4 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     6 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Дәрет - Ғұсыл / Ғұсылды қажет ететін және қажет етпейтін жағдайлар

Ғұсылды қажет ететін және қажет етпейтін жағдайлар

Сұрақ: Қай жағдайлар ғұсылды қажет етеді?

Жауап: Ғұсылды қажет ететін жағдайлар мыналар:

1) Хайз (етеккір) немесе нифас (босанғаннан кейінгі қан) жағдайы біткен кезде немесе жүніп болған кезде ғұсыл алу парыз. Хайз біткеннен кейін, жүніп те болса екеуі үшін бір ғұсыл алу жеткілікті. Әйел жүніп кезінде хайз көрсе, қаласа бірден ғұсыл алады, қаласа хайз біткенге дейін күтеді. Одан кейін екеуі үшін бір рет ғұсыл алады.

2) Еркек жыныстық мүшесінің ұшы, сүннет терісі астындағы домалақ бөлігі, әйелдің жыныстық мүшесіне кірсе, мәни келмесе де, еркек те, әйел де жүніп болып саналады. Домалақ бөлігі кірмесе жүніп болмайды.

3) Еркекте қою ақ және әйелде сұйық сары мәни шаһуетпен атып шықса жүніп болады.

4) Ихтиламмен (поллюция), яғни түсінде шахуеттеніп оянған кезде мәни аққанын көрген еркек және әйел жүніп болады. Түсінде жыныстық қатынасқа түскенін көріп, бірақ оянған кезде мәни ақпаған болса, мәни жоқ болса ғұсыл алмайды. Кейбір ғалымдар, әйелдің мәниі ішке ағады, сенімді болу үшін жуынуы жақсы болады деген.

5) Шаһуетпен шыққан мәни, сідік жолында қалып, кейінірек осы жерден шаһуетсіз шықса да ғұсыл алу керек болады. Сідік шығарғаннан кейін немесе кішкене ұйықтағаннан кейін шықса ғұсыл керек емес.

6) Истимна (мастурбация) ғұсылды қажет етеді.

7) Жүніп болып, сідік шығармастан ғұсыл еткеннен кейін мәнидің қалған мөлшері шаһуатсыз ақса, қайтадан ғұсыл алу керек болады. Сондықтан, ғұсыл алудан бұрын алдымен сідік шығарып, сідік жолында қалған мәни мөлшерін шығарғаннан кейін ғұсыл алу керек.

8) Еркек жыныстық мүшесінің ұшы әйелдің немесе еркектің артына кірген кезде, мәни ақса да, ақпаса да екеуіне де ғұсыл алу парыз болады. Хайз кезінде де, таза кезінде де әйелге артынан жақындау харам, үлкен күнә. Лиуата немесе гомосексуализм деген қатынастар одан да үлкен күнә. Жануарға жақындаған адамға да ғұсыл керек. Өте жаман және үлкен күнә.

9) Ихтилам болғанын есіне түсіре алмай, мәни көрген адамның ғұсыл алуы керек. Оянып іш киімінде мәни көрген адам ихтилам болғанын есіне түсіре алмаса да ғұсыл алады. Мәзи болса, сенімді болу үшін ғұсыл алады.

10) Әйел күйеуін ойлаған кезде, шаһуетпен дірілдегеннен кейін сарғыштау бір сұйық келсе, ғұсыл керек болады.

 

Ғұсылды қажет етпейтін жағдайлар

 

Сұрақ: Қай жағдайлар ғұсылды қажет етпейді?

Жауап: Көпшіліктің ойынша ғұсыл қажет болып саналған кейбір жағдайлар ғұсылды қажет етпейді. Ғұсылды қажет етпейтін жағдайлар:

1) Бір еркек бір әйелді немесе еркекті жалаңаш көрсе ғұсыл қажет емес. Қараған кезде шаһуеттеніп мәни келетін болса ғұсыл қажет, мәзи келсе ғұсыл керек емес.

2) Бір әйел өз күйеуін немесе бір әйелді жалаңаш көрсе ғұсыл қажет емес.

3) Ерлі-зайыптылар ойнасқанда, жалаңаш адамның суретіне қарағанда немесе ойлаған кезде мәзи келсе, бірақ мәни келмесе ғұсыл қажет емес.

4) Кіші немесе үлкен дәреттен кейін шыққан жабысқақ простат сұйығы және уәди ғұсылды қажет етпейді.

5) Ауыр бір зат көтеру немесе бір жерден құлау сияқты себеппен мәни шықса Шафииде ғұсыл қажет болады, қалған үш мазһабта керек емес.

6) Ихтилам болғанын есіне түсірген адам оянған кезде іш киімінде мәни көрмесе ғұсыл алуы керек емес. Ихтилам болған адам оянған кезде жатқан орнында, киімінде немесе аяғында дымқылдық байқаса, мұның мәзи деп аталатын ақ сұйық нәрсе екенін түсінсе немесе ояу кезде мәзи ақса, ғұсыл қажет емес.

7) Жүніп болып ғұсыл алғаннан кейін әйелден күйеуінің мәнисі шықса ғұсыл қажет емес.

8) Әйел немесе еркек әурет жерін қырса ғұсыл керек емес.

9) Әйелдер себінген иіссуды еркектер иіскесе, иіссу себінгенге де, иіскегенге де ғұсыл қажет емес. Тіпті дәретті де бұзбайды. Бірақ әйелдердің күйеулерінен басқа адамдар үшін иіссу себінуі жаиз емес.

10) Жүніп кезде киілген киімді, үстінде нәжіс жоқ болса қайтадан киюдің және сол киіммен намаз оқудың зияны жоқ.

 

Мәни, уәди, мәзи деген не?

 

Сұрақ: Мәни, уәди, мәзи, простат секрециясы деген не? Бұлар ғұсылды қажет ете ме?

Жауап:

Мәни: Жыныстық қатынастан кейін немесе маструбация соңында шәһуетпен (ләззатпен) және толқып шығатын жабысқақ сұйықтық. Еркектің мәниі сперма деп аталады. Әйелдікі сарғыштау болады.

Уәди: Зәр шығарғаннан кейін шығатын ақ, тұнық, жабысқақ сұйықтық.

Мәзи: Ләззат алу кезінде шығады. Шаһуеттенгенде, ұятсыз суреттерге қарағанда немесе шаһуетпен сүйіскенде және құшақтасқанда немесе осы сияқты нәрселерді ойлағанда ағатын бірнеше тамшы түссіз (мөлдір) сұйықтық.  

Простат секреті (сұйығы): Әдетте зәрден кейін келетін, қою, жабысқақ  сұйықтық.

Шаһуетпен ағатын мәниден басқаларында ғұсыл алу қажет емес. Әйелдерде мәнидің келуі қиындау болады. Мәни ақпай, мәзи деп аталатын сұйықтық ақса ғұсыл керек емес. Мәни адамды дірілдетіп, тырыстырып шығады. Шыққан сұйықтықтың мәни немесе мәзи екендігін осылай да білуге болады.  

 

Мәни келмесе

 

Сұрақ: Простат операциясын жасаттым. Сперма дорбашықтарым алынғандықтан аталық ұрық бездерімде сперма бірікпейді. Әйеліммен бірге болған кезімде сперма келмейді. Түсімде ихтилам боламын, бірақ сыртқа сұйық шықпайды. Кейде қандай-да бір себепсіз зәрімде қою сұйық нәрсе көремін, мұны сперма шығар деп ойладым. Жүніп боламын ба, ғұсыл алуым керек пе?

Жауап: Әйелімен бірге болған кезде сперма келмесе де ғұсыл алу керек. Түсінде ихтилам болған кезде сыртқа ештеңе шықпаса, ғұсыл керек емес. Ғұсыл үшін мәнидің шаһуетпен сыртқа шығуы керек. Мәни қандай-да бір себеппен шаһуетсіз шықса, Ханафиде ғұсыл қажет емес. Зәрде көрінгені простата секрециясы болуы мүмкін. Анализ жасатқан жақсы болады. Мәни болса да, шаһуетсіз келген кезде ғұсылды қажет етпейді. Егер шаһуетпен атылып, одан кейінірек шаһуетсіз шықса, ғұсыл керек.

 

Мәни көрінбесе

 

Сұрақ: Операциямен мәни жолы зәр жолына байланды. Ихтиламмен мәни зәр қуығына ағады екен. Сідікте мәни көрмеймін. Ғұсыл қажет пе?

Жауап: Мәни көрінбесе ғұсыл керек емес.

 

Дәрігерге көрінген кезде

 

Сұрақ: Әйел, әйелдік ауруларына байланысты еркек дәрігерге (гинекологқа) көрінсе, ғұсыл керек пе? Ультрадыбыспен қаралса ғұсыл керек пе? Әйел алдына немесе артына саусақ кіргізілсе ғұсыл алуы керек деп естідім, керек емес деп те естігенім бар. Қайсысы дұрыс?

Жауап: Екеуі де дұрыс болып саналмайды, жағдайдың анықталу қажеттілігі бар. Ішке саусақ кірген кезде ләззат сезілмесе ғұсыл керек емес. Ләззат сезілсе ғұсыл алу керек. Ләззат алу – шаһуеттену деген сөз. "Сәадәти Әбәдийа" кітабында "Рәддул Мухтар"дан алынып былай делінген:

"Баланың жыныстық мүшесі, жануардың жыныстық мүшесі, өлі адамның жыныстық мүшесі, жыныстық мүше сияқты кез келген нәрсе немесе саусақ ішке кірген кезде ләззат сезілсе, ғұсыл алуы қажет болады. Ләззат сезбесе де ғұсыл алуы жақсы болады."

 

Жүніп кезде етеккір көруі

 

Сұрақ: Жүніп әйел хайз болса жуынуы керек пе?

Жауап: Жуынуы шарт емес. Жүніп кезінде тырнақ пен шаш қырқуы мәкрух, хайзды кезде мәкрух емес. Сондықтан жуынғаны жақсы.

 

Бала туғызу

 

Сұрақ: Еркек немесе әйел дәрігер, акушер, Рамазан айында дәретті болып бір әйелді босандырса (туғызса), дәрігердің оразасы, ғұсылы немесе дәреті бұзыла ма?

Жауап: Ханафи мазһабындағы әйел дәрігердің немесе акушердің Рамазан айында бала туғызуы оразаны, дәретті және ғұсылды бұзбайды. Зәру жағдайсыз еркек дәрігерге босандыру жаиз емес.

 

Бір рет ғұсыл алынады

 

Сұрақ: Хайзы біткен кезде ғұсыл алмастан күйеуімен бірге болған, одан кейін түсінде ихтилам болған, яғни ғұсыл алудан бұрын екі рет жүніп болған адам, қанша рет ғұсыл алуы керек?

Жауап: Қанша рет жүніп болса да, бір рет ғұсыл алуы жеткілікті болады. Намаз уақыты шықпай тұрып дереу ғұсыл алуы керек. Намаз оқымай уақыт шығып кететін болса, намазын қазаға қалдырғаны үшін бөлек күнә болады.

 

Мұсылман болған кезде

 

Сұрақ: Мұсылман емес адам иман келтіріп мұсылман болғаннан кейін ғұсыл алуы керек пе?

Жауап: Жүніп болғаннан кейін жуынған болса, мұсылман болған кезінде ғұсыл алуы мүстаһаб болады. Жүніп кәпір кірден тазару үшін жуынған болса жүніптігі де кетеді. Өйткені Ханафи мазһабында ғұсылда ниет парыз емес. Жуынуымен ғұсыл алған болып саналады. Жүніп болғаннан кейін жуынбаған болса, мұсылман болғаннан кейін ғұсыл алуы парыз болады. (И. Ахлақы)