18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Дәрет - Ғұсыл / Ғұсыл алуға асығу керек

Ғұсыл алуға асығу керек

Сұрақ: Ғұсыл алу қажет болғанда ғұсыл алуға асығу керек пе? Болмаса қай уақытқа дейін кешіктіруге болады?

Жауап: Жүніп адам оқымаған намаз уақыты шыққанға дейін ғұсыл алмаса, күнә болмайды. Одан кейінге кешіктіруі үлкен күнә болады. Хадис шәрифте:

«Ластанған кезде дереу ғұсыл алыңдар! Өйткені кирамән катибин періштелері жүніп адамға ренжиді» делінген. Имам Ғазали хазрет айтқан:

«Бір адам түсіме кіріп: «Біраз уақыт ғұсыл алмай жүніп болып жүрдім. Енді қазір сол үшін үстіме оттан көйлек кигізілді. Әлі оттың ішіндемін» деді».

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтады: «Ғұсыл алуға тұрған адамға денесіндегі қыл санындай, яғни өте көп сауап беріледі. Сонша күнәсі кешіріледі. Жәннаттағы дәрежесі көтеріледі. Ғұсылы үшін оған берілетін сауап дүниедегі барлық нәрседен қайырлы болады. Аллаһу та'ала періштелерге «Мына құлыма қараңдар! Түнде ерінбей тұрып, менің әмірімді ойлап, ғұсыл алып жатыр. Сендер куә болыңдар, бұл құлымның күнәларын кешірдім» дейді».

 

Сұрақ: Жүніп адам ғұсыл алмай тұрып бір нәрсе ішіп-жеуіне бола ма?

Жауап: Жүніптің қолын және аузын жумай ішіп-жеуі тәнзиһән мәкрух болады. Өйткені аузына, қолына тиген су мүстамал (қолданылған) болады. Ал мүстамал суды ішу мәкрух. Хайзы (етеккірі) келген әйелдікі олай емес. Өйткені хайз кезінде ғұсыл алу әмір етілмеді.

 

Сұрақ: Жүніп күйде ұйықтаудың діни тұрғыда зияны бар ма?

Жауап: Жүніп күйде ұйықтау күнә емес.

 

Сұрақ: Ер кісі әйелімен бірге бір ыдыстан су алып ғұсыл алуына бола ма?

Жауап: Жұбайымен бірге бір ыдыстан ғұсыл алуы рұқсат.

 

Сұрақ: Намаздың басында ниет қай кезде жасалады?

Жауап: Ифтитах тәкбірі айтыларда ниет етіледі. Оған дейін ниет етуге де болады. Тіпті, жамағатпен намаз оқу үшін үйінен шыққан адам ниет етпестен имамға ұйып кетсе рұқсат болады. Бірақ жолда намазды бұзатын ештеңе істеп қоймау керек. Жүру және дәрет алудың зияны тимейді.

 

Сұрақ: Хайз кезіндегі әйел сәбиін емізе ала ма?

Жауап: Хайз кезіндегі әйелдің көкірегін жумай-ақ баласын емізуіне болады. Ал жүніп әйелдің көкірегін жумай емізуі мәкрух болады.

 

Сұрақ: Дәреті бар кезде баласын емізген әйелдің дәреті бұзыла ма?

Жауап: Баласын емізген әйелдің дәреті бұзылмайды.