Ақылы жоқтың ұяты да, иманы да болмайды!Аллаһу та'ала кімге ақыл берсе, ұяттылығы мен иманы да сонымен бірге болады. Ақылы жоқ адамның ұяты да, иманы да болмайды. Жәбрейіл алейһиссалам ақылды, ұяттылықты және иманы Адам алейһиссаламға әкеліп, айтты: - Ей, Адам! Аллаһу та'ала саған сәлем айтты. Мына үш сыйлықтың бірін таңдауыңды бұйырды. Адам алейһиссалам: - Ол үш сыйлықтың арасынан ақылды аламын, - деп ақылды таңдады. Сонда Жәбрейіл алейһиссалам иман мен ұяттылыққа: - Онда сендер бара беріңдер, - деді. Иман: -Аллаһу та'ала маған «Ақыл қайда болса, сен де сонда бол!» деп бұйырған. Сондықтан мен ақылдан бөлек кете алмаймын! Ұяттылық та: - Аллаһу та'ала маған да дәл солай бұйырды. Мен де ақылдан бөлек кете алмаймын, - деді.
Бір күні Хасан Басри хазретке бір кісі келіп сұрады: - Йа, Имам! Діннің тазалығы не? Діннің өзегі не? Діннің қазынасы не? Ғұлама оған: - Сіз айтыңыз, біз тыңдайық, - деп жауап бергенде әлгі кісі былай деді: - Діннің тазалығы – дәрет алу. Діннің өзегі – Аллаһу та'аладан қорқу және ұялу. Ал діннің қуаты – намаз. Өйткені Аллаһу та'ала ұяты бар құлын мақтаған. Діннің қазынасы – білім. Өйткені кімнің дәреті болмаса, діні таза болмайды. Кімнің ұяты болмаса, онда діннің өзегі болмайды. Кімде Аллаһу та'аладан қорқуы болмаса, онда діннің өзегі болмайды. Кімнің білімі болмаса, діннің қазынасы болмайды. Бұл сөз Хасан Басри хазретке қатты ұнап: - Айтқандарыңыз дұрыс, өте жақсы айттыңыз, - деді. Адамның әдептілігі бар болса, сүннетке жол табады. Ықыласы бар болса, Аллаһу та'алаға жетуге, яғни Оның разылығын табуға жол тапқан болады. Кімде-кім әдепті болмаса, сүннетке жол таба алмайды. Сүннетті орындамайтын адам парызға жол таба алмайды. Ал парызды орындамайтын адам ықыласты таба алмайды. Кімде-кім әр бергенін Аллаһу та'аланың разылығы үшін беріп, жақсы көргендерін Аллаһ үшін жақсы көрсе және дұшпандығын да Аллаһ үшін жасаса, ол адамның иманы толық болады. Мінезі көркем адамның иманы да кемел болады. Иманның белгісі – дінге сенбейтіндерді жақсы көрмеу. Ұяты бар адам жақсы мінезді болады. Хадис шәрифте айтылған: «Сендердің иман тұрғысында ең кемел болғандарың – мінезі жақсы болып, адамдарға жақсылық жасайтындарың». Аллаһу та'ала Құран кәрімде «Сенің жоғары мінез-құлыққа ие екенің ақиқат» деген. Сүйіктісінің мінез-құлқын мақтауда. Адамның мінезі жақсы болса, Расулуллаһтың мінезіне ұқсаған болады. Оның жолын ұстанған болады. Шынайы мұсылман болады. Әдептілікке қайшы бір нәрсе ойға келгенде мұның харам екенін біліп, істемей қою иманнан... |