2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Намаз / Намаз уақытылы оқылмаса

Намаз уақытылы оқылмаса

Сұрақ: Бес уақыт намазды уақытылы оқу парыз болғанындай, бұл намаздар уақытылы оқылмаса, күнәсі одан да көп бола ма?

Жауап: Аллаһу та'аланың әмірлерін «Парыз», тыйым салған нәрселерін «Харам» деп атайды. Парыздарды орындауға, харамнан сақтануға «Ғибадат ету» дейді. Аллаһу та'ала ғибадат етушілерді жақсы көреді. Оларды ахиретте жәннатқа кіргізетінін, шексіз ниғметтер беретінін Құран кәрімде айтқан. Құран кәрім – Аллаһтың кәламы (сөзі), адамның сөзі емес.

Харам істеген адам тозақта азапталады. Харамдардың деңгейлері бар. Үлкен харамның жазасы көп болады. Үлкен харамның бірі – бес уақыт намаздың бірін уақытылы оқымау. Намаздың парыз екеніне сенбейтін адам кәпір болады. Кәпір мұсылман емес. Ол тозақта мәңгі қалады. Сеніп, бірақ жалқаулықпен намаз оқымайтын адам кәпір болмайды, оны «Пасық» (күнәһар) деп атайды. Пасық мұсылман саналады. Харам істегендіктен, белгілі бір мерзім тозақта болады.

Намазды уақытылы оқымаған адам дереу оның қазасын өтеу керек. Қазасын өтемесе, бір намаз үшін сексен хуқба тозақта жанады. Ешбір ғибадаты, ешбір жақсылығы оны тозақтан құтқара алмайды. Тек мұсылман кісіге бір парыз үйретсе, ол азаптан құтыла алады. Бірақ бұл жағдайда да әрі намаздың қазасын өтеуі, әрі харам істемеуі керек. Мысалы, әйелдердің басы, шашы, қолы, аяғы ашық күйде көшеге шығуы харам. Оған насихат айтып немесе әһли сүннет ғалымының дұрыс кітабын беріп, харам істеуіне бөгет болған адамның бүкіл күнәлары кешіріледі. Бірақ, өзінің де харам істемеуі керек. Тек осындай адамның ғана қаза қарыздары кешіріледі. Ол тозақта жанудан құтылады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деген:

«Аллаһу та'ала айтады: Ей, құлым! Әмір еткен парыздарымды орында, адамдардың ең абиды (көп ғибадат етуші) боласың. Тыйым салған харамдарымнан сақтан, тақуа боласың. Берген ризығыма қанағат ет, адамдардың ең байы боласың, ешкімге мұқтаж болмайсың».

 

Сұрақ: Бір адам үйінде болғанда бесін уақыты кірсе, сол намазын оқымай жолға, сапарға шығып кетсе, жолға шыққанда бесін намазының парызын екі рәкат қылып оқи ма?

Жауап: Намаз уақытының соңында сапарға, жолға шыққан адам сол намазды оқымаған болса, жолда төрт рәкаттық парызды екі рәкат қылып оқиды. Уақыттың соңында үйіне келген адам сол уақыттың намазын жолда оқымаған болса, үйінде парызды төрт рәкат қылып оқиды.