8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Қажылық / Зәмзәм ішу

Зәмзәм ішу

Зәмзәм – қасиетті Мекке қаласында Мәсжид-и харам ішінде қағбаның Хажәри әсуад тасының бұрышы тарапында орналасқан құдықтан шығатын киелі су. Зәмзәм суы Ибраһим алейһиссалам дәуірінде шыққан. Хадис шәрифтерде айтылған:

«Жер жүзіндегі құдықтардың ең қайырлысы – зәмзәм суының мүбәрәк құдығы».

«Зәмзәм суы ауруларға шипа береді. Оны ішкендер тамақ жегендей аштықтарын басады».

«Зәмзәм тойдырушы және ауруға шипа беруші».

«Зәмзәмді бәле-жаладан қорғану ниетімен ішкен адамды Аллаһу та'ала қорғайды».

Абдуллаһ бин Мүбәрәк хазрет «Расулуллаһ «Зәмзәм ішкен ниетке қарай пайдасын тигізеді» дегендіктен, мен қияметте шөлден құтылу үшін зәмзәм ішемін» дейтін. Ибн Аббас хазрет зәмзәм ішетін кезде «Йа, Раббым, сенен пайдалы білім, мол ризық және әртүрлі ауруларға шипа тілеймін» деп дұға ететін.

Сәйид Абдулхаким Арваси хазрет айтқан: «Қажылықта зәмзәмді әр ішкенде қабырға тырысатындай тойып ішу керек. Зәмзәмнің жалғыз өзін ішу қажет, тіпті тағамда да қолданбаған жөн».

Зәмзәм ішуге қатысты сүннеттер:

1) Уәда тауафын жасап, тауаф намазын оқыған соң көп зәмзәм ішу және үстіне құю.

2) Зәмзәмді құбылаға бұрылып, түрегеп тұрып, қағбаға қарап ішу.

Зерттеушілердің айтуынша, «Не болғаны 1,5 метр тереңдіктегі құдықтан шыққан зәмзәм миллиондаған қажының суға деген қажеттілігін өтеуде. Оның қайнар көзі әлі табылмады. Қайдан келетіні қазіргі технологиямен де белгісіз. Жақын жерде ешқандай құдық жоқ және теңізге 80 км қашықтықта орналасқан. Осындай шартта суын теңізден немесе басқа құдықтан алуы мүмкін емес».

Әбу Зәр Ғифари Мұхаммед алейһиссаламның исламға шақырып жатқанын естіп, Меккеге барып, мұсылман болуға шешім қабылдады. Үлкен ынтамен жолға шықты. Меккеге жетті, бірақ ол жақта ешкімді танымайтын еді. Ешкімнен ештеңе сұрамай қағбаның қасына барып отырды. Пайғамбарымызды көруге мүмкіндік іздеп, қайда екенін білу үшін белгі іздеп отырған еді.

Кешке таман көшенің бір шетіне отырды. Хазреті Әли оны байқап қалды. Басқа елден келгенін түсініп, оны үйіне алып кетті. Әбу Зәр одан ештеңе сұрамады және сырын да айтпады. Таңертең қайтадан қағбаға барды. Осылай үш күн өтті. Ақыр соңында сырын айтты. Хазреті Әли «Сен дұрысын таптың» деді де, оны Расулуллаһқа апарды. Ол калима-и шаһадат айтып, алғашқы мұсылмандардан болды.

Расулуллаһ одан «Сен кімсің?» деп сұрағанда «Мен Ғифар тайпасынанмын» деп жауап берді. «Қай кезден бері осындасың?» деген сұраққа «Үш күн, үш түн осындамын» деді. «Сені кім тамақтандырды?» дегенінде «Зәмзәм суынан басқа азық, сусын таппадым. Зәмзәмді ішкенімде ешқандай аштық және шөл сезбедім» деп жауаптады. Сонда пайғамбарымыз «Зәмзәм берекелі, ол аш адамды тойдырады» деді.

 

Су қосылған зәмзәм

Сұрақ: Зәмзәм азайғанда су қосып көбейтуге бола ма?

Жауап: Ол кезде су қосылған зәмзәм болады. Су көп қосылса, зәмзәм қосылған су болады. Зәмзәмнің ерекшелігі азаяды. Су араластырмай ішкен жөн.