![]() ![]() Істің қайырлысын тандау керек
Дүниеде істелген әрбір іс-әрекеттен, әрбір ой-пікірден дүниеде және ахыретте пайда немесе зиян келеді. Пайдалы болғандары қайырлы (жақсы), зиянды болғандары шәрр (жаман) деп аталады. Аллаһу та’ала қайыр мен шәрді бір-бірінен әзелде (басы жоқ шексіз ертеде) ажыратқан.
“Дене ауруға шалдыққанда ғибадаттарды орындауы қиындайтыны секілді, көңілмен (жүрек)
рухтың да ауыруы ғибадат етуді қиындатады. Аллаһу та'ала Ислам дінін тәрбие
көрмеген, аммара нәпісті қалауларынан, жаман әдеттерінен тыйу үшін жіберді.
Нәпістің қалауларымен Ислам дінінің талаптары бір-бірінің терісі, яғни
бір-біріне қарама-қайшы. Сондықтан ғибадаттарды орындауға қиналу нәпістің
жамандығын көрсететін бір белгі. Нәпістің өз қалауларына жетуге деген қуаты
ғибадат етуге қиналудың дәрежесімен өлшенеді.”
Дүние-мүлік пен лауазымды қайырлы
мақсаттар үшін іздеп тапқан және жақсылыққа қолданған адамдар әр уақытта да
рахаттық пен бақытқа қауышқан. Байлық пен лауазым бірегей мақсат емес, керісінше
қайырымдылық жасауға арашы болуы керек. Байлық пен лауазым үлкен теңізге ұқсайды.
Бұл теңізге көптеген адам батып кеткен. Құдайдан қорқу бұл теңіздің кемесі болып
табылады. Хадис шәрифте: «Бұл дүниеде қалушы емес, жолаушы сияқты өмір сүру
керек. Өлетініңді ешқашан ұмытпау керек.» делінген.
«Тек дүниенің байлығын мақсат етіп еңбек еткен адамға, пешенесіне жазылғанынан артығы бұйырмайды. Істері шиеленісіп, қайғы-мұңы көп болады.»
«Мақсаты ахырет болған, ахырет үшін тер төккен адамға Аллаһу та'ала бұл дүниені қызметші етеді.» деп бұйырылған.
“Ей ұлым! Ойлағаның ішіп-жеу, киіну және дүние ләззаты ғана болмасын. Бұлардың барлығы нәпсіңнің және табиғатыңның армандаған нәрселері. Көңілдің (рухтың) арманы айда болса, нәпіс пен табиғаттың арманы лайда. Көңілдің арманы – Аллаһу та'ала. Сенің ойлағаның тек қана Раббың және Оның дәргейіндегі ниғметтер болуы тиіс. Дүниедегі харам және күмәнділерден нені тәрк ететін болсаң, сол нәрсенің марапаты ретінде ахыретте одан да жақсыларын табасың. Өміріңнен тек өмір сүріп жатқан осы күнің ғана қалды деп ойла және ахыретің үшін дайындығыңды жаса... ”
Сондықтан адам дүние мен ахыретте өзіне пайда мен жақсылық алып келетін амалдарды таңдауы керек. Мұрат мақсаты әрқашан Аллаһу та'ала мен Елшісінің разы болғандары, ұнатқандары болу керек. Сонда ғана дүние мен ахырет бақытына жету оңай болады... |