8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Маңыздының да маңыздысы

Маңыздының да маңыздысы

Сұрақ: Кейде маңызды нәрселердің маңыздырағы да болады. Осы мәселеде не білдірілген?

Жауап: Сүйікті пайғамбарымыз алейһиссалам кейбір маңызды нәрселерді білдіріп, одан да маңыздырағы жайлы хадис шәрифтерде былай деген:

«Барлық нәрсенің жолы бар. Жәннаттың жолы – ілім.» (Дәйләми)

«Барлық нәрсенің тірегі бар. Діннің негізгі тірегі – фиқһ.» (Бәйһақи)

«Барлық нәрсенің өзегі бар. Иманның өзегі – намаз.» (Бәйһақи)

«Барлық нәрсенің зекеті бар. Дененің зекеті – ораза.» (Ибн Мажа)

«Барлық нәрсенің зекеті бар. Үйдің зекеті – қонақ бөлмесі.» (А.Рифаи)

«Барлық нәрсенің есігі бар. Ғибадаттың есігі – ораза.» (Ибн Мубәрәк)

«Барлық нәрсенің негізі бар. Діннің негізі – Асхаби кирамды (сахабаларды) және Әһли бәйтті (пайғамбарымыздың отбасы мен ұрпағын) жақсы көру.» (Ибн Нәжжар)

«Барлық нәрсенің қайнары бар. Тақуалықтың қайнары – әулиелердің жүректері.» (Табарани)

«Барлық нәрсенің негізі бар. Иманның негізі – уәра (тақуалық) (Хатиб)

«Барлық нәрсенің әшекейі бар. Құран кәрімнің әшекейі – әдемі дауыс.» (Хаким)

«Барлық нәрсенің бұтағы бар. Иманның бұтағы – сабыр.» (Хатиб)

«Барлық нәрсенің жылтырағы бар. Жүректің жылтырағы – Аллаһты еске алу.» (Бәйһақи)

«Барлық нәрсенің жылтырағы бар. Жүректің жылтырағы – "Әстағфируллаһ" деп айту.» (Дәйләми)

«Барлық нәрсенің жүрегі бар. Құранның жүрегі – Ясин сүресі.» (Тирмизи) 

«Барлық нәрсенің мырзасы болады. Отырудың мырзасы – құбылаға қарап отыру.» (Табарани)

«Барлық нәрсе мен Аллаһтың арасында перде бар. Ата-ана дұғасында перде жоқ.» (Дәйләми)

«Барлық нәрсенің апаты бар. Үмбетімнің апаты – ақшаға көңіл бөлу.» (Дәйләми)

«Әр үмбеттің фитнасы (емтиханы) бар. Үмбетімнің фитнасы – ақша.» (Хаким)

«Әр үмбеттің бір саяхаты бар. Үмбетімнің саяхаты дінге қызмет.» (Табарани)

«Әр діннің ерекшелігі бар. Үмбетімнің ерекшелігі – ұялу.» (Ибн Мажа)

«Әр ағаштың жемісі болады. Жүректің жемісі – перзент.» (Бәззар)

«Барлық нәрсенің кілті бар. Жәннаттың кілті – намаз.» (Дәйләми)

«Барлық нәрсенің кілті бар. Аспанның кілті – "Лә илаһа иллаллаһ" сөзі.» (Табарани)

«Барлық дерттің шипасы бар. Жүректің (көңілдің) шипасы – Аллаһу та'аланы еске алу.» (Бәйһақи)

«Барлық дерттің дауасы бар. Тек өлімге ғана шара жоқ.» (Табарани)

«Барлық нәрсенің бұзушы пәлекеті болады. Ал бұл діннің пәлекеті – жаман басқарушылар.» (Харис)

«Барлық нәрсенің ақиқаты бар. Тағдырға сенбейтін адам иманның ақиқатына жете алмайды.» (Нәсаи)

«Барлық нәрсенің тірегі бар. Мүминнің тірегі – ақыл, әркім өз ақылына лайықты ғибадат жасайды.» (И.Ғазали)

«Иманның белгісі – Ансарды (Мәдиналық сахабаларды) жақсы көру, мұнафықтың белгісі – Ансарды жек көру.» (Бұхари)

Әһли хикмет ғұламалар айтқан:

Барлық нәрсенің құндылығы бар, ал адамның құндылығы – білімі, ихсаны және әдебі.

Барлық нәрсенің ұрығы бар. Дұшпандықтың ұрығы – қалжың мен мазақ.

Барлық нәрсенің қысқа жолы бар. Жәннаттың қысқа жолы – дінге қызмет.

Барлық нәрсе тотығады. Жүректің тотығуы – тоқтық.

Барлық нәрсенің зекеті бар, ақылдың зекеті – мұң мен тәфәккур.