Уәра
Харамдардан және халал немесе харам екендігі белгілі болмаған күмәнді нәрселерден сақтану. «Ешнәрсе уәра сияқты бола алмайды.» (Хадис шәриф – Қунуз-ул-Хақаиқ) «Діннің тірегі – уәра.» (Хадис шәриф – Қунуз-ул-Хақаиқ) Қиямет күні Аллаһу та’аланың құзырында қадірлі болғандар уәра және зухд иелері (дүниеге берілмегендер) болып табылады. (Әбу Хурайра) Бір адам мына он нәрсені өзіне парыз деп білмейінше толық уәра иесі бола алмайды: Ғайбат етпеу, мұсылманға су-и зан етпеу, ешкімді мазақтамау, бөтен әйелдерге, қыздарға қарамау, дұрыс сөйлеу, өзін ұнатпау үшін Аллаһу та’аланың ихсандарын, ниғметтерін ойлау, мал-мүлкін халал жерлерге жұмсап, харамдарға жұмсамау, нәпсінің рахаттануы үшін жоғары лауазымдарға қызықпай, оларды адамдарға қызмет ететін жер деп білу, бес уақыт намазды уақытында оқуды бірінші міндет деп білу, әһли сүннет ғалымдарының білдірген иман жәнә амалдарын жақсылап үйреніп, өзін соған үйрету. (Имам Раббани) Зередей уәра иесі болу, мың нәпіл ораза және намаздан қайырлы. (Хасан Басри) |