2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


Алғы сөз

«Субханаллаһи уә бихамдиһи субханаллаһил-азыйм». Бұл кәлима-и тәнзихті таңертең және кешке 100 реттен оқыған адамның күнәлары кешіріледі. Бұдан кейін тағы күнә істеуден сақталады. Бұл дұға «Мәктубат аудармасы» кітабының 307-ші және 308-ші хаттарында жазылған. Бүкіл дерттерден құтылуға да себеп болады.

 

- І -

ИМАН ЖӘНЕ ИСЛАМ

 

АЛҒЫ СӨЗ

 

Бисмиллаһпен бастайық бұл кітапты,

Аллаһ аты ең жақсы сыйынарымыз.

Ниғметтері шексіз мұхит сияқты,

Аса қамқор, ол кешірімді Раббымыз!

 

Аллаһу та’ала дүниеде бүкіл адамдарға қамқорлық танытуда. Олардың мұқтаж болған нәрселерін жаратып, бәріне жіберіп жатыр. Оларға мәңгiлiк бақытқа қауыштыратын жолды көрсетуде. Нәпістеріне, жаман достарға, зиянды кітаптарға және шетелдік радиоларға (ақпарат құралдарына) алданып, осы бақыт жолынан айрылғандардан, күпір мен адасушылық жолына түскендерден, істегендеріне өкініп, кешірім сұрағандарды дұрыс жолға қауыштыруда. Оларды мәңгі пәлекеттен құтқаруда. Азғын, залым болғандарына бұл ниғметін нәсіп етпеуде. Оларды өздері ұнатқан, қалаған күпір жолында қалдыруда. Ахиретте тозаққа кіруі керек болған мүминдердің арасынан қалағанын сый ретінде кешіріп, жәннатқа кіргізеді. Барлық  жандыны жаратқан, барлық болмысты әр сәтте бар қылып ұстап тұрған, бәрін қорқыныш пен үрейден сақтап тұрған жалғыз Ол. Осындай Аллаһтың қасиетті есіміне сыйынып, яғни Одан жәрдем күтіп, осы кітапты жазуды бастаймыз.

Аллаһу та’алаға хамд (мақтаулар) болсын. Оның сүйікті пайғамбары Мұхаммед алейһиссаламға дұға және сәлем болсын. Осы ұлы пайғамбардың пәк әһли бәйтiне (отбасына) және әдiл, шыншыл сахабаларының барлығына қайырлы дұғалар болсын!

Хамд (мадақтау) дегеніміз – барлық ниғметтерді Аллаһу та’аланың жаратып жібергеніне сену және айту деген сөз. Шүкір болса, барлық ниғметтерді Ислам дініне сай қолдану деген сөз.

Ислам дiнiнiң сенiмдерiн, бұйрықтары мен тыйымдарын білдіретін мыңдаған құнды кiтаптар жазылған, олардың көбi шет тiлдеріне аударылып, барлық мемлекеттерге тараған. Бұған қарамастан, пікірі қате, көзқарасы тар, ақылы қысқа болған адамдар және ағылшын тыңшыларына алданған надан дiн адамдары, зындықтар әрдайым Исламның пайдалы, нұрлы және жарқын үкiмдерiне, яғни бұйрықтары мен тыйымдарына қарсы шабуылдап, оған дақ түсіруге, өзгертуге, мұсылмандарды алдауға тырысқан.

Ислам ғалымдарының қазiргі таңда да әлемнiң барлық жерiнде дерлік Ислам сенiмiн таратуға, қорғауға еңбек сіңіріп жатқандығы байқалуда. Ислам дінін Асхаби кирамнан естіп, кітаптарға жазған дұрыс жолдағы ғалымдарға «Әһли сүннет ғалымдары» делінеді. Әһли сүннет ғалымдарының кiтаптарын оқымаған немесе түсiне алмаған бірең-сараң адамдардың Құран кәрiм мен хадис шәрифтерден қате мағыналар шығарып, айтқан орынсыз сөздері мен жазбалары байқалып жүрсе де, мұндай сөздер мен жазбалар мұсылмандардың дұрыс иманының алдында еріп жоғалуда, сөз иесінің сауатсыздығын көрсетуден басқа ешқандай әсерi қалмауда.

Мұсылман екендiгiн айтқан немесе жамағатпен намаз оқығандығы байқалған адамның мұсылман екендiгi аңғарылады. Кейіннен, оның бiр сөзiнен, жазбасынан немесе әрекетiнен Әһли сүннет ғалымдары білдірген иман білімдерiне қайшы болған бір нәрсе байқалса, мұның күпiр немесе адасушылық екендiгi оған түсiндiрiледi. Бұдан бас тартып, тәубеге келу керектiгi айтылады. Қысқа ақылы, қате пікірімен жауап берiп, бас тартпайтын болса, ол адамның адасушы немесе мүртәд болғаны, яки ағылшын саясатына сатылғандығы аңғарылады. Енді ол намаз оқыса да, қажылыққа барса да, барлық ғибадат пен жақсылықты жасаса да, бұл пәлекеттен құтыла алмайды. Күпiрлiкке себеп болатын нәрседен бас тартып, тәубе етпегенше мұсылман бола алмайды. Әрбiр мұсылман күпiрлiкке себеп болатын нәрселердi жақсылап үйренiп, мүртәд болудан қорғануы керек, кәпір болғандарды, мұсылман болып көрінетін зындықтарды және ағылшын тыңшыларын жақсылап танып, олардың зияндарынан қорғануы керек.

Құран кәрiмнен және хадис шәрифтерден қате, дұрыс болмаған мағыналар шығарылатыны, осылайша жетпiс екi түрлi адасқан мұсылман ағымының тарайтыны жайында Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәссәллам) хабар берген. «Бәриқа» және «Хадиқа» кiтаптары бұл хадис шәрифті «Бұхари» және «Мүслим» кiтаптарынан алып түсiндiруде. «Ұлы Ислам ғалымы», «Шейх», «Дiнтанушы профессор» деген аттарды жамылып майданға шығып жүрген осындай адасқан ағымдардағы адамдардың кiтаптарына, конференцияларына алданбау керек. Сондай дін-иман ұрыларының тұзақтарына түспеу үшін сергек, көкірегі ояу болу керек. Осы надан мұсылмандардан басқа коммунисттер мен масондар бiр жағынан, христиан миссионерлерi, ағылшындарға сатылған уаххабилер, яһуди сионистерi екiншi жақтан, жаңа-жаңа әдiстермен мұсылман өспірімдерін алдауға тырысып жатыр. Ойдан шығарылған кiтаптар, фильмдер, қойылымдар, радио және теледидар ақпарат құралдары арқылы Ислам мен иманды жоюға бар күштерiн салуда. Осы жолда өте көп қаржы жұмсап жатыр. Ислам ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та’ала) олардың барлығына қажеттi жауаптарды алдын ала жазып кеткен, Аллаһу та’аланың дiнiн, бақыт пен құтылу жолын көрсеткен.

Шынайы ғұламалардың бірі болған үлкен Ислам ғалымы Мәулана Халид Бағдади Османидiң (қуддиса сиррух) «Итиқаднама» кiтабын таңдадық. Бұл кiтап марқұм қажы Кәмахлы Фәйзуллаһ мырза тарапынан түрiк тiлiне аударылып, «Фәраид-ул-фәуаид» деген ат берілген және хижри 1312 жылы Мысырда басып шығарылған. Бiз бұл аударманы жеңілдетіп,«Баршаға қажетті иман» деп атадық. Бiрiншi басылымы 1966 жылы шығарылды. Біз жасаған түсiніктемелерді кiтаптың негізгі мәтінінен ажыратып көрсету мақсатында тiк жақша [ ] ішіне жаздық. Жариялануын нәсiп еткені үшін Аллаһу та’алаға шексіз хамд пен шүкiрлер болсын! Бұл аударманың парыс тіліндегі түпнұсқасы Стамбул Университетi кiтапханасының «Ибнул Әмин Махмуд Кәмал бек» бөлiмiнде «Итиқаднама» деген атпен F-2639 нөмiрімен тiркелген. Түрік тіліндегі аудармасын «Хақиқат кітап үйі» «Иман және Ислам» деген атпен басып шығарған.

«Дуррул-мухтар» кiтабының авторы құрметті Алауддин Хаскәфи (рахимә-һуллаһу та’ала) «кәпiрдiң некесi» бөлімінің соңында былай дейдi: «Кіші жаста некелестіріп қойылған мұсылман қыз балиғатқа толған кезінде мұсылмандықты бiлмейтін болса, некесi бұзылады. [Яғни мүртәд болады.] Аллаһу та’аланың сипаттарын оған түсiндiру керек. Ол да мұны қайталап, «бұларға сендiм» деуi керек». Ибн Абидин мұны ашып, былай деген: «Қыз кiшкентай кезiнде ата-анасына бағынышты түрде мұсылман болады. Балиғатқа толғанда ата-анасының дiнiне бағынышты болуы жалғаспайды. Ислам дінін бiлмей балиғатқа толса, мүртәд болады. Иман келтіруі тиiс болған алты нәрсенi үйренiп, оларға сенбегенше және Ислам дініне бағыну керектiгiне сенбегенше, «Кәлима-и тәухид»-тi айтса да, яғни «Лә илаһә иллаллаһ, Мухаммадун расулуллаһ» десе де, мұсылмандығы жалғаспайды. «Әмәнту биллаһи...»-дегі алты шартты үйренiп, бұларға сенуi және "Аллаһу та’аланың бұйрықтары мен тыйымдарын қабылдадым" деп айтуы қажет». Ибн Абидиннің бұл сөзiнен аңғарылып тұрғаны, бір кәпiр кәлима-и тәухидтi айтқанда және мұның мағынасына қысқаша сенгенде, сол сәтте мұсылман болады. Бірақ, әрбiр мұсылман секiлдi, ол да мүмкiндiк тапқанда «Әмәнту биллаһи уә мәләикатиһи уә кутубиһи уә русулиһи уәл йәумил ахири уә бил қадари хайриһи уә шәрриһи миналлаһи та’ала уәл бә’су бә’дәл мәути хаққун Әшһәду әнлә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расулуһу» деп Әмәнтудің негіздерін жаттауы, мұның мағынасын және Ислам бiлiмдерiнен өзіне қажет болғандарын жақсылап үйренуi тиiс. Бір мұсылманның баласы да осы алты шартты және Ислам бiлiмдерiн үйренбесе және сенгендiгiн айтпаса, балиғат жасына толғанда мүртәд болады. Иман келтiргеннен кейiн «Ислам бiлiмдер»-iн, яғни парыздарды, харамдарды, дәреттi, ғұсылды, намаз оқуды және әурет жерлердiң жабылуын дереу сұрап үйренуi де парыз болады. Сұраған адамының да үйретуi немесе шынайы дiн кiтабын көрсетуi оған да парыз болады. Сұрайтын адамды немесе кітапты таба алмаса, iздеуi парыз болады. Iздемейтін болса кәпiр болады. Тапқанға дейiн бiлмеуi үзір (кешірімді) болады. Парыздарды уақытылы орындамаған және харам iстеген адам тозақта азапқа тартылады. Иманның алты шарты жайында осы кiтабымызда кең мәлiмет бар. Әр мұсылман бұл кiтапты жақсылап оқуы және бала-шағасы мен барлық таныстарының оқуына күш салуы керек.  Әурет жерлері жайлы мәлімет 475-ші бетте жазылған.

Кiтабымызда аяти карималардың мағыналары жазылғанда «Мәалі бойынша былай делінген» деп көрсетiледi. «Мәалі» дегеніміз – «Тәфсир ғалымдарының айтуы бойынша» дегендi бiлдiредi. Өйткенi, аяти карималардың мағыналарын тек Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) түсінген және сахабаларына білдірген. Тәфсир ғалымдары бұл хадис шәрифтердi мұнафиқтардың және британ кәпiрлерiне сатылған зындықтардың, яғни мазһабсыз дiн адамдарының ойдан шығарған хадистерiнен айырған, таба алмаған хадис шәрифтерде, тәфсир ғылымына сүйенiп, аяти карималарға өздерi мағына берген. Араб тiлiн бiлетiн, бiрақ тәфсир ғылымынан хабары жоқ дiн надандарының түсiнгендеріне «Құран тәфсирi» делінбейді. Осы себептен де хадис шәрифте: «Құран кәрiмге өз түсiнiгi бойынша мағына берген адам кәпiр болады» делiнген.

Аллаһу та’ала бәрiмiздi Әһли сүннет ғалымдары көрсеткен дұрыс жолда болуды нәсіп етсін! Діни сауатсыздардың, надандардың және «үлкен Ислам ғалымы, шайх» сияқты атауларға иеленген мазһабсыздардың, мұнафиқтардың жасанды, айлалы сөздерiне алданып қалудан сақтасын! Әмин.

Милади жыл санақ-2015 ж.

Хижри шәмси-1393 ж.

Хижри қамари-1436 ж.

 

АНЫҚТАМА: Миссионерлер христиандықты жаюға, яһудилер Талмутты жаюға, Стамбулдағы «Хақиқат кітап үйі» Ислам дiнiн жаюға, ал масондар дiндерді жоқ қылуға тырысып жатыр. Ақылы, бiлiмi, ынсабы бар болған адам бұлардың арасынан қайбірі дұрыс екенін ұғынады, түсінеді. Мұның таралуына үлес қосып, барлық адамдардың дүниеде де, ахиретте де бақытқа қауышуына себеп болады.Қазiргi таңда əлемдегi мұсылмандар үш топқа бөлiнген. Бірінші топ – Асхаби кирамның жолында болған шынайы мұсылмандар. Олар «Əһли сүннет»«Сүнни» және «Фирқа-и Нәжийа», яғни «Тозақтан құтылған топ» деп аталады. Екiншi топ – Асхаби кирамға дұшпан болғандар. Оларға «Шии» және «Фирқа-и даллə», яғни «адасқан топ» делінеді. Үшiншiсі – сүннилерге де, шиилерге де дұшпан болғандар. Оларға «Уаххаби» және «Нəжди» делінеді. Өйткенi олар ең алғаш рет Арабияның Нəжд қаласында пайда болған. Оларды «Фирқа-и мә’луна»деп те атайды. Себебі, олардың мұсылмандарға кəпір дегендігі «Сә’адати Əбəдийа» жəне «Қиямет жəне Ахирет» атты кітаптарымызда жазылған. Пайғамбарымыз осылай айтқандарды лағнеттеген. Мұсылмандарды осы үш топқа бөлгендер – батыстықтар.

Әр мүмин нəпісiн тәзкия ету үшін, яғни жаратылысындағы надандықтан және күнәлардан тазалану үшін әрдайым «Лə илаһə иллаллаһ» кəлимасын оқу керек, ал жүрегін тасфийа ету үшін, яғни нәпсінен, шайтаннан және жаман достан,  зиянды, бұзық кітаптардан жұққан күпір мен күнəлардан құтылу «Әстағфируллаһ» оқуы керек. Ислам дiнiне мойынсұнған және күнәларына тәубе еткен адамның дұғалары қабыл болады. Намаз оқымайтын, ашық-шашық əйелдерге және әурет жері ашық жүрген адамдарға қарайтын, харам iшiп-жейтін адамның Ислам дiнiне мойынсұнбағандығы аңғарылады. Ол адамның дұғалары қабыл болмайды. Соңғы беттегі қосымшаны оқыңыз!