9 - Рамазан, 1445 жыл.
     19 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Зекет - Ұшыр - Садақа / Зекетті жасырып беру керек пе?

Зекетті жасырып беру керек пе?

Сұрақ: Зекетті жасырып беру жария түрде беруден жақсырақ па, жария түрде беру рия болмайды ма?

Жауап: Парыз болған зекетті жария түрде беру рия болмайды, сауаптырақ болады. Зекеттің осылай жария түрде берілуі зекетті бермеумен айыптаудан құтқарады, өзгелерге де үлгі көрсетілген болады. Ибн Аббас хазреттері жасырын берілген нәпіл садақаның сауабы жария түрде берілгенінен 70 есе артық» деді. Ал жария түрде берілген зекеттің сауабы жасырын берілгеніне қарағанда 25 есе артық.

Имам Раббани хазреттері айтқан:

«Бір тиын зекет беру миллиондаған садақа беруден әлдеқайда сауапты. Зекет беру – Аллаһу та'аланың әмірін орындау деген сөз. Ал садақа мен қайырымдылықтың көбісі атақ-даңқ, абырой және нәпістің шәһуаттарына қолжеткізу үшін жасалады. Парыздарды орындағанда араға рия, мақтану араласпайды. Ал нәпіл ғибадаттарда көзбояушылық, мақтану көп болады. Осы себептен зекетті жария түрде беру керек.» (2/82)

 

Сұрақ: Бір бай кісі зекетке ажыратқан алтынын үстел үстіне қойса, кедей келіп «Мұны маған зекет ретінде қалдырып кетті-ау» деп алса, зекет сахих болады ма?

Жауап: Бай кісі алтынды үстелдің үстіне қойса, бір кедей келіп оны алса, зекет сахих болмайды. Кедей алып жатқанда бай кісі мұны көруі қажет. Кедей көрмей тұрғанда кедейдің үйіне қалдырып кету де осындай.