8 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     10 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Намаз / Намаз оқу жүрекке шипа

Намаз оқу жүрекке шипа

Сұрақ: Кейбір адамдар мұсылман бола тұра намаз оқуға ауырсынатынын айтады. Мұның себебі не болуы мүмкін?

Жауап: Адамда екі түрлі жүрек бар. Бірі, біз білетін кеудеміздегі ет бөлшегі. Бұл кәдімгі жүрек. Екіншісі, сол ет бөлшегінде орналасқан қуат, оны «Көңіл» деп атайды. Діни кітаптарда аталатын жүрек – осы көңіл болып табылады. Сену-сенбеу, махаббат, сүйіспеншілік және дұшпандық осы жүрек арқылы іске асады. Адамның ағзалары, мүшелері осы жүректің бұйрығында. Таза жүректің иесі, яғни көңілі пәк адам ақылына құлақ салып, әрқашан жақсы амалдар жасайды. Ал көңілі қарайған, жүрегі аурып ластанған кісі нәпсіне еріп, үнемі зиянды амалдар жасайды. Ықыласпен, шың көңілден орындалған ғибадаттар, әсіресе намаз оқу көңілді тазалайды. Аллаһу та'ала жүректі ауру қылатын, көңіл ахуалын бұзатын нәрселерді харам қылған. Күнә істеушінің жүрегі (көңілі) ауру болады. Күнәнің үлкендігіне байланысты ауру жеңіл немесе ауыр кешуі мүмкін. Жүрек ауру болған, қарайған кезде ғибадат жасау қиынға соғады. Жүрек ауруынан емделудің бірінші жолы – тәубе мен истиғфар. Тәубенің қабыл болуы үшін күнәдан бастару әрі ғибадат жасау керек. Жүрек ауруының емі болған тәубенің қабыл етілуі үшін ең пайдалы ғибадат – ол намаз оқу. Күнде бес уақыт намаз оқу өте оңай. Күніне бес мезгіл намаз оқу жүрегі ауру, көңілі қарайған кісілерге қиын келеді. Алайда намаз көп оқылатын болса, жүректе Аллаһқа деген сүйіспеншілік пайда болады. Аллаһқа деген сүйіспеншілік уақыт өте көңілді қаптайды. Бақыттың ең үлкені – жүрекке Аллаһқа деген сүйіспеншілікті орнықтыру.

Дүниелікке берілген және бар арманы өткінші дүниенің ниғметтері мен ләззаттарына қолжеткізу болып қалған кісілердің жүректерінде Аллаһқа деген сүйіспеншілік жоғалады. Адамды бұл пәлекеттен құтқаратын ең мықты ем – калимаи тәуһид оқу. Сондықтан Аллаһу та'ала шексіз қамқорлығы себебінен күніне бір уақыт емес, бес уақыт намаз оқуды бұйырды. Аллаһу та'аланың бұл бұйрығы адамдарды қинау үшін емес, оларды жүрек ауруларынан, көңіл қараюынан құтқару үшін қажет. «Анкебут» сүресінің қырық бірінші аятында:

«Дұрыс оқылған намаз адамды фахшадан (арсыздықтан, үлкен күнәлардан) және мүнкәрдан (жамандықтардан) міндетті түрде алыстатады» делінген.

 

Жүректің қараюының себебі

Сұрақ: Иман келтірген мұсылманның жүрегінің қараюының, ғибадаттардан суып қалуының себебі не болуы мүмкін?

Жауап: Бұл туралы Мұхаммед бин Фазыл Бәлхи хазрет былай дейді:

«Ислам нұрларының жүректі тәрк етуіне, көңілдің қараюына төрт нәрсе себеп болды:

1) Білген діні ережелерін өмірде пайдаланбау,

2) Білмей істей беру,

3) Білмейтіндерін үйренбеу,

4) Басқалардың үйренуіне тосқауыл болу.»

Базбіреулер діни білімді ғалым ретіне танылу және мал-мүлік пен мансапқа қолжеткізу үшін үйренеді. Дін адамы болуды күнкөрісіне немесе саясатқа құрал қылады. Ілімді онымен амал ету үшін үйренбейді. Дін адамы деп аталғанымен, жүрген жолдары надандардың жолы. Ондайлар «Аллаһ мейірімді, кешірімді» деп үлкен күнә істей береді. Өз ақылына, өз рахатына қарап әрекет етеді. Жұрттың да осылай істегенін қалайды. Оларға  ермеген шынайы мұсылмандарды жамандайды. Өздерінің дұрыс жолда екенін, жаннатқа баратынын ойлайды. Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан жинақталып даярланған дұрыс кітаптарды өздері де оқымайды, балаларына да оқытқызбайды. Ондайлардың ішкі дүниесі нашар, кқңілдері қарайған, ал сөздері тартымды, бірақ өтірік болады. Өздері күн сайын құбылып, әртүрлі кейіпте жүреді. Адамдардың бетіне күлімдеп, артынан жамандайды. Бидғат араласпаған дұрыс кітаптардың оқылуына бөгет болады. Мешіттердің төріне отырып алып жамғатқа «Ол кітаптарды оқымаңдар, қате кітап» дейді. Оларды таратып жүргендерді және оқитындарды бопсалайды. Мазһабсыздардың зиянды кітаптарын тартымды жарнамалармен мақтайды. Ислам білімдерін мазақ қылады. Шолақ ақылдарымен жазған нәрселерін "Ислам деген осы" деп жастарға ұсынады.

Бұлардың бәрінен аңғарылып тұрғаны, ислам ғалымдарының және тасаууф ғұламаларының барлығы исламға бағынған. Соның нәтижесінде биік дәрежелерге көтерілген. Оларға тіл тигізгендердің діни надан екендіктері аңғарылады. Ол надандардың арбаушы тартымды сөздеріне, жазбаларына алданбау керек. Олар – дін ұрылары. Олар жаннатқа апарар жолды жауып, ешкімді өткізбейтін дін бұзушылары және мазһабсыздар.