

Профессор Ф. К. Буркитт «Canon of the New Testament – Жаңа өсиеттің ресми қабылданған бөлімі» атты еңбегінде былай дейді: «Иса алейһиссалам төрт Інжілде төрт түрлі суреттелген. Бұлар бір-бірінен өзгеше. Бұларды жазған адамдар бұл төрт кітапты біріктіруді қаламаған. Сондықтан бір-бірінен өзгеше мәліметтер береді, араларында ешқандай байланыс жоқ, жазбалардың бірі нұқсан қалған хикаяға, басқасы мәшһүр бір кітаптан алынған бір үзіндіге ұстайды.»

«Encyclopedia of Religion and Ethics – Дін және ахлақ энциклопедиясы»-ның екінші томының 582-бетінде: «Иса алейһиссалам ешқандай жазбаша туынды қалдырмағанындай, шәкірттеріне де бір нәрсе жазуды бұйырмаған» деп жазылған. Яғни, бұл үлкен энциклопедия төрт Інжілдің ешқандай діни құны жоқ, басқа адамдар тарапынан жазылған түрлі  хикаялардан тұратынын растайды.

Еуропалық ғалымдар, тарихшылар, тіпті христиан дін адамдары қазіргі Тәурат пен Інжілдердің қате екендігін жариялауда, рухани күштерді теріске шығаратын, материалдық дамуды қолдайтын, рух білімдерінен хабары болмаған дін дұшпандары Тәурат пен Інжілдердегі қате жерлерді алға тартып, барлық діндерге шабуылдауда. Сонымен қатар, мұғжизаларды теріске шығаруларын орынды деп көрсетуге тырысуда. Алайда, христиан және мұсылман, қысқасы діндар болудың бірінші шарты – мұғжизаларға сену болып табылады. Ақыл түсіне алмайтын дін, иман ілімдерін ақылмен дәлелдеуге тырысқан адам бұған қарсы келуге душар болады. Адам білмейтін, түсінбейтін нәрсесіне дұшпан болады. Мұғжизаларды жоққа шығару пәлекетіне душар болған бейшаралардың бірі – Американың атақты діни еңбектер жазушысы Эрнест О. Хаусер. 1979 жылы жарияланған мақаласында діндарларға шабуылдауда асыра сілтеп, мұғжизаларды өз ақылына жүгініп түсіндіруге тырысқан. Жастарды адастыру үшін бірнеше атеисттің жазбаларын да өзіне куә етіп көрсетеді. Бұл мақаланы бірге оқып көрейік: «Матфей Інжілінде былай жазылған: "...Және Иса халыққа көгалға отыруды бұйырды және оларға бес кесек нан мен екі балық алды және шүкіршілік дұғасын оқып, нандарды үзіп, шәкірттерге берді. Шәкірттер халыққа берді. Барлығы жеп тойды, артылып қалғанын он екі себетке салып қойды. Жегендердің саны әйелдер мен балалардан басқа бес мыңдай еркек еді."» [Матфей 14-бап, 19-аят және жалғасы]

Міне, Матфей қазір Иса алейһиссаламның ең көп дау болған бір мұғжизасы туралы осылай дейді.

Мұғжиза – бір пайғамбар тарапынан өзінің күші мен құдіретін көрсету үшін табиғат заңдарына қарсы түрде жасалған таңғажайып іс-әрекет. Бірақ, қазір ең жаңа ғылым мен технология ілімдерін меңгерген және осындай ортада өскен бір христианға бұл мұғжизаларға иман келтіруін қалай ұсына аламыз? Бірақ, бұларды Інжілден шығару мүмкін емес. Олай болса, бұларды жақсылап зерттеуге мәжбүрміз. Біз бала кезімізден Иса алейһиссаламның көптеген мұғжизаларын тыңдап өстік. Олардың ішінде Кана қаласындағы тойда суды шарапқа айналдыруы, Галиле теңізіндегі үрейлі дауылды тоқтатуы, соқыр адамдардың көзін ашуы, хауарилердің қайығына дейін теңіздің бетімен жүруі, өлген Лазарды тірілтуі бәріміздің жадымызда сақталып қалған. Шынында Інжілдің басым бөлігі осындай мұғжизаларға толы. Төрт Інжілдің де ең жақсы жерлерін осы мұғжизалар құрайды. Иса алейһиссалам яһудилердің қасына барған кезде пайғамбар екендігін дәлелдеу үшін оларға мұғжиза көрсетуге мәжбүр еді. Өйткені, яһудилер оған: «Сен пайғамбармын дейсің. Саған сенуіміз үшін бізге мұғжиза көрсетуің керек!» деп қасарысты. Тіпті, өте көп рет күмән келтірген өз хауарилеріне де мұғжизалар көрсетуге мәжбүр болған. Мысалы, теңізде қайықпен кетіп бара жатқанда дауыл тұрған кезде шыққан қорқынышты дауылда хауарилер Иса алейһиссаламды «Құтқар, йа Раб, құримыз» деп оятқан болатын. Сол кезде Иса алейһиссаламның бір белгі беруімен дауыл тоқтады. Бұл жағдай хауарилерге қатты әсер етеді, Иса алейһиссаламның аяғына жығылып кешірім сұраған, Оған сенетіндіктерін айтқан еді. Кейін бұл оқиғаны басқа яһудилерге айтқан кезде олар да таң қалып, насрани дінін қабылдаған. [Матфей 8-бап]

Иоанн Інжілінің 10-бабының 37-аяты мен оның жалғасында Иса алейһиссаламның былай дегендігі жазылған: «Егер мен Әкемнің істерін атқармай жатқан болсам, маған иман келтірмеңдер. Бірақ, істеген болсам да маған иман келтірмесеңдер, істерге сеніңдер де, Әкенің менде және менің Әкеде екенімді біліп түсінесіңдер!» Міне, осы мұғжизалар өте үлкен ықпалын тигізгендігі соншалық, атақты яһуди дін адамы Никодим Иса алейһиссаламға мүлдем сенбей жүріп, бір түні оны зиярат етіп барған кезінде көрсеткен мұғжизаларына әсерленіп, Оған: «Мен енді сенемін, Сен Аллаһ тарапынан жіберілген екенсің. Өйткені, Аллаһтың көмегінсіз мұндай мұғжизаларды жасай алмас едің» деген. Біз білеміз, Иса алейһиссалам мұндай мұғжизаларды жасауды еш ұнатпайтын, тіпті көбіне ұялатын еді. Қолын тигізіп емдеген алапес науқасына: «Менің емдегенімді ешкімге айтушы болма!» деген. Мұғжиза көрсеткен кезде аздаған әрекет жасаумен немесе бірнеше сөз айтумен шектелетін. Інжіл бойынша, өлген баласын тірілткен әйелге «Кете бер, балаң тірі» деген, емдеген адамдарына тек «Төсектен тұр да, жүр» деген. Негізінде мұғжизалар аздаған қол әрекетімен бітетін. Бұл мұғжизаларға көбіне Иса алейһиссаламның мейірімділігі мен қамқорлығы себеп болатын. Бір күні жолдың бойында екі соқыр адамды кездестірді. Олар Иса алейһиссаламнан көмек сұрады. Иса алейһиссалам оларға жаны ашып, олардың көзін сипаған кезде, көздері ашылды. Лука айтып берген мұғжизасына келетін болсақ, ол да Иса алейһиссаламның қаншалықты мейірімді болғандығын көрсетеді. Иса алейһиссалам бір әйелдің жалғыз баласының жаназа рәсімдеріне кезігеді. Әйелге қатты жаны ашығандықтан, баланы тірілткен. Қазір бұл мұғжизаларды жоққа шығаратын көптеген христиандар бар. Бір ғалым Иса алейһиссаламға иман келтірсе де, оның осындай мұғжизалар жасай алмайтынын айтады. 1162 [м.1748] жылы-ақ атақты тарихшы шотландиялық Дэвид Юм былай жазған: «Мұғжиза дегеніміз – табиғат заңдарының бұзылуы деген сөз. Табиғат заңдары нақты және тұрақты негіздерге құрылған. Оларды өзгерту мүмкін емес. Сондықтан мұғжизаларға сенуге болмайды.»

Бірақ, ең маңызды болғаны, қазіргі заманның дін адамы Рудольф Батманның сөздері болып табылады. Бұл теолог: «Үйінде электр жарығы бар, радио мен теледидар қолданатын адам Інжілдердегі қиялдың жемісі болып саналатын мұғжизаларға сенбейді» деген.

Бұл мұғжизалардың негізін түсіну және оларды қисынды түрде түсіндіру үшін көптеген тәжірибелер жасалған. Мысалы, екі балықпен 5000-нан астам адамның тойдырылуы, ақиқатында, мүлдем басқаша түрде жүзеге асқан. Иса алейһиссалам басқа насранилермен бірге қыдыруға шыққан, тамақ жейтін уақыт келген кезде әркім өзі алып келген нәрселерін ортаға қойған. Иса алейһиссалам да екі балық пен бес нанды соларға қосқан, бәрі бірге тамақтанған. Иса алейһиссаламның теңіздің үстімен жүріп, хауарилердің кемесіне баруы да толығымен оптикалық қателік болып саналады. Тұманды кезде теңіздің жағалауында жүрген адам теңіздің бетінде жүргендей болып көрінетінін білеміз. Дауылдың басылғанына келетін болсақ, Иса алейһиссалам белгі берген кезде дауыл онсыз да тоқтай бастаған еді. Белгі бермесе де тоқтайтын еді деп ойлауға болады. Негізінде осы мұғжизалардың барлығы оларды көрген адамдар тарапынан жеткізілген. Сондай құбылысты көрген адам өз сезімдеріне беріліп, ол оқиғаны кішірейтіп немесе асырып көрсетуі мүмкін. Не болмаса ақиқатқа сай қылмай, өз көргеніндей емес, болжағанындай айтуы мүмкін. Бірақ, мынаны да ұмытпауымыз керек, қазір осы мұғжизаларға қатысты тартыстар тоқтағандай, енді Інжілдегі мұғжизаларға сенетіндер қалмағандай деуге болады. Бір танымал архиепископ: «Адам бұл мұғжизаларға сенбесе де шынайы христиан бола алады. Өйткені, христиандықтың негізі Аллаһқа сену және адамдарға жанашырлық таныту» деген. Демек, біз Інжілді оқыған кезде оның ертегі кітабы екенін және онда айтылған мұғжизалардың тек қиял әлемінде туындағанын қабылдасақ та, қабылдамасақ та, мұның діндарлықпен ешқандай қатысы жоқ екен.

Мына нәрсе назар аударарлық: Иса алейһиссаламның мұғжизалары оны бір жағынан әлемге танытса, екінші жағынан көптеген адамның дұшпандығына себеп болды. Яһуди дін адамдары Иса алейһиссаламның Бейтанияда ауру адамды жазғанын, Лазарды тірілткенін естіген кезде: «Бұл адам осындай мұғжизаларымен барлық адамдарды өзіне тартып жатыр. Енді ол өзін Аллаһтың орнына қоя бастады. Оның зиянынан өзімізді қорғау үшін оны өлтіруіміз керек» деп шешім қабылдап, Одан римдіктерге арызданады. Иса алейһиссалам бұл кезде соңғы мұғжизасын жасап, өзін ұстауға келген әскерлердің ішіндегі Петрус тарапынан құлағы кесілген қызметшінің құлағын орнына салып береді, осылайша бүкіл әлемге «адамдардың дұшпандарға да мейірімді болу керектігін» көрсеткен еді.

[Яһуди дін адамы Г. Хирш Грецтің «History of the Jews» кітабындағы баяндамасы бойынша, яһудилер өз қоғамдарының Тәураттың бұйрықтарына толық бағынуларын қамтамасыз ету үшін «Жетпістер мәжілісін» құрды. Бұл мәжілістің басшысын «Бас кохен (көріпкел)» деп атады. Яһуди жастарына мектептерде дінді үйрететін, Тәуратты түсіндіретін яһуди дін адамдарын «Жазушылар» деп атады. Олардың Тәуратқа жасаған түсіндірмелерінің, қосымшаларының бір бөлігі кейіннен жазылған Тәураттарға қосылған. Інжілдерде айтылатын жазушылар міне осылар. Олардың тағы бір міндеті, яһудилердің Тәуратқа бағынуын қамтамасыз ету.]

Иса алейһиссаламның мұғжизалары осыдан кейін тоқтады. Римдіктер Оны ұстап, Иродтың алдына апарған кезде Ирод Одан мұғжиза көрсетуін сұрағанда Иса алейһиссалам жауап берместен үндемей алдына қарап тұрды. Өйткені, оның міндеті біткен, Аллаһу та'аланың оған тапсырған міндеті аяқталған болатын. Басқаларға әр түрлі көмек көрсеткен бұл пайғамбар өзіне көмек бере алмайтын еді. Өйткені, Ол адамдарды құтқару үшін жіберілген болатын. Өзін құтқару үшін емес! Аллаһу та’аланың Оның бұл әрекетіне қаншалықты разы болғандығы Оны аспанға көтеруінен белгілі.

«Мұғжизаларға сенесіз бе?» деген сұрақ әрдайым көп сұралады. Иә, қазіргі ұрпақтың мұғжизаларға сенуі қиын. Бірақ, ұмытпайық, иман толық логикамен түсіндірілмейді. Иман – сүйіспеншілік деген сөз, логикамен байланысты емес. Адамдарға біраз рухани құқық та берілуі керек. Біз бала кезімізде ертегілерді қалай қызығып тыңдаушы едік, өскеннен кейін ертегілердегі сөйлейтін аңдардың, перілердің, сиқыршылардың шын еместігін біліп, қаншалықты ренжіген едік! Мұғжиза мәселесіне көп тоқталмайық. Қисынды түрде ойлайтын адамның өзі христиандықтың мұғжиза қанаттарының үстінде дүниеге түскенін, ертегі болса да, ойлаудан рахат алады деп ойлаймын.» Хаусердің жазбасы осы жерде бітті.

Бұл мақала бізді де ойландырады. Өйткені, уақыт өте келе Қасиетті кітаптағы кемшіліктер мен қателерді тапқан христиандар енді Қасиетті кітаптың ешбір сөзіне сенбеуде, тіпті мұғжизаларын да теріске шығаруда. Христиан бола тұра Тәурат пен Інжілдердің Аллаһтың сөзі болуы мүмкін емес екенін түсінген ағылшын философы Дэвид Юм мен Рудольф Бутман есімді поп христиандыққа және қолдарындағы Тәурат пен Інжілдерге қарсы жек көрушілік сезімдерін баяндаған. Осы арада ғылым мен әдеп негіздеріне қарсы келіп, шынайы Аллаһтың сөзі болған Құран кәрімде көрсетілген мұғжизалар туралы да қияли пікірлер айтудан тартынбаған. Осындай ғылыми негізге сүйенбейтін, бірақ ғылымның атынан жазылған қатарларды оқыған жастар олардың авторлары сияқты қате пікірге ие болады. Таза ойлы жастарды осындай қауіптен құтқару, адамдарға қызмет етуді қасиетті міндет деп санайтын арлы адамдар үшін басты міндет болып саналады. Біз де осындай ниетпен жақсылық пен ізгілікті бұйыратын Аллаһу та’аланың разылығына қауышу үшін ұлы Ислам ғалымы Ахмед Касталанидің (рахметуллаһи алейһ) «Мәуаһиб-и ләдуннийа» кітабынан алынған төмендегі үзіндіні ұсынамыз:

Пайғамбарлардың (алейһимуссалауату уәттаслимат) Аллаһу та’ала тарапынан жіберілгендіктерін, ақиқатты айтқандықтарын көрсететін таңғажайып құбылысқа «Мұғжиза» делінеді. Пайғамбардың мұғжиза көрсеткен кезде: «Сенбесеңдер сендер де істеңдер, істей алмайсыңдар!» деп айтуы керек. Мұғжиза қалыпты жағдайға, жаратылыстану заңдарына қарсы болған нәрсе. Сондықтан жаратылыстану ғалымдары мұғжиза жасай алмайды. Осындай таңғажайып нәрсе көрсеткен адам мұны алдын ала айтпай, «сендер жасай алмасаңдар» демесе, оның пайғамбар емес, әулие екендігі аңғарылады және жасаған нәрсесі «Керемет» деп аталады. Басқалардың жасаған осындай нәрселері «Сиқыр» деп аталады. Сиқыршылар жасаған нәрселер пайғамбарлардан (алейһимуссалауату уәттаслимат) немесе әулиелерден (рахимә-һумуллаһу та’ала) де көрінуі мүмкін. Перғауынның сиқыршылары жіптерді жыланға айналдырғанда Мұса алейһиссаламның аса таяғының одан да үлкен жыланға айналып, оларды жеп қоюы осындай. Сиқырларының бұзылғанын және өздері жасай алмайтын мұғжизаны көргенде барлығы Мұса алейһиссаламның пайғамбар екендігіне сенді. Перғауын өлтіремін деп қорқытса да, зұлымдық көрсетсе де, имандарынан қайтпады. Пайғамбарлардың (алейһимуссалауату уәттаслимат) мұғжизаларын және әулиелердің (рахимә-һумуллаһу та’ала) кереметтерін әрқашан Аллаһу та’ала жаратады. Жаратылыстану заңдарына, табиғат құбылыстарына сай келетін істерді белгілі себептердің ықпалымен жаратса, ал мұғжизаларды мұндай себептерсіз жаратады. «Мұғжизалар»  «Бурхан» немесе «Аят» деп те аталады. Сиқыр денелердің физикалық ерекшіліктерін, пішіндерін өзгертеді, заттың құрылымын өзгертпейді. Мұғжиза мен керемет екеуін де өзгерте алады.

Пайғамбарлардың соңғысы Мұхаммед алейһиссаламның келетіндігі және кейбір сипаттары және Арабия түбегінен шығатындығы және келетін уақыты жақындағанда байқалатын ғажайып нәрселердің болатындығы Тәурат пен Інжілде білдірілген еді. Бұлардың хабар берілуі Мұса және Иса алйһимуссалам үшін мұғжиза болғаны секілді, Мұхаммед алейһиссалам үшін де мұғжиза болып саналады. Аллаһу та’ала әрбір пайғамбарға сол заманда мәшһүр болған, құнды саналған нәрселерге ұқсайтын мұғжизалар нәсіп еткен. Ал Мұхаммед алейһиссаламға барлық пайғамбарларға берген мұғжизаларының ұқсасын берумен қатар, басқа мұғжизалар да берген. Тірі кезінде көрсеткен мұғжизаларының үш мыңнан астам екендігі түрікше «Мират-и каинат» кітабында жазылған. Олардың сексен алтысы осы кітаптың «Мұхаммед алейһиссаламның мұғжизалары» деген бөлімінде білдірілген.

Әһли сүннет болмаған мұсылмандардың бір бөлігі және ғалым ретінде танылған кейбір дін надандары мұғжизалардың бір бөлігіне немесе ешбіріне сенбейді. Олар «жаратылыстану ғылымдарына сай келмейді» дейді. Олардың кәпір болғандарына Исламды таныту, әуелі оларды иманға қауыштыру керек. Ал иманы барлар мұғжизаларға сенеді. Өйткені, қиямет уақытында жердің, аспанның, жандылардың, жансыздардың өзгеретінін, құрылымдарының бұзылатынын Құран кәрім хабар беруде. Жаратылыстану ғылымдарының тысындағы бұл өзгерістерге сенетін адамның мұғжизаларға да сенуі керек. Біз «Пайғамбарлар (алейһимуссалауату уәттаслимат) мұғжиза жасайды, әулиелер (рахимә-һумуллаһу та’ала) керемет жасайды» демейміз. Бұлай айтсақ, сенбейтіндердің дұрыс екенін қолдаған болар едік. Бірақ, біз «Аллаһу та’ала пайғамбарларында (алейһимуссалауату уәттаслимат) мұғжизалар, әулиелерінде (рахимә-һумуллаһу та’ала) кереметтер жаратады» дейміз. Жаңа жаратылыстану ғылымдарын меңгерген, биологиялық және астрономиялық құбылыстарды түсінген ақылы толық, ынсапты адам молекуладан Аршқа, атомнан күнге дейінгі барлық жанды-жансыз болмыстардың есеппен жаратылғанын және барлығы бір-бірімен байланыста, бір машинаның бөлшектері сияқты жұмыс істейтінін бірден аңғарады. Көрген, білген адам шексіз құдірет иесінің бұларды қалағанындай жаратқанына, бәрін басқарып жатқанына бірден сенеді. Осы ұлы жаратушының мұғжизалар, кереметтер жаратуын да қалыпты жағдай деп қабылдайды. Ғылым адамы ретінде айтамыз, мұғжизалар хақ, оларды тек Аллаһу та’ала жаратады және пайғамбарларына (алейһимуссалауату уәттаслимат) береді. Пайғамбарлар (алейһимуссалауату уәттаслимат) өз беттерінше Аллаһу та'аланың рұқсатынсыз мұғжиза жасай алмайды. Иса алейһиссаламның ауруларды жазуы, өліні тірілтуі сияқты мұғжизалары Аллаһу та’аланың жаратқан мұғжизалары болып табылады. Осындай екендігі Құран кәрімде баяндалған. Бірақ, қазір қолдарындағы Інжілдердің дұрыс еместігіне көзі жеткен христиандар осы кітаптары білдірген ешбір нәрселеріне сенбей, дінсіз болуда.

Христиандар қазіргі Қасиетті кітаптарға қалайша сенеді? Сіз де осы сәтке дейін көргеніңіздей:

1) Қасиетті кітапта Аллаһтың сөзі ретінде қабылдайтын өте аз үзінді кездеседі.

2) Қасиетті кітаптағы кейбір сөздердің Аллаһтың сөзі емес, пайғамбардың сөзі екендігі олардың есімімен айтылады.

3) Қасиетті кітапқа кім тарапынан айтылғаны белгісіз болған көптеген сөздер қосылған.

4) Хауарилердің хикаяларына көптеген ертегілер, аңыздар қосылғандығы христиан дін адамдарының өздері мойындайды.

5) Хауарилердің Иса алейһиссалам туралы хабарлары бір-бірінен өзгеше.

6) Шынайы Інжілден алынған сөздер кездесетін «Варнава Інжілі» сияқты кейбір Інжілдер христиандар тарапынан жойылған.

7) Қасиетті кітап қазірге дейін өте көп рет діни кеңестер тарапынан зерттелген, өзгертілген. Бұл зерттеулер әлі де жалғасып келеді. Бір мәлімет бойынша, қазір қолда бір-бірінен өзгеше 4000 түрлі Қасиетті кітап бар. Әрбір зерттеу кеңесі өзінен бұрынғы Қасиетті кітаптың ішінде үлкен қателер бар екенін мәлімдеуде.

8) Императорлар, корольдер Қасиетті кітапқа өзгерту енгізуге бұйрықтар берген және бұл бұйрықтары іске асырылған.

9) Қасиетті кітаптың сөздерін Аллаһтың сөзі деуге келмейді. Әсіресе Ескі өсиеттің кейбір бөлімдері балалардың қасында оқуға болмайтындай әдепсіз нәрселерге толы.

10) Қасиетті кітапта 50000 қате бар екенін еуропалық христиан журналдары жазуда. Осы қателердің ең маңыздысы болған үш тәңір ұғымын түзету үшін қазір христиандар қызу жұмыс жүргізуде.

11) Қасиетті кітаптың Аллаһтың сөзі емес, «адамның туындысы» екендігін христиан дін адамдары да мойындайды.

Қадірлі оқырман қауым! Жоғарыдан бері қазіргі Қасиетті кітапты бізбен бірге зерттедіңіз. Бұл зерттеуде біз бейтарап көзқарасты ұстандық. Ислам ғалымдарының емес, тек ХРИСТИАН ДІН АДАМДАРЫНЫҢ зерттеулерін көрсеттік. Олар Қасиетті кітаптардың ішіндегі әр түрлі сөздерді алып тастап отырды. Әр адам қазір сатылып жатқан Қасиетті кітаптардың бірін алып, бұларды зерттеп, тексеріп көруіне болады. Көрсеткен бөлімдеріміздің Қасиетті кітаптың қай кітабында, қай бабының қай аяты екенін жаздық және дұрыстығын ұзағынан зерттедік.

Осындай кітапты уахи етіп түскен күннен қазірге дейін бірде-бір әрпі өзгермеген Құран кәріммен қалай салыстыруға болады? Бәріміздің шығарған қорытындымыз мынадай болса керек:

Аллаһтың сөзі ешқашан өзгертілмейді. Нұқсан, қате бөлімдері бар, әрдайым адамдар тарапынан өзгертіліп отыратын және адам қолымен жазылғандығы поптар тарапынан да мойындалған кітап «Аллаһтың сөзі» БОЛА АЛМАЙДЫ.

Аллаһу та’аланың кітабында болуы қажетті насихат, уағыз, жақсы мен жаманды айыру, дүние мен ахиретті түсіндіру, жұбату сияқты мәселелердің қайбірі қазіргі Қасиетті кітаптарда кездеседі?

Плэйн Труз журналының 1395 [м.1975] жылғы шілдедегі санында былай жазылған: «Христиан болмаған оқымысты адамдарға олардың пікіріне әсер ететіндей кітап көрсете алмайтынымызды мойындайық. Олар бізге бір-бірінен өзгеше Інжілдерді көрсетіп, Сендер әлі өз араларыңда келісе алмапсыңдар. Бізге қалай дінді үйретпекшісіңдер? – деп айтады.»

Жоғарыда есімі аталған Ахмет Дидат айтып берген:

«1939 жылы Адамс Миссионда дінбасы мектебінің қасындағы бір ұйымда қызмет атқардым. 20 жаста едім. Дінбасының мектебінде оқитындар үнемі мен жұмыс істейтін жерге келіп, маған және мұсылман достарыма Ислам діні, Мұхаммед алейһиссалам және Құран кәрім туралы өшпенділік пен жек көрушіліктерін ең ауыр сөздермен айтып, бізбен тартысатын еді. Олардың сенімі бойынша мұсылмандар әлемнің ең төменгі махлұқтары және Ислам діні қате дін. Мен өте сезімтал болғаным үшін олардың бұл сөздеріне қатты ренжіп, түнде ұйықтай алмай шығатынмын. Оларға жауап бере алмайтынмын. Өйткені, христиандық түгілі өз дінім туралы да негізгі мәліметтерім жоқ болатын. Осыған байланысты ең алдымен Қасиетті кітап пен Құран кәрімді зерттеп, христиандық пен мұсылмандық туралы мәліметімді арттыруға, осы тақырыпта жазылған кітаптарды оқуға шешім қабылдадым. Қырық жылдан бері осымен айналысып келемін. Бұл мәселеде ең үлкен жәрдемшім Үндістандық Рахметуллаһ мырзаның (рахимә-һуллаһу та’ала) Стамбұлда жазған араб тіліндегі «Изхарул хақ» кітабы болды. [Бұл атақты кітап 1280 [м.1864] жылы Мысырда басылған, көптеген тілдерге аударылған. Рахметуллаһ мырза 1306 [м.1889] жылы 75 жасында Меккеде қайтыс болды.] Соңында біраз уақыттан кейін ақиқат көз алдымнан күндей жарқырап шыға келді. Енді барлық нәрсені егжей-тегжейлі білген және түсінген едім. Бұдан кейін маған келген поп үміткерлері менен қажетті жауаптарын алып, ауыздары ашылып, алдына қарап кететін болды. Мен оларға жауап берген кезде олар сияқты дөрекі сөздер қолданбай, керісінше Аллаһу та’ала бұйырғандай жылы сөзбен сөйлейтін едім. Қасиетті кітапты өте мұқият зерттеп, олардың кемшіліктерін айтып бергеннен кейін олар маған беретін жауап таба алмай, әсіресе Қасиетті кітапты олардан артық білгеніме таң қалатын. Енді олар маған құрмет көрсете бастады.

Сол кездері қолыма протестант миссионер поп Гео Г. Харрис есімді адам дайындаған бір кітап түсті. Бұл кітап «Мұсылмандарды қалай христиан етуге болады?» деп аталатын. Кітапта поп мына нәрселерді кеңес береді: «Мұсылмандарды христиан ету өте қиын. Өйткені, мұсылмандар өз салттарына берілген және өте қырсық. Оларды христиан ету үшін төмендегі үш тәсілді қолдану керек:

1) Мұсылмандарға қазіргі Қасиетті кітаптың, яғни Тәурат пен Інжілдің шынайы Тәурат пен Інжіл еместігі, шынайы Інжілдің өзгертілгендігі айтылуда. Олардан мынаны сұраңыз:

а) Қолдарыңда шынайы Тәурат пен Інжілдің нұсқасы бар ма? Бар болса көрсетіңіз!

ә) Қазіргі Тәурат және Інжіл мен шынайы деп санаған Інжіліңіздің арасында қандай айырмашылық бар? Бұл айырмашылықтар қай жерінде және қанша?

б) Айтқан айырмашылықтарыңыз әдейі жасалған ба, әлде сөз айырмашылықтары ма?

в) Сізге бір Қасиетті кітап көрсетемін. Маған өзгертілген жерлерін көрсетіңіз.

г) Сізге көрсеткен жерім бұрын қалай оқылатын еді?

2) Қасиетті кітапта өзгертілді деп айтқан бөліміңіз кім трапынан және қашан жасалған?

3) Мұсылмандар қолымыздағы Қасиетті кітаптың не шынайы Тәурат пен Інжілдердің ойдан шығарылғанына, не адамдар тарапынан жазылған басқа кітап екеніне сенеді. Мұсылмандардың айтуы бойынша қазіргі қолымыздағы Қасиетті кітаптың Иса алейһиссалам әкелген Інжіл және Тәуратқа ешқандай қатысы жоқ. Бірақ, оларға жоғарыдағы сұрақтарды қойсаң, жауап бере алмайды. Өйткені, мұсылмандардың көпшілігі сауатсыз. Қасиетті кітап шынайы емес деген пікірлер тек әркімнен естігендерінен құралған. Олар «Ахд-и атиқ – Ескі өсиет», яғни Тәурат және «Ахд-и жәдид – Жаңа өсиет», яғни Інжілдер туралы білуі былай тұрсын, тіпті өз діндерін де керекті мөлшерде білмейді. Оларға бірнеше қиын сұрақтар қойылатын болса, сасып қалады, қалай жауап беретінін білмейді. Сонда оларға «Сендерге бұл мәселе бойынша біраз мәлімет берейік» деп Қасиетті кітаптан тез түсінетін жақсы үзінділерді жай дауыспен, жылы сөзбен, күлімдеген жүзбен оқыңыз. Оларға түсіне алатындай ашық тілде жазылған және христиандықтың ізгіліктерін көрсететін брошюралар мен кітаптар беріңіз. Оларды христиан болуға мүлдем қинамаңыз. Ойланып, шешім қабылдауға уақыт беріңіз. Егер осылай әрекет ететін болсаңыз, оларды христиан қыла алатыныңызға сенімді болыңыз. Ең болмағанда жүректеріне күмән саласыз.»

«Менің ойымша, қазір менің христиандық және қазіргі Інжілдер туралы жазған ағылшын тілінде таратқан кітаптарымды оқыған мұсылмандар поп Гео.Г.Харристің жоғарыда жазылған сұрақтарына оңай жауап бере алады. Мен дәл жиырма жыл еңбектеніп, қазіргі Тәурат пен Інжілдердің көптеген қателерін таптым және олардың Аллаһтың кітабы емес екендігін дәлелдедім. Тек мен ғана емес, христиан дін адамдары мен ғалымдарының өздері де осындай пікірде. Бірақ, олардың жазған еңбектері мен мақалаларын оқу үшін шетел тілін білу және осы еңбектерді табу керек. Мұсылмандардың көпшілігі шетел тілін білмейді және қымбат кітап сатып алуды қалталары көтермейді. Сондықтан, бұл кемшіліктердің орнын толтыру мақсатында осы кітапшаларымды мұсылмандар қолданатын тілдерде жазып, әлемге таратып, біразын тегін сый ретінде таратудамын» дейді.

Бір миссионер былай дейді:

«Мұсылмандарды христиан қылу католиктер тарапынан да, протестанттар тарапынан дамақұлданған іс болып табылады. Өйткені, мұсылмандарды христиан қылу өте қиын. Өйткені, мұсылмандар бәрінен бұрын өз салттарын берік ұстанады. Бірақ, төменде көрсетілген негіздер жақсы нәтиже беруде:

1) Мұсылмандар көбінесе кедей адамдар. Кедей мұсылманға көп ақша, сыйлық, киім-кешек беру арқылы немесе бір христианның қасынан жұмыс беріп, оны христиандыққа тарту керек.

2) Мұсылмандардың көпшілігі жаратылыстану және дін саласында сауатсыз. Қасиетті кітап туралы да, Құран кәрім туралы да мәліметтері жоқ. Ғибадат жасау үшін өздеріне көрсетілген нәрсені шарттарын түсінбестен және нағыз ғибадаттың не екенін білместен ғапіл болып орындайды. Көпшілігі араб тілін білмегені және Ислам білімдерінен бейхабар болғаны үшін Құран кәрімнің мазмұнын және Ислам ғалымдарының кітаптарындағы егжей-тегжейлі мәліметтерден толықтай хабарсыз. Жаттап алған кейбір аяттарының тәфсирін білместен оқиды. Қасиетті кітапты мүлдем білмейді. Оларға ұстаз болып жүрген мұсылман дін адамдарының көпшілігі Ислам ғалымы емес. Олар мұсылмандарға тек ғибадаттың қалай жасалатынын көрсетеді. Олардың рухын тәрбиелемейді. Осылай жетілген мұсылмандар дін туралы терең білімді меңгерместен, діннің негіздерін білместен, көрсетілген түрде ғибадат жасайды. Мұсылмандыққа деген сүйіспеншіліктері мұсылмандықтың негіздерін білгендіктерінен емес, әке-шешелерінен көрген, ұстаздарынан үйренген нәрселеріне деген күшті сенімдерінен туындайды.

3) Мұсылмандардың көбі өз тілдерінен басқа тіл білмейді. Христиандық туралы немесе христиандыққа қарсы мазмұнда жазылған кітаптарды оқу былай тұрсын, әлемде мұндай кітаптардың бар екендігінен де хабарлары жоқ. Оларға өз тілдерінде жазылған христиандықты мақтайтын кітаптар беріңдер, оқысын. Осы кітаптарды берген кезде ішіндегі мәліметтердің олар түсіне алатындай өте жеңіл тілмен және ашық мағыналы түрде жазылуына қатты мән беріңдер. Ауыр мағыналы сөйлемдер, ауыр пікірлер кездесетін кітаптардың ешқандай пайдасы жоқ. Олар бұларды түсінбейді және оқыған кезде жалығып, тастай салады. Қарапайым сөз, қарапайым сөйлем, жалықтырмайтын мазмұн қолдануды негізге алған жөн. Алдыларыңдағы адамдардың өте сауатсыз екенін және милары тек қарапайым сөздерді түсіне алатынын ұмытпаңдар.

4) Оларға әрдайым мынаны түсіндіріңдер: «Егер христиандар мен мұсылмандар Аллаһу та’алаға иман еткен болса, демек Раббылары бір. Бірақ Аллаһу та’ала христиандықты хақ дін деп қабылдайды. Мұның дәлелі айқын. Өзіңіз қараңыз, әлемдегі ең бай, ең мәдениетті, ең бақытты адамдар – христиандар. Өйткені, Аллаһу та’ала оларды қате жолдағы мұсылмандардан артық көреді. Ислам мемлекеттері жоқшылықта, мұқтаждықта өмір сүріп жатқанда, христиан мемлекеттерінен көмек сұрап жүргенде, ғылым мен техникада артта қалған дәуірде, христиан мемлекеттері жоғары мәдениет деңгейіне көтеріліп, күн өткен сайын дамуда. Көптеген мұсылмандар христиан мемлекеттеріне жұмыс іздеп баруда. Өнеркәсіпте, ғылымда, техникада, саудада, қысқасы барлық салада христиандар мұсылмандардан ілгері тұрады. Мұны өзіңіз де көріп жүрсіз. Демек, Аллаһу та’ала Ислам дінін дұрыс дін деп қабылдамайды. Оның қате дін екенін осы ақиқат арқылы көрсеткісі келеді. Аллаһу та’ала хақ дін болған христиандықтан шыққандарды жазалау үшін оларды әрдайым жаман жағдайда қалдырады және мұсылмандар ешқашан бірікпейді.»

Міне, миссионерлер осындай жалған сөздермен мұсылмандарды алдауға, христиандыққа кіргізуге тырысуда. Қолдарында ақшалары көп болғандықтан, оны көп мөлшерде осы мақсатқа қолдануда, ұйымдар, ауруханалар, асханалар, мектептер, жаттығу залдарын, көңіл көтеру орындарын, құмарханалар, жезөкше үйлерін салу арқылы мұсылмандардың адамгершілік қасиеттерін жоюға тырысуда.

Қазір «Иегова куәгерлері» деп аталатын христиан миссионерлері жоғарыда айтылған сыпайы, жылы сөздермен мұсылман балаларын алдауға, оларды христиандыққа кіргізуге тырысуда. Телефон анықтама кітаптарынан алған адрестеріне брошюралар, кітаптар жібереді. Көрікті киінген сұлу қыздар үй-үйді аралап, осы кітаптарды таратады. Алайда 1296 [м.1879] жылы Бейрутта ашылған «Матбаатул католикийа» баспаханасы түрлі тілдерде Інжілдер басты. 1908 жылы басуды бастаған «Әл-мүнжид» деген арабша сөздік кітапта «Йехве [Иегова] куәгерлері деп аталатын адасқан топты Ч.Тейз Руссель 1872 жылы АҚШ-та құрған. Қасиетті кітаптан өз түсінігі бойынша қате мағыналар шығарған, 1334 [м.1916] жылы өлген. Йехве сөзі Аллаһу та’аланың Тәуратта жазылған есімі» делінген. Олардың да қате екендігі және «Иегова» сөзінің дұрыс еместігі осы христиан кітабынан аңғарылуда. Аллаһқа шүкір, мұсылмандар осындай жалтыраған, айла қосылған өтіріктерге алданбауда. Бұл христиандыққа деген жеккөрушіліктің, сенімсіздіктің артуына себеп болуда. Аллаһу та’алаға шүкірлер болсын, мұсылмандар олардың ойлағанындай сауатсыз адамдар емес. Иә, осыдан 40-50 жыл бұрын еуропа тілінің бірін білетін, жоғарғы оқуды бітірген мұсылмандардың саны көп емес еді. Бірақ, бұған қарамастан, барлық мемлекеттерде, барлық қалаларда, тіпті ауылдарда балалар мектептері, медреселер бар болатын. Бұл медреселерде діни білімдермен қатар, замандарының жаратылыстану, математика, астрономия пәндері де оқытылатын. Сол кездерден қалған кітаптар мен медреселердің оқу бағдарламалары осы сөздеріміздің дәлелдері. Мешіттерді, мектептерді, зекетті, мирасты бөлу сияқты ғибадаттарды және сауда-саттықтардың, қорлардың есептерін жүргізу үшін математиканы жақсы білу керек. Ата-аналар балаларын кіші жасынан осы медреселерге беруде өзара жарысқа түсетін. Баласын медресеге берерде салтанатты рәсімдер атқарылып, той жасалатын еді. Баланың көркем, сәнді киімдерінің, әшекейленген сөмкелерінің, отырғызылған көліктерінің әшекейлері және жиналған мәуліт қауымдарында білім үйренуге қаншалықты мән бергендігінің естеліктері балаға өмір бойы құрмет пен мақтанышқа себеп болатын еді. Медреселерді жақсы бағамен бітіргендердің әскерлік міндеттен босатылуы және жоғары лауазымдарға тағайындалуы жастарды білім алуға әуестендіретін. Тіпті ауылда тұратын шопандардың да діни және ахлақ білімдері таңқаларлықтай жоғары еді. Бұл бақытты жағдай масон болған және Исламды бұзу үшін британдықтармен біріккен Рашид пашаның сыртқы істер өкілі болып тұрған кезінде дайындаған «Танзимат» заңы қабылданған 1255 [м.1839] жылына дейін жалғасты. Қазіргі кезде де мұсылмандардың қолында Ислам дінінің негіздерін түсіндіретін көптеген кітаптар бар. Бұлардың бір бөлігін дайындау абыройына қауыштық, бұл біз үшін қандай үлкен бақыт. «Жауап бере алмады» кітабымыз және осы «Иман және Ислам» кітабы өте қарапайым тілмен жазылып, батыстықтардың өз кітаптары туралы айтқан «жылы сөзді болу» сипатына сай әзірленуіне мән берілген. Кітаптарымыздың барлығы шығыс пен батыстың ең үлкен ғалымдарының христиандық пен Ислам туралы пікірлері мен үкімдерін қамтитын туындылар. Олардың бір бөлігін Еуропа тілдеріне аударып, жарияладық. Бұл кітаптардың елімізде де, шетелдерде де тигізген әсерін көріп, мақтан тұтудамыз. Әлемнің барлық тарапынан келген алғыс хаттар көрген қиындықтарымызды ұмыттыруда. Алған шексіз хаттарымыздың көбінде бізге «Шынайы мұсылмандықты осы кітаптардан үйрендім» делінген. Біз үшін бұдан асқан марапат жоқ. Бұл кітаптарды оқыған әрбір мұсылман адам діндер туралы өзінен мәлімет сұраған әр адамға қажетті жауапты оңай бере алады және сұраған адамды осы мәселедегі білімімен таңқалдырады.

Шынайы мұсылмандықты үйренгеннен кейін оның тартымдылығын сезінбеу мүмкін емес. Бұл кітабымыздың «Мұсылмандық және христиандық» бөлімін қарап шықсаңыз, көптеген христиан ғалымдардың, жоғары лауазымдағы христиандардың ешкімнің ықпалында қалмастан, өз еріктерімен діндерін ауыстырып, мұсылмандықты қабылдағанын көресіз. Кітаптарымызды оқыған мұсылман адам миссионерлердің жоғарыда жазылған үгіт жұмыстарына тек күліп қарайды. Өйткені, христиандықтың байлық, береке, бақыт әкелетіні туралы айтқан сөздері мүлдем дұрыс емес. Христиандықтың бір мемлекеттің дамуына, ілгерілеуіне, баюына қызмет етуі былай тұрсын, керісінше бұлардың бәріне кедергі екендігі, христиандық еуропа елдеріне басқарушы болған Орта ғасырларда байқалған. Фанат христиандар дамуға тосқауыл болған, ғылым мен техниканың ашқан жаңалықтарын күнә деп санаған, адамдардың дүниеге тек азап шегу үшін келгенін айтып, көне Грек және Рим ғалымдарының еңбектерін құртқан, көне мәдени туындыларды өртеп жойған, дүниені тас-түнекке айналдырған. Бірақ, Ислам діні келіп, дүниеге таралғаннан кейін көне мәдени туындылар қайтадан жарыққа шығарылып, бұрынғы ғылыми білімдер мұсылмандар тарапынан ашылған жаңалықтармен толықтырылып, оқытыла бастады. Ислам университеттері ашылып, өнеркәсіп пен сауда дамыды. Адамдар бейбіт өмір сүре бастады. Ғылым, жаратылыстану және медицина тек қана мұсылмандарда дамығындықтан, папа Сильвестер ІІ. Андалусия Ислам университетінде оқыған, Испания королі Санчо ауруын емдету үшін Ислам дәрігерлеріне жүгінген. Еуропада жаңа кезең  болған «Ренессанс»-ты құрушылар мұсылмандар болды. Қазіргі ынсапты барлық еуропалық ғалымдар мұны мойындауда.

Христиан дінінің адамзатқа не бергендігі туралы ең жақсы пікірді атақты неміс философы Нитч айтқан:

«Христиандықтың әлемді жаман етіп көру қалауы мен үкімі әлемді шынымен де жаман етті.»

Миссионерлер алға тартқан екінші мәселесіне, яғни бүгін христиандардың ауқатты өмір сүріп жатқанына, ал мұсылман мемлекеттердегі халықтың кедей және бейшара болып жүргеніне келетін болсақ, рас болған бұл жағдайдың дінмен ешқандай қатысы жоқ. Ақылы толық әрбір адам, егер қазір мұсылмандар кедейлік пен мұқтаждықта болса, мұндағы кемшілік ұлы діндері Исламда емес, бұл діннің негіздерін білмейтін немесе біле тұра қолданбайтын адамдарда екенін байқайды. Христиандардың ғылым саласында ілгерілеуінде болса, қандай кітап екенін жоғарыда көрсетілген Қасиетті кітаптың, Тәурат пен Інжілдің емес, иман келтірмеген болса да, Құран кәрімнің көрсеткен бақыт жолын ұстанғандықтары, осылайша өз еңбекқорлықтарының, күш-жігерінің, туралықтарының және қайраттылықтарының себеп болғанын дереу аңғарады. Біздің дінімізде еңбектену, шыншыл, қайратты болу, барлық нәрсені үйрену қайта-қайта әмір етілген болса да, мұны орындамағандар күмәнсіз Аллаһу та’аланың азабына ұшырайды. Әйтпесе, мұсылмандардың артта қалу себебі христиан болмағандықтарынан емес, керісінше шынайы мұсылман болмағандықтары үшін.

Қараңыздар, жапондар христиан болмаса да, Құран кәрім бұйырған қайраттылық, еңбекқорлық және туралықтың нәтижесі ретінде оптикада немістерден, автомобиль өндірісінде американдықтардан асып түсті. 1985 жылы Жапонияда 5,5 миллион автомобиль жасалды, бүкіл әлем бұған қайран қалды. Жапон халқының ауқаттылық деңгейі өте жоғары. Электроника өнеркәсібінде де бүкіл әлемнен озды. Бәріміздің үйімізде бір жапондық есептеуіш машина бар. Өтірікші миссионерлер бұған не дейді екен? Дүниені басып кеткен жапон велосипедтерінің, жапон микроскоптарының, жапон компьютерлерінің, жапон телескоптарының, жапон фотоаппараттарының христиан дініне қатысы бар ма?

Бұл мәселені ілгеріде қайтадан қарастырамыз және қазір шынайы мұсылманның жасауы керек болған мәселелерді тағы бір рет қарастырамыз.

Қадірлі оқырмандарымыз! Қазіргі Қасиетті кітапты көрдіңіздер. Біз бұл кітапты сіздердің көз алдарыңызда қысқаша зерттедік. Бейтарап көзқараста болғанымызға сендіңіздер деп ойлаймыз. Енді кезек біздің дініміздің қасиетті кітабы болған Құран кәрімге келді. Оны да толығымен бейтарап көзқараспен бірге зерттейміз. Бұл зерттеуіміз біткеннен кейін шынайы Аллаһ сөзінің қай кітап екенін сіздер де айқын түрде тағы бір рет көз жеткізесіздер.