16 - Шәууал, 1445 жыл.
     25 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Қиямет және Ахирет" кітабы / УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (2)

УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (2)

2) «Фәтх-ул-мәжид» атты уаһһаби кітабының қырық сегізінші және үш жүз қырық сегізінші беттерінде: «Амалдар, ғибадаттар иманнан саналады. Ғибадат етпеген адамның иманы кетеді. Иман азаяды және көбейеді. Шафии мен Ахмед және басқа да ғалымдар бірауыздан осылай айтқан» делінген.

Ғибадаттың міндет екеніне сену иманнан. Сену басқа, орындау басқа нәрселер. Бұларды бір-бірімен шатастырмау керек. Сенген болса да жалқаулықпен орындамаған кісі кәпір болмайды. Кітаптың авторы осы себептен миллиондаған мұсылманды кәпір деп айыптауда. Бір мұсылманға кәпір деген адамның өзі кәпір болады, дегенмен тәуилмен (астарлап) айтқан кісі кәпір болмайды.

Әйгілі «Әмали қасидасы» қырық үшінші шумақта: «Парыз болған ғибадаттар иманнан саналмайды» делінген. Бұл қасиданың «Нухбет-ул-ләали» атты араб тіліндегі шәрһі өте құнды. 1975 жылы Стамбұлда «Хақиқат кітап үйі» тарапынан басылып шығарылған. Имам Ағзам Абу Ханифа (рахметуллаһи алейһ) «амалдар иманның бөлшегі емес» деген. Иман – сену деген сөз. Сенудің азы-көбі болмайды. Егер ғибадаттар иманның бөлшегі болғанда, иман азаятын, көбейетін еді. Ажал жақындап, көздің пердесі алынып, азап көрінгеннен кейінгі иман қабыл болмайды. Ол кезде иманмен кеткендердің имандары тек жүрекпен болады. Ғибадаттар орындала алмайды. Аяти каримада осыған иман делінген. Аяти карималарда иманды болғандарға ғибадат етуі бұйырылуда. Осыдан да иманның ғибадаттан бөлек екендігі аңғарылуда.

Бұлардан басқа Құран кәрімде: «Иман келтіргендер мен салих амал істегендер» деген тіркес бар. Бұл да ғибадаттардың иманнан бөлек екенін көрсетуде. «Мүмин болып, салих амал істегендер» деп басталатын аяти карима амалдардың иманнан бөлек екенін айқын көрсетіп тұр. Өйткені шарттың шартталғаннан басқа болуы керек. Иман келтіріп, еш ғибадат жасамастан бірден өлген адамның мүмин екендігі бірауыздан мәлімденген. Жибрил хадисінде де иманның тек қана сену екендігі айтылған.

[Бұл қасиданың авторы Әли Оши 575 [м.1180] жылы қайтыс болған.]

Имам Ахмед, Имам Шафии, хадис ғалымдарының көбі, Ашарилер (рахимә-һумуллаһу та'ала) және Мутазила «ғибадаттар иманның бөлшегі. Иман азаяды және көбейеді. Иман мен амал басқа болса, күнә істегендердің имандары мен пайғамбарлардың (алейһимуссалауату уаттәслимат) имандары бірдей болар еді» деді. «Оларға аяттарым оқылған кезде имандары артады» аяты және «Иман артып, иесін жәннатқа апарады. Азайып, тозаққа жетелейді» хадисі иманның азаятынын және көбейетінін көрсетіп тұр деді. Имам Ағзам Абу Ханифа (рахметуллаһи алейһ) бұл пікірлерге жауап болатын үкімдерді әуелден айтып кеткен, «иманның артуы – жалғасуы, ұзақ уақытқа созылуы дегенді білдіреді» деген. Имам Малик (рахимә-һуллаһу та'ала) та осылай айтты. Иманның көп болуы – сенетін нәрселердің көбеюі деген сөз. Мысалы, Асхаби кирам Исламның алғашқы жылдарында аз нәрселерге сенетін еді. Жаңа әмір-бұйрықтар келген сайын имандары көбейіп, артып барды. Иманның артуы дегені – жүректе нұрының артуы деген сөз. Бұл нұр ғибадат арқылы артады. Күнә істеу арқылы азаяды. Осы жайында «Шәрһи Мәуақиф» және «Жәуһарат-ут-тәухид» кітаптарында кеңірек мәлімет бар.

Уаһһаби кітабының тоқсан бірінші бетінде «Сахабалардың бірі шарап ішуден бастартпады. Оған «Хад» деп аталатын дүре соғу жазасы берілді. Сахабалардың бірнешеуі оны лағнеттеген кезде Расулуллаһ «Оны лағнеттемеңдер! Өйткені ол Аллаһу та'ала мен Расулын жақсы көреді» деді» деп жазылған.

Күнә істеген адамның кәпір болмайтынын уаһһаби өз кітабында осылай жазған. «Үлкен күнә істегендер, парыздарды орындамайтындар кәпір болады» деушілердің сөзін осы хадис шәриф жоққа шығаруда. «Иманы бар адам зина істемейді. Ұрлық жасамайды» хадис шәрифінің де иманның өзін емес, кәмілдігін көрсеткенін дәлелдеуде.

Абдулғани Наблуси Алламә Биргиуидің (рахимә-һумуллаһу та'ала) жазбаларын «Хадиқа» кітабында түсіндіргенде екі жүз сексен бірінші және кейінгі беттерінде жазғанындай, «Иман» – Мұхаммед алейһиссаламның Аллаһу та'ала тарапынан түсірген білімдеріне жүректің сенуі және сенгенін тілімен айтуы деген сөз.

Бұл білімдердің әрқайсысын зерттеу және ұғыну қажет емес. Мутәзилә сектасы әрқайсысын ұғынып сену керек деді. Айни (рахимә-һуллаһу та’ала) Бұхари шәрһінде айтқаны бойынша, Мухаққиқин, яғни ең үлкен ғалымдар, мысалы Әбул-Хасан Әшари, қазы Абдул Жәббар Хамадани Мутәзили, ұстаз Әбул-Исхақ Ибраһим Исфәхани, Хусейн бин Фадл және басқа көптеген ғалымдар «Иман – айқын көрсетілген нәрселерге тек жүрекпен сену деген сөз. Тілмен айту және ғибадаттарды орындау иман емес» деді. Садеддин Тафтазани (рахимә-һуллаһу та’ала) да «Шәрһи ақаид» кітабында осылай айтқан және Шәмс-ул-аимма мен Фахр-ул-ислам Әли Паздәуи (рахимә-һумуллаһу та’ала) сияқты ғалымдардың тілмен де растау керектігін айтқанын мәлімдеген. Жүректегі иманды тілмен айту мұсылмандардың бір-бірін тануы үшін қажет. Айтпаған адам да мүмин саналады. Амалдар, ғибадаттар иманның бөлшегі емес. Ғалымдардың көбі, мысалы Имам Ағзам Абу Ханифа (рахимә-һуллаһу та’ала) осылай айтты. Иә, Имам Әли (радиаллаһу анһ) және Имам Шафии (рахимә-һуллаһу та’ала) «Иман – сену, айту және ғибадаттарды орындау деген сөз» деді. Олардың бұл сөздері кәміл болған, жетілген иманды көрсетіп тұр. Жүрегінде иманы бар екенін айтқан адамның мүмин екендігі бір ауыздан айтылған. Рукнеддин Әбу Бәкір Мұхаммед Қырмани (рахимә-һуллаһу та’ала) Бұхари шәрһінде айтқанындай, ғибадаттар иманнан саналса, иман азаяды және көбейеді. Бірақ жүректегі иман азаймайды және көбеймейді. Азайып көбейіп тұратын сенім иман бола алмайды. Бұл күмәнға жатады. Имам Мухиддин Яхия Нәуәуи (рахимә-һуллаһу та’ала) «Сену керек болған нәрселерді зерттеп, себептерін түсіну арқылы иманның өзі де артады. Әбу Бәкір Сыддықтың (радиаллаһу та’ала анһ) иманы мен кезкелген адамның иманы бір емес» деді. Бұл сөз иманның күшті және әлсіз болуын көрсетіп тұр. Бұл иманның өзі, заты азаяды және көбейеді деген сөз емес. Бұл науқас адам мен сау адамның күш-қуаттары бірдей болмауына ұқсайды. Екеуі де бірдей адам. Адам болудың азы-көбі болмайды. Иманның аздығын, көптігін айтқан аяти карималар мен хадис шәрифтерді Имам Ағзам Абу Ханифа (рахимә-һуллаһу та’ала) былай түсіндірген: «Асхаби кирам (радиаллаһу та’ала анһум әжмаин) иманға келгенде бәріне тұтастай сенген еді. Кейін уақыт өте келе көптеген нәрселер парыз болды. Оларға жеке-жеке сенді. Имандары осылайша уақыт өте көбейді. Бұл жағдай тек Асхаби кирамға қатысты. Кейіннен келген мұсылмандардың иманы осылай артады деп ойлау дұрыс емес» деді. Садеддин Тафтазани (рахимә-һуллаһу та’ала) «Шәрһи ақаид» кітабында жазғанындай, қысқаша білгендердің қысқаша сенуі, егжей-тегжейліктерін білетіндердің егжей-тегжейлі сенуі керек. Екіншілердің имандары біріншілерден әлбетте көбірек. Бірақ, біріншілердікі де толық иман. Имандары нұқсан емес. Абдулғани Наблуси (рахимә-һуллаһу та’ала) айтқан: «Сөздің қысқасы, иманның өзі азаймайды және көбеймейді. Иманның күш-қуаты көбейеді. Немесе ғибадаттардың аз немесе көп болуымен иманның кәмілдігі, құндылығы өзгеруде. Иманның азаятынын, көбейетінін айтқан аяти карималар мен хадис шәрифтерге осындай мағына берілген. Бұл білім ижтиһад етуге келетін мәселелерден болғандықтан, оған әртүрлі түсіндірмелер жасалған. Ешбірі өзгеше пікір білдіргендерді жамандамаған. Ал уаһһаби кітабы ғибадаттарды мойындап, жалқаулықпен орындамаған адамды кәпір, мүшрик деп айыптауда. Мұхаммед Хадими (рахимә-һуллаһу та’ала) «Бәриқа» кітабында жазғанындай, ғибадаттар иманның бөлшегі емес. Жалалиддин Дәуанидің (рахимә-һуллаһу та’ала) айтуынша, Мүтәзила ғибадаттарды иманның бөлшегі деп санады. Ғибадат жасамайтын адамның иманы жоқ деді. Ғибадаттар ағаштың бұтақтары сияқты иманды жетілдіреді, көркейтеді. Иман ғибадат жасау арқылы көбеймейді және күнә істеумен де азайып қалмайды. Имам Ағзам Абу Ханифа, Имам Малик, Имам Әбу Бәкір Ахмед Рази және көптеген үлкен ғалымдар (рахимә-һумуллаһу та’ала) осылай айтты. Өйткені иман – толықтай сену деген сөз.  Сенудің азаюы, көбеюі болмайды. Жүректегі иман көбейетін болса, мұның терісі болған күпір азаюы қажет. Ондай нәрсе болуы мүмкін емес. Имам Шафии және Әбул Хасан Әшари (рахимә-һумуллаһу та’ала) "иман азаяды және көбейеді" деді. Бұл сөздің "иманның өзі емес, қуаты азаяды-көбейеді" деген мағынада екенін «Мәуақиф» кітабы түсіндіруде. Өйткені пайғамбардың иманы үмбетінің иманымен бір болмайды. Естігендерін ақылына, біліміне салып тексерген кісінің иманы ести сала сенген кісінің иманымен бір болмайды. [Мукашәфә және мушаһәдаға қауышқан әулиенің иманы тасаууфтан хабары жоқ кісінің иманымен бір болмайды.] Ибраһим алейһиссалам жүрегінде итминан (әминдік), яқин (шынайы сенім) пайда болуын қалады. Мұны Құран кәрім баяндаған. Имам Ағзам Абу Ханифа (рахимә-һуллаһу та’ала) «Фиқһи әкбар» кітабында былай деген: «Жер мен аспандағылардың имандары сенетін нәрселер тұрғысынан азаймайды және көбеймейді. Итминан, яқин тұрғысынан азаяды және көбейеді. Яғни иманның күш-қуаты артады және азаяды. Бірақ яқины, яғни күші мүлдем болмаса, ол иман болмайды.» [«Фиқһи әкбар»-дың «Әл-Қаулул-фасл» атты араб тіліндегі шәрһі өте құнды, 1975 жылы Стамбұлда басылған.] Хадимиден аударма тәмәм болды.

[Мәуақиф авторы Қазы Адуд 756 [м.1354] жылы қайтыс болды.]

[Абдулғани 1143 [м.1731] жылы қайтыс болды.]

[Махмуд Айни 855 [м.1451] жылы қайтыс болды.]

[Әбул-Хасан Әли Әшари 330 [м.941] жылы қайтыс болды.]

[Садуддин Мәсуд Тафтазани 792 [м.1389] жылы Самарқандта қайтыс болды.]

[Хадими 1176 [м.1762] жылы Конияда қайтыс болды.]

 

Имам Раббани Ахмед Фаруқи Сәрһәнди (рахимә-һуллаһу та’ала) «Мәктубат» кітабының екі жүз алпыс алтыншы хатында былай деген: «Иман – жүректің (көңілдің) растауы мен шынайы сенуі болғандықтан, оның азаюы мен көбеюі болмайды. Азаятын, көбейетін сенім иман болмайды. Бұған күмән делінеді. Ғибадаттар мен Аллаһу та'ала жақсы көретін істерді орындау арқылы иман жылтырайды, нұрланады, жарқырайды. Ал харам істегенде былғанып, қараяды. Олай болса, көбею мен азаю – амалдардан, істерден кейін иман нұрының өзгеруі деген сөз. Оның өзінде азаю мен көбею болмайды. Жарқырауы, нұрлануы көп болған иманға көп делінді. Олар жарқырамаған иманды иман деп білмегендей. Жарқырауының кейбірін иман деп біліп, бірақ аз деді. «Иман жылтырауы басқа-басқа болған бір-біріне қарап тұрған екі айнаға ұқсайды. Жылтыры көп болып, заттарды жылтыратып көрсететін айна жалтыры аз көрсететін айнадан көбірек» дегенге ұқсайды. Басқа біреу «екі айна бірдей. Бірақ жалтырлауы және заттарды көрсетуі, яғни сипаттары басқа» дегені сияқты. Бұл екі адамның біріншісі көрінісіне қараған, негізіне, ішіне кіре алмаған. «Әбу Бәкірдің иманы үмбетімнің имандарының жиынтығынан ауыр» хадис шәрифі иманның жылтырауы, жарқырауы тұрғысынан айтылған. Уаһһаби кітабы:

«Бір адам мені бала-шағасынан, ата-анасынан және бәрінен көбірек жақсы көрмегенше иманы толық болмайды» деген хадис шәрифті жазуда. «Махаббат жүректе болады. Бұл жүректің ісі. Сондықтан бұл хадис амалдардың, ғибадаттардың иманның бөлшегі екендігін, иманның шарты екендігін көрсетуде» деген.

Махаббат – жүректің ісі емес, сипаты. Жүректің ісі екенін қабыл етсек те, дененің, мүшелердің ісі жүректің ісі емес. Үлкен күнәлар істеген адам жазасын тартады. Оларды көңілінде ұстаған, істеуге ниеттенген адам жаза алмайды. Жүректің жақсы ісі – сену. Жүректің жаман ісі – сенбеу, имансыздық. Дененің жаман ісі имансыздық емес. Мысалы, өтірік айту харам. Өтірік айтқан адам жаман әрекет істеген болады. Бірақ кәпір болмайды. Өтірік сөйлеудің харам екенін қабыл етпеген немесе ұнатқан адам кәпір болады.

«Иманның дұрыс болуы, жүректің сенуі және амал етуі тілдің мұны айтуы және ғибадаттарды орындауы арқылы жүзеге асады. Әһли сүннет уәл жамағат та осылай айтқан» дейді.

Үш жүз отыз тоғызыншы бетінде «Аллаһқа деген сүйіспеншілік бар болса, Оған бағынғандарды, Оның пайғамбарларын, салих құлдарын, Аллаһтың сүйіктілерін де жақсы көру қажет болады» дейді.

Олай болса, әулиелерді (рахимә-һумуллаһу та’ала) жақсы көру – Аллаһты жақсы көрудің белгісі. Осы жақсы көруін айтқандарға тіл тигізуге болмайды. Уаһһаби кітабы да жазғанындай, Аллаһу та'аланың жақсы көрмегендерін жақсы көруге тыйым салынған, бұл күпір болады.

Аллаһу та'аланың сүйіктілерін жақсы көру керек, бұл иманның белгісі. Ғибадаттардың ең үстемі екені айтылған «хубби филлаһ және буғди филлаһ» дегеніміз осы. Кәпірлер, мүшриктер Аллаһу та'аланы жақсы көрмейді. Олар басқа нәрселерді жақсы көреді. Мұсылмандар Аллаһу та'аланы жақсы көргендіктен, Оның сүйікті пайғамбары (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) және әулиелерді (рахимә-һумуллаһу та’ала) жақсы көреді. Уаһһаби кітабы осы екі жақсы көруді бір-бірімен шатастырады. Біріншісінің жаман екенін хабарлаған аяти карималарды екінші жақсы көруге де тиесілі етуге тырысады.

Жетпіс екі «Бидғат» ағымның бірі болған «Харижи»-лердің бір тобы және «Уаһһабилер» Құран кәрім мен хадис шәрифтерге қарсы келмейді. Бірақ мағыналары айқын және нақты болмаған, жасырын, күмәнді болған насстарды қате жорып, олардан қате мағына түсініп, «парыздарды орындау және харамдардан сақтану иманның бөлшегі» дейді. «Мүмин болу үшін әрі иманның алты шартына сену, әрі Ислам дінін ұстану керек. Бір парызды орындамаған немесе бір харам істеген адам кәпір болады» дейді. Осы себептен өздерінше көп мұсылмандарды кәпір деп санайды. Алайда парыздардың парыз екеніне және харамдардың харам екеніне сену – иман. Сенбеу деген басқа, сеніп жасамау басқа. Олар осы екеуін бір-бірімен шатастырғандықтан, Әһли сүннеттен айрылуда. Бірақ солай сенгендіктен, кәпір болмайды. Олар бидғатшы, адасушы болады. Бірақ ғибадат жасамаған, харам істеген мұсылмандарға, нассты тәуил етпестен кәпір дегендер өздері кәпір болады. Хадис шәрифте: «Бидғатшыны ұнатпаған адамның жүрегін Аллаһу та'ала иманмен толтырады. Бидғатшыны жамандағанды Аллаһу та'ала қиямет күнінің қорқынышынан қорғайды» делінген.