Өзіне қол жұмсауСұрақ: Дұшпанның қолына тұтқынға түскенде олардың жәбіріне, қинауына, зорлауына ұшырайтынын білген адамның өзін және жақындарын өлтіруі немесе өмірден қиналып кеткені үшін дәрі ішіп өлу күнә ма? Жауап: Ауру және дүние қиыншылықтарынан құтылу үшін өлімді қалау жаиз емес. Бірақ, діндегі фитналардың себебінен өлімді қалауға болады. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Өлімді тілемеңдер! Өйткені, бір адам жақсы болса өмір сүрген сайын жақсылығы артады. Жаман болса, қателіктерінен қайтып, тура жолға түсуі мүмкін.» (Бұхари) «Қиыншылықтар үшін өлімді қаламаңдар! Шыдай алмаған адам «Йа Раббым, менің өмір сүруім хайырлы болса өмірсүруді, өлуім хайырлы болса, өлімді нәсіп ет!» десін!» (Бұхари) Дұшпанның зорлық-зомбылығына, азаптауына, әйел-қыздарының намысына тиіп қорлауына ұшырайтынын білген адамның өзін және жақындарын өлтіруі жаиз емес. Зорлықпен жәбір көрген адам күнә істеген болмайды. Сонымен қатар дұшпан қолында өлген адам шәһит болады. Шәһит болған адам өлімнің азабын сезбейді. Хадис шәрифте былай делінген: «Шәһит өлім азабын сезбейді, қабірде ренжімейді, қияметтің қорқынышы, есеп, таразы, сырат оның мазасын алмайды, тікелей жаннатқа кіреді.» (Бәйһақи)
Өлімнің азабы ойыншық емес Өзіне қол жұмсау күпірге жақын өте үлкен күнә болғандықтан, ондайлар өліп жатқанда шыдау мүмкін болмаған қиыншылықтарға душар болады. Өлімнің азабы біз ойлағандай бір сәттік нәрсе емес. Өзіне қол жұмсалғаннан кейін ахиретте одан да үлкен азаптарға, қиыншылықтарға тап болады. Ахиреттің қиыншылықтары дүниенің қиыншылықтарындай емес. Өте ауыр болады. Дүниенің қиыншылықтарына шыдай алмай өзіне қол жұмсаған адам өлім мен ахиреттің қиыншылықтарына қалай шыдасын? Өзіне қол жұмсаған адам, Қияметте қайта тірілгенге дейін өзіне қол жұмсағанының ауыртпалығын сезінеді. Өзін өлтіру өзгені өлтіргеннен де жаман күнә. Құран кәрімде былай бұйырылған: «Өздеріңді өлтірмеңдер!» (Ниса 29) Хадис шәрифтерде де былай делінген: «Бір нәрсемен жанын қиған адамға жаһаннамда сол нәрсемен азап беріледі.» (Бұхари) «Жіппен тамағын буып өлген, (қабірде және қияметте) тамағы буынып азаптанады. Кез-келген бір пышақпен өзіне қол салған адам жаһаннамда пышақтанып азап тартады.» (Бұхари) Бір кәпір демидрол ішіп немесе наркозбен денесін толық жансыздандырып өлсе де, өте ауыр болған өлімнің дәмін татады. Хадис шәрифтерде былай делінен: «Өлім періштесін көру – мың қылыштан соққы алғаннан да ауыр.» (Әбу Нуайм) «Өлімнің азабы өте ауыр болса да, өлімнен кейінгі азаптарға қарағанда жеңіл» (И. Ахмед) Тірілгенге дейін өлімнің азабы тартылады. (И. Әузаи)
Имам Раббани хазреттері былай дейді: «Өлу пәлекет емес, өлгеннен кейін басқа келетіндерді білмеу, оның алдын алмау пәлекет болып табылады.» Наркоздағы аурудың операция ауыртпашылығын сезбегені сияқты, салих мұсылман да жаңбыр болып жауған оқтың астында қалса да, денесі тілім-тілім болып тілінсе де ауыртпашылығын сезбейді. Хазреті Юсуфтың сұлулығының қарсысында өзін жоғалтқан әйелдер, қолдарын кесіп алғандарын сезбеді де. Өлім періштесінің көркем бейнесін көрген мұсылманға Аллаһу та'ала ауыртпашылығын сездірмейді. Өзіне қол жұмсау үлкен күнә болса да, қол жұмсаған адам мұсылман болғаны үшін жаназа намазы оқылады. Хадис шәрифте былай делінді: «Өзіне қол жұмсаған болса да әр өлген мұсылманның жаназа намазын оқы!» (Дәйләми) Соңғы кездері өзіне қол жұмсау уақиғасы көбейіп кетті. Дінсіздік пен сенім әлсіздігінің өзіне қол жұмсауда тигізетін әсері көп.
Сұрақ: Өзіне қол жұмсаған немесе өлтірілген адам өз ажалымен өлген бола ма? Жауап: Құнды кітаптарда былай дейді: Өлтірілген адам да ажалымен өлген болады, өмірі ортадан үзілген болмайды. Ажал бір. (Ақаид-и Нәсәфи 3-бет, Жәуһәрәт-ут-тәуһид 89, Аунул-мурид 2-том, 982-бет, Бәд-ул-әмали 62, Мәрах-ул-мәали 209-бет, Хәдййәт-ул-мәһдийн 5-бет, Нур-ул-ислам 246-бет, Фиқһи әкбәр шархы 334, Хадиқа 1-том, 265-бет, Тәфтазани-Шәрх-ил-ақаид 211-бет, Итхаф-ул-мурид 213-бет, Тәнуир-ул-қулуб 61-бет, Бәриқа 233-бет, Нухбәт-ул-ләали 36-бет, Хақ дін Құран тілі 2-том, 1195-бет) |