2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Иман және Ислам" кітабы / Өздері мұсылман болмаса да мұсылмандыққа таңданыс бiлдiрген және аллаһу та’аланың бар екендігіне сенген атақты тұлғалардың сөздерi

Өздері мұсылман болмаса да мұсылмандыққа таңданыс бiлдiрген және аллаһу та’аланың бар екендігіне сенген атақты тұлғалардың сөздерi

- 5 -

ӨЗДЕРІ МҰСЫЛМАН БОЛМАСА ДА МҰСЫЛМАНДЫҚҚА ТАҢДАНЫС БIЛДIРГЕН ЖӘНЕ АЛЛАҺУ ТА’АЛАНЫҢ БАР ЕКЕНДІГІНЕ СЕНГЕН АТАҚТЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ СӨЗДЕРI

Төменде өздерi мұсылман болмаса да Аллаһу та’алаға сенген және мұсылмандыққа таң қалған көптеген танымал адамдардың кейбірлерінің Ислам діні туралы ойларын қысқаша жеткізудеміз. Осылай ойлайтын адамдардың көптігі соншалық, бұл жерде араларынан тек атақты (танымал) болғандарын таңдауға мәжбүр болдық. Таңдағандарымыздың арасында баршаға танымал үлкен қолбасшылар, мемлекет басқарушылары, пән ғалымдары бар. Енді олардың айтқандарын мұқият оқиық:

 

НАПОЛЕОН:

Есiмi тарихқа әскери болуымен қатар, мемлекет қайраткерi ретiнде де жазылған Франция императоры Наполеон І. (1769-1821) Мысырға кiрген 1212 [м.1798] жылы Ислам дiнiнiң ұлылығына, дұрыстығына қайран қалған, тiптi бiр кездерi мұсылман болуды да ойлаған еді. Төмендегі қатарлар Черфилстің «Bonaparte et Islam» атты еңбегiнен өзгертілмей алынған.

«Наполеон былай деген еді:

Аллаһу та’аланың бар және бiр екендiгiн Мұса алейһиссалам өз ұлтына, Иса алейһиссалам өз үмбетiне, ал Мұхаммед алейһиссалам бүкiл әлемге білдірді. Арабстан толығымен пұтқа табынатын едi. Иса алейһиссаламнан алты ғасырдан кейiн Мұхаммед алейһиссалам өзiнен бұрын келген Ибраһим, Исмаил, Мұса және Иса алейһимуссалам уағыздаған Аллаһу та’аланы арабтарға танытты. Арабтардың араларына кіргізілген ариандар (яғни Ариусқа бағынышты болған  христиандар) және шынайы Иса дiнiн бұзып, оларға үш тәңiр, яғни Аллаһ, Аллаһтың ұлы, Қасиеттi рух сияқты ешкімге түсініусіз сенiмдердi таратуға тырысқандар шығыстағы бейбiтшілік пен бақытты өмiрді толығымен бұзған едi. Мұхаммед алейһиссалам оларға тура жолды көрсетті. Арабтарға Аллаһу та'аланың бiр екендiгiн, Оның әкесi де, баласы да жоқ екендiгiн, осылайша бiрнеше Аллаһқа табынудың пұтқа табынушылықтан қалған жаман әдет екендiгiн түсiндiрдi.»

Кiтаптың басқа бiр жерiнде Наполеонның: «Жақында бүкiл әлемнiң ақылды, зиялы адамдарын жинап, бiр үкiмет құруға және бұл үкiметтi [Құранда жазылған негiздер бойынша] басқаруға мүмкiндiк табамын деп ойлаймын. Тек қана Құранда жазылған негiздердiң дұрыстығына сенемiн. Бұлар адамзатты бақытқа жеткiзедi» деген сөздері жазылған.

 

Профессор КАРЛАЙЛ:

Бүкіл әлемге танымал ең ұлы ғұламалардың бiрi шотландық Томас Карлайл (1210 [м.1795]-1298 [м.1881]) 14 жасында университетке түсiп, құқық, әдебиет және тарих салаларында бiлiм алып, немiс және шығыс тiлдерiн меңгерген. Атақты немiс әдебиетшiсi Гётемен хат алысып, онымен кездесiп, оған Ислам діні туралы ойларын жеткiзген. Прусья королі оған «powr le merite» орденін берген. Единбург университетi оны ректор қылып тағайындаған. Карлайлдың «Қара нәсілділер мәселесi», «Франция революциясы», «14-15-ғасырлардағы немiс әдебиетi», «Гёте және оның өлiмi», «Заманауи жұмысшылар», «Батырлар және батырларға табыну, тарихтағы батырлық» [1943 жылы Решад Нури Гунтекин тарапынан түрік тіліне аударылған], «Алты конференция» атты еңбектерi бар.

Төмендегі үзiндi оның бір еңбегінен алынған:

«Арабтар, Мұхаммед алейһиссалам және Оның ғасыры: Мұхаммед алейһиссалам келместен бұрын арабтар орналасқан жерге үлкен от түсіп шашыраса, қара құм үстінде жоқ болып кетіп, ешқандай із қалдырмас едi. Алайда, Мұхаммед алейһиссалам келгеннен кейiн бұл шөл дала оқ дәрі бөшкесіне айналғандай болды. Делиден Гранадаға дейiнгi барлық жер толықтай аспанға дейін көтерілген от алауына айналды. Ол ұлы кісі найзағай сияқты, Оның айналасындағы барлық адамдар Одан ұшқын алған жарқыраған бөлшектер күйіне айналғандай.»

Конференциясынан:

«Құран кәрiмдi оқыған сайын оның жай бiр әдеби шығарма емес екенiн сол сәтте-ақ сезiнесiз. Құран кәрiм – жүректен шыққан және басқа барлық жүректерге тез орналасатын бір еңбек. Басқа барлық шығармалар осы ғажайып еңбектің қасында тым әлсіз қалады. Құран кәрiмнiң ең басты ерекшелiгi – оның дұрыс және кәміл жол көрсетушi екендiгiнде. Менiңше, Құран кәрiмнiң ең үлкен артықшылығы осында. Бұл артықшылық басқа көптеген артықшылықтарға да жол ашуда.»

Саяхат естелiгi:

«Германияда досым Гётеге Ислам діні туралы жинаған мәлiметтерiм мен осы туралы ойларымды айтып берген едiм. Гёте менi мұқият тыңдады да, соңында маған: "Егер Ислам осы болса, онда бiз бәрiмiз мұсылманбыз" дедi.»

 

МАХАТМА ГАНДИ:

Ганди (1285 [м.1869]-1367 [м.1948]) Батыс Үндістанның атақты христиан əулетінен шыққан. Əкесі Пробтандар қаласының бас попы болатын. Ол өте бай еді. Ганди Пробтандар қаласында дүниеге келді. Лицейде оқу үшін Англияға барды. Оқуын бітіргеннен кейін Үндістанға қайтып оралды. 1893 жылы бір үнді фирмасы оны Оңтүстік Африкаға жіберді. Ганди ол жақта жұмыс істеп жүрген үндістердің қандай ауыр шарттарда жұмыс істеп жүргенін, оларға қандай нашар қарым-қатынас жасалатындығын көріп, олардың жақсы саяси құқықтарға қол жеткізулері үшін күресуге шешім қабылдады. Өзін үнді ұлтына арнады. Үндістердің құқығын қорғау үшін Оңтүстік Африка үкіметімен күресіп жүргенде тұтқындалып, қамалды. Бірақ күресуден мойымады. Африкада 1914 жылға дейін болды.  Кейін табысы көп болған жұмысын тастап, күресу үшін Үндістанға қайтты. Үндістанның тəуелсіздікке қол жеткізуі үшін 1906 жылы мұсылмандар құрған «Үндістан мұсылмандар одағы»-мен бірігіп əрекет ете бастады. Əкесінің және өзінің бүкіл қаражатын осы жолда жұмсады.

Ағылшындардың, Пенжап провинциясында 1274 [м.1858] жылы жасағанындай, екінші рет қорлық пен зұлымдық əрекеттерін бастамақшы екенін естіп, мұсылмандармен бірігіп әрекет етіп, барлық достарының мемлекеттік қызметтерден босауын, құпия күрескеп, пассивті бойкотқа көшуін іске асырды. Жалаңан денесіне ақ мата орап, өзімен бірге алып жүрген ешкі сүтімен ғана азықтанып, пассивті қарсылығын жалғастырды. Ағылшындар алғашында оның іс-əрекетіне күлді. Алайда, олар уақыт өте келе өз пікірлеріне жан-тәнімен сенген жəне өз елі үшін бəрін пида етуге дайын болған бұл адамның осы шусыз қарсылығында бүкіл Үндістанды қатарына түсіргенін көріп, таң қалды және қайран болды. Оны қамауға алу ештеңеге жарамады. Гандидің қайраткерлігі Үндістанның тəуелсіздікке қол жеткізуімен нәтижеленді. Үндістер оған «Қасиетті» деген мағына білдіретін «Махатма» лақабын тақты.

Ганди Ислам діні мен Құран кəрімді мұқият зерттеп, мұсылмандыққа қайран болған. Бұл жөнінде былай дейді:

«Мұсылмандар ең жарқын жəне жеңісті күндерінде де шектен шықпаған. Ислам діні əлемнің жаратушысына жəне Оның туындысына таңдануды бұйырады. Батыс əлемі үрейлі қараңғылықта өмір сүріп жатқанда, Шығыста жарқырап шыққан Ислам жұлдызы азап шеккен әлемге нұр, бейбітшілік жəне рахаттық əкелген. Ислам діні алдамшы дін емес. Үндістер бұл дінді құрметпен зерттейтін болса, олар да Ислам дінін мен сияқты жақсы көреді. Мен Ислам дінінің пайғамбарының жəне Оның жанындағылардың қалай өмір сүргенін баяндайтын кітаптарды оқыдым. Бұлар мені қызықтырғаны соншалық, кітаптар біткен кезде көбірек болмағанына өкіндім. Мен мынадай қорытындыға келдім, Исламның тез тарауы қылышпен жүзеге аспаған. Керісінше, бәрінен бұрын қарапайымдылығы, қисынды болуы жəне пайғамбарларының кішіпейілділігі, əрдайым сөзінде тұруы, жақындары мен мұсылман болған әркімге деген мейірімділігі себебімен көптеген адамдар Ислам діні қуана қуана қабылдаған.

Мұсылмандық монах түсінігін алып тастады. Мұсылмандықта Аллаһу та’ала мен құл арасында арашы болатын ешкім жоқ. Ислам діні – басынан бастап əлеуметтік əділетті бұйыратын дін. Жаратушы мен жаратылғанның арасында жеке бір құрылым жоқ. Құран кəрімді  [яғни оның тәфсирі мен Ислам ғалымдарының кітаптарын] оқыған əрбір адам Аллаһу та’аланың бұйрықтарын үйренеді және Оған мойынсұнады. Бұл мәселеде Аллаһу та’ала мен адамның арасында ешқандай кедергі жоқ. Христиан дінінің көптеген кемшіліктері бар болғандықтан, түрлі реформалар жасауға мəжбүрлік туындаған, ал мұсылмандық алғашқы күніндегі кейіпінен ештеңе өзгертілмеген. Христиан дінінде демократиялық рух жоқ. Бұл дінге демократиялық сипат беру үшін христиандардың ұлттық сезімдерінің артуына, осыған қарай реформалар жасалуына қажеттілік туындаған.»

 

Профессор ЭРНЕСТ РЕНАН:

Ал енді бір француз философ жайлы айтайық: Эрнест Ренан 1239 [м.1823] жылы Францияның Трегие қаласында туылған. Əкесі капитан еді. Бес жасында əкесінен айрылды. Анасы мен əпкесінің тəрбиесімен жетілді. Анасы оның дін адамы болуын қалағандықтан, туылған ауданының шіркеу колледжіне түсірді. Осы жерде терең діни білім алды. Шығыс тілдеріне үлкен қызығушылық танытқандықтан, араб, ибрани жəне сирия тілдерін үйренді. Содан соң университетке түсіп, философия саласында білім алды. Білімі артқан сайын және неміс филисофиясы мен шығыс əдебиетін мұқият зерттеген сайын христиан дінінде көптеген нұқсандардың бар екендігін байқады. 1848 жылы 25 жасында университетті бітірген кезінде христиан дініне толығымен қарсылық білдіріп, өз ойларын «Білімнің болашағы» атты кітапта жинақтады. Алайда, қарсылық білдіру сипатындағы бұл кітабын басып шығаруға ешбір баспахананың батылы жетпей, бұл кітап тек 42 жылдан кейін ғана 1890 жылы басылды.

Ренан бәрінен бұрын Иса алейһиссаламның Аллаһтың баласы емес екендігін айтатын еді. Ол Версаль университетінде философия ғылымының профессоры болып тағайындалған кезде осы пікірін аз-аздап түсіндіре бастады. Бірақ ең үлкен қарсылығын «College de France»-де ибрани тілінің профессоры болып тағайындалған кезінде көрсетті. Алғашқы сабағында-ақ: «Иса алейһиссалам құрметті және өзге адамдардан әлдеқайда үстем болған тұлға еді. Алайда, ол ешқашан да Аллаһтың баласы болған емес» деп айтуға батылы жетті. Оның бұл сөзі бомба сияқты әсер етті. Поптан бастап барлық католиктер қарсы тұрды. Поп Ренанды бүкіл халық алдында ресми түрде шіркеуден қуды. Франция үкіметі оны қызметінен босатуға мəжбүр болды. Бірақ, Ренанның бұл сөздері бүкіл әлемге үлкен жаңғырық болды. Оған өте көп жақтастар табылды. «Дін тарихына жасалған тəжірибелер», «Сын жəне ахлақ туралы зерттеулер», «Философиялық сұхбаттар» жəне «Исаның өмірі» сияқты шығармалар жазды және бұл еңбектері тез таралды. Франция Академиясы оны мүшелікке (1878 ж.) қабылдады. Франция үкіметі де Ренанды қайтадан қызметке шақырып, оны «College de France»-ға бастық қылып тағайындады.

Ренан «Исаның өмірі» атты еңбегінде Оны адам ретінде зерттеді. Ренанның пікірі бойынша: «Иса алейһиссалам біз сияқты адам. Анасы Мариям, Юсуф есімді ағаш ұстасымен атастырылған еді. Иса алейһиссалам әлі кішкентай кезінде-ақ айтқан сөздерімен көптеген ғалымдарды таң қалатындай үстем адам еді. Аллаһу та’ала оны пайғамбарлыққа лайық деп санап, Оған осы міндетті жүктеді. Иса алейһиссалам ешқашан: «Мен Аллаһтың баласымын» деп айтпаған. Бұл – жала және поптар тарапынан ойдан шығарылған.

Католик поптары мен Ренан арасындағы күрес ұзаққа созылды. Католиктер оны дінсіз деп айыптаса, Ренан оларды өтірікшілікпен, екі жүзділікпен кінәлайтын еді. Ренан«Шынайы Насрани діні – Аллаһу та'аланы бір жəне Иса алейһиссаламды тек адам жəне пайғамбар деп қабылдайтын дін» дейтін еді. Ренан қайтыс болған кезінде шіркеуде діни рəсімдердің жасалмауын жəне жаназасына монахтардың қатыспауын өсиет еткен еді. 1892 жылы қайтыс болған кезінде жерлеу ісіне тек оны жақсы көретін достары мен жолын ұстанған үлкен жұрт қатысты.

 

ЛАМАРТИН: (Альфонс Мари Луис де)

Францияның əлемге танылған ұлы əдебиетшілері мен мемлекет қайраткерлерінің бірі болған Ламартин (1204 [м.1790]-1285 [м.1869]) жұмыс бабымен бүкіл Еуропа мен Американы аралап, сол кезде Сұлтан Абдулмəжид хан дəуірінде Түркияға да барған. Патша тарапынан дос ретінде қабылданған Ламартинге одан бөлек Айдын аймағынан жер шаруашылығы да сыйға тартылған. Қараңыз, Ламартин «Histoire de Turquie – Түркия тарихы» атты еңбегінде Мұхаммед алейһиссалам туралы не дегенін:

«Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) өтірікші пайғамбар ма еді? Оның еңбектері мен тарихын зерттегеннен кейін олай ойлай алмаймыз. Өйткені жалған пайғамбарлық – екі жүзділік деген сөз. Өтірікте дұрыстықтың күші болмағанындай, екі жүзділікте де сендіру күші жоқ.

Механикада бір денені лақтырған кезде оның жете алатын орны оны лақтыру күшіне байланысты. Рухани шабыттың күші де оны пайда қылған туындымен өлшенеді. Осыншама көп нəрсені қамтитын, осыншама кең аумақтарға таралған жəне осыншама ұзақ уақыт бойы өз күшін сақтап тұрған «дін» (яғни Ислам діні) жалған бола алмайды. Мұның тым шынайы және өте нандырушы болуы қажет. Мұхаммед алейһиссаламның өмір жолы, қайраттылығы, елдегі қате сенімдерге және пұтқа табынушылыққа батылдықпен қарсы шығып, оларды жоюы, пұтқа табынушы қауымның ашуына қарсы тұру батылдығы, ержүректігі, өзіне шабуылдаған болса да, 13 жыл бойы Меккеде жерлестерінің арасында əр түрлі зұлымдықтар мен қорлықтарға төзуі, Мəдинаға көшуі, тоқтаусыз дінге шақыруы, айтқан уағыздары, насихаттары, күші әлдеқайда басым болған дұшпандарына қарсы жасаған жиһадтары, жеңетіндігіне деген сенімі, ең қиын сəттерінде де сенімін жоғалтпауы, жеңісте де көрсеткен сабырлылығы мен тәуекелі, сөздерін жеткізе білу қасиеті, шексіз құлшылығы, Аллаһу та’аламен болған қасиетті сұхбаттары, қайтыс болуы жəне қайтыс болуынан кейін де жалғасын тапқан атақ-даңқы, құрметі мен жеңістері Оның ешқашан да жалған пайғамбар болмағандығын, керісінше өте үлкен иманға ие болғандығын көрсетеді (саллаллаһу та’ала алейһи уәсәлләм).

Міне, Оның осы иманы, Раббына жүгінуі екі жаңа сенімді, иманды қоюын іске асырды. Бірі, «Жалғыз жəне мəңгі болмыс болған Аллаһтың бар екендігі», екіншісі, «Пұттардың тəңір емес екендігі» еді. Біріншісі арқылы арабтарға сол кезге дейін білмей келген жалғыз Аллаһты танытуда, екіншісі арқылы сол кезге дейін тəңір деп санаған пұттарын олардың қолынан алып қойды. Қысқаша айтқанда, бір қылыштың соғуымен жалған тәңірлерді, пұттарды құртуда, оның орнына «Жалғыз Аллаһ» иманын орналастыруда.

Философ, уағыздаушы, пайғамбар, заң енгізуші, жауынгер, адам ойларын сиқырлаушы, жаңа иман негіздерін қойған және жиырма үлкен әлем империясымен бір ұлы Ислам мемлекетін және өркениетін құрған ұлы тұлға, міне Мұхаммед алейһиссалам  дегеніміз осы адам (саллаллаһу та’ала алейһи уәсәлләм).

Адамдардың ұлылықты өлшеу үшін кез-келген құралмен өлшенсе, одан үстем болатын адам бар ма екен? Жоқ, болуы мүмкін емес (саллаллаһу та’ала алейһи уәсәлләм).»