Аудио құралдардан Құран тыңдау
Сұрақ: Құран кәрімді аудио құралдардан және микрофонмен оқу және тыңдау жаиз ба? Жауап: Жаиз емес. Бұл құралдардан тек үйрену мақсатында ғана тыңдауға болады. Мысалы намаз сүрелерін білмейтін адам осылар арқылы үйренуіне болады. Бұдан тыс сауап алу ниетімен, ғибадат кезінде тыңдау жаиз болмайды. Аудио құралдардан шыққан дыбыспен ғибадат орындауға болмайтындығы Алмалы тәпсірінде де білдірілген. (3 том, 2361 бет) Дыбыс шығаратын сауық құралдары: барабан, дабыл, сыбызғы, сырнай, домбыра, микрофон, репродуктор және т.б. – бәрі жеке жеке сазды аспаптар болып саналады. Сазды аспап өздігінен дыбыс шығармайды. Дыбыс шығару, яғни қолдану үшін сыбызғыға үрлеу, барабанды ұру, микрофонға сөйлеу керек. Бұлардан шығатын дыбыс – осы аспаптар шығарған дыбыс. Үрлеген немесе сөйлеген адамның дауысы емес. Микрофон арқылы естілген Құран кәрім – микрофон пайда қылған дыбыс. Мухиддин Араби хазреттері былай деген: Асхаби кирамнан Әбу Хурайра хазреттері хабар берген хадис шәрифте «Бір заман келеді, Құран кәрім мизмардан (сазды аспаптар арқылы) оқылады. Олай оқығандарға және тыңдағандарға мүлдем сауап берілмейді. Аллаһу та’ала бұларға лағнет етеді» делінген. (Мусамара) Мизмар – сазды аспап деген сөз. Микрофон да мизмарға жатады. Осы сияқты көптеген хадис шәрифтер Құран кәрімнің аудио құралдар және микрофон сияқты сазды аспаптармен оқылатындығын хабар беруде. Микрофонмен Құран кәрім, мәуліт оқу, тыңдау – ғибадатты өзгерту болады, яғни бидғат және күнә болып табылады. (С.Әбәдийа) Осылай ғибадатта қолдану мақсатында Құран кәрімді кассеталарға, дисктерге, компьютерге және ұялы телефондарға жүктемеу керек. Тек оқуды үйрену үшін ғана жүктеуге болады.
Мазарда аудио құралдан Құран тыңдау Сұрақ: Ұялы телефонына Ясин сүресін жазып алдым. Мазарға барып, өлілерге тыңдатсақ, сауап болады ма? Жауап: Мүлдем сауап болмайды, одан бөлек бидғат және үлкен күнә болады. Радио, теледидар және аудио құралдар арқылы пайдалы дәстүрлер жасалуы сауап болады, алайда ғибадаттарды (Құран кәрімді, азанды, намазды) аудио құралмен (микрофонмен) орындау жаиз емес. Микрофон арқылы шыққан дыбысқа қыраат, яғни Құран кәрім оқу делінбейді, шалыну делінеді. (Алмалы тәпсірі)
Көлік айдап жатқанда Сұрақ: Көлік айдап бара жатқанда жатқа Құран кәрім оқу және тыңдау жаиз ба? Жауап: Жаттанды түрде оқу жақсы. Ал радиодан немесе қандай-да бір құралдан тыңдау, үйрену ниетінен басқа ниетте болса, жаиз емес. Үйрену ниетімен тыңдаған кезде де басқа істермен айналыспау керек.
Аудио құралдарға Құран жазып алу Сұрақ: С.Әбәдийа кітабында «Мизани Шарани» кітабынан алынып: «Жаман нәрселер айтқаннан кейін Құран кәрім оқыған адам мусхафты (Құран кәрім кітабын) лас бір жерге кіргізген адам сияқты болады» делінген. Одан кейін «Құран кәрімді мизмарлардан оқитындарға Аллаһу та’ала лағнет етеді» хадис шәрифі білдірілген. Ішіне музыка жазылған дискке Құран жүктеп тыңдау немесе тойларда, мәуліттерде микрофонмен оқылған Құран кәрімді усилителден тыңдау жаиз болмайды ма? Жауап: Иә, жаиз болмайды. Тіпті мүлдем музыка қойылмаса да, тек үйрену ниетімен дисктен, компьютерден, радиодан, теледидардан және микрофон арқылы Құран тыңдау жаиз болса да, тыңдау сауабы пайда болмайды. Сауап алу ниетімен тыңдау бидғат және күнә болады. Ибн Хажар Мекки хазреттері былай деген: Хадис шәрифте «Бір заман келеді, Құран кәрім мизмарлардан оқылады. Оқығандарға және тыңдағандарға Аллаһу та’ала лағнет етеді» делінген. «Кәффур-рәа ән мухаррәмат-илә ләһуи уәссима – Мусамара – С.Әбәдийа» (Мизмар – сазды аспаптардың барлық түрі деген сөз. Микрофон да мизмарға жатады.) Тек қана Құран үйрену үшін, мүлдем ешқандай әуен жазылмаған бос құралдарға аят немесе сүре жазу жаиз болады. Бұдан басқа Құран кәрімді мизмарларға жазбау керек және тыңдамау керек. Аллаһу та’аланың лағнетіне ұшыраудан өте сақ болу керек. |