9 - Рамазан, 1445 жыл.
     19 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Мұсылманның қуанышы жүзінде, мұңы жүрегінде

Мұсылманның қуанышы жүзінде, мұңы жүрегінде

Адамдарды қуанту – жақсы қасиет. Мұсылман кісіні қуантқан адамға Аллаһу та'ала разы болады. Сүйікті пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан: «Аллаһу та'аланың таңдалған құлдары бар. Олар үнемі қуанышты. Аллаһу та'аланың мейірімділігін, қамқорлығын, кешірмділігін ойлаған сайын қуанышты болып жүреді. Бірақ олардың жүректері және іші махшарды ойлаған кезде, қабірді ойлаған кезде, тозақты ойлаған кезде боздап жылайды».

Үлкен ислам ғалымы Хусейн Хилми бин Саид (қуддиса сиррух) былай деген:

«Пайғамбарымыз «Мұсылманның қуанышы жүзінде, мұңы жүрегінде» деген. Ешкімді ренжітуге ешкімнің хақысы жоқ. Өйткені Аллаһтың пенделерінің сүйіспеншілікке, қуанышқа қажеттілігі бар. Бір мұсылман біреуді қуантса, әкесін, анасын, досын, көршісін қуантса, біреуге қуаныш сыйласа, оған Аллаһу та'ала разы болады. Егер сол Аллаһтың разылығы аспаннан шам болып жерге түскенде, оның нұрынан күн қараятын еді».

Бір әулие кісіден ауыр науқасқа дұға етуін сұраған екен. Әулие несі бар болса бәрін шығарып, «Бұларды пәлен жердегі пәлен кедейге беріңдер!» дейді. Кедей бұған қатты қуанады. Әулие кісіден неліктен бұлай істегені сұралғанда: «Аллаһу та'аланың бір құлын қуантсақ, Раббымыз біздің дұғамызды қабыл етеді» деген екен.

Тағы бір әулие кісінің ең сүйікті досы ауырып қалады. Ол әулиеге науқас досы «Маған дұға етсін» деп хабар жолдайды. Әулие кісі «Бір қой сойсын, кедейлерге таратып оларды қуантсын. Біздің дұғамыздың қабыл болуы үшін біреуді қуанту керек» деген екен.

Біреуді ренжіткен кезде таңға дейін түнімен жылап тұрып ғибадат етсек, ол кешіріп разылығын бермейінше еш пайдасы тимейді. Сондықтан біреуді ренжітуден аса сақ болу керек.

Бір ауылда бір салих мұсылман бар екен. Ашуланғанын және аузынан жаман сөз шыққанын ешкім көрген емес. Оның үстіне жамандық жасағанға, жаман сөз айтқанға ол жақсылықпен жауап беріп, сыйлық береді екен. Адамдар аң-таң болып, мұның себебін іздейді, бірақ еш таппаған соң оның әйелінен сұрамақ болады. Әйелінен сұрайды:

- Сіздің күйеуіңіз мүлде ашуланбай ма?

- Ашуланбауы мүмкін бе, әрине ашуланады.

- Ашуланғанда айқайлап шу көтере ме?

- Айқайламайды, бірақ ашуланғанын біз түсінеміз. Ашуланған кезде бізге міндетті түрде бір нәрсе береді, мысалы тәттілер әкеледі немесе ақша береді. Алтын бергенде қатты ашуланғанын түсінеміз.

Бұл жауапқа қанағаттанбаған адамдар кейінірек әлгі адамның өзін тауып, мұның хикметін өзінен сұрайды. Сонда оның жауабы мынадай:

«Ашуланған кезде алдымда дін бауырымның тұрғанын ойлаймын. Ашулы нәпсім «Ал баста, сазайын бер!» дейді. Нәпсіме «Аллаһтан қорық! Сен Аллаһтың дұшпанысың, ондай дұшпанды дін бауырыма ауыстырмаймын» деймін. Тіпті бай болуын, молшылықта өмір сүруін тілеп, бауырыма дұға етемін, сыйлықтар беремін».