2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Иман және Ислам" кітабы / 14) Фазлиддин Ахмед Оверинг (голландиялық)

14) Фазлиддин Ахмед Оверинг (голландиялық)

Шығыс мәдениетімен алғашқы байланысым қашан басталғанын нақты айта алмаймын. Бұл байланыс әуелі тіл себебінен туындады. Өйткені, мен шығыс халықтарының тілдерін үйренгім келетін және осыдан шамамен 30 жыл бұрын, яғни 12-13 жастарымда араб тілін үйрене бастадым. Бірақ, маған көмектесетін ешкімді таба алмағанымнан, бұл іс маған қиынға соқты. Араб тілін үйреніп жүргенде арабтар және Ислам діні туралы еуропалықтар тарапынан жазылған біраз кітаптар алған едім. Олардың көбінде Ислам туралы толық және тарапсыз білім берілді деп айта алмаймын. Осыған қарамастан Мұхаммед алейһиссалам туралы жазылғандар менде Оған деген құрметтің, махаббаттың пайда болуына жеткілікті болған еді. Бірақ, Ислам діні туралы білген мәліметтерім қате және кем болатын. Маған жол көрсететін ешкім де жоқ еді.

Соңында қолыма Т.Г.Броун тарапынан жазылған «History of Persian Literature in Modern Times – Иранның жаңа дәуір әдебиет тарихы» деген тамаша шығарма түсті. Бұл кітапта екі керемет өлең таптым. Бірі Хатиф Исфаханидің, екіншісі Мухташим Касханидің өлеңі болатын.

Хатифтың өлеңін оқыған кезде қалай толқығанымды сіздерге айтып жеткізе алмаймын. Бұл өлең сенімсіздік пен азапта қиналған және өзіне саламаттық жолын көрсететін мүршид іздеген рухты керемет суреттеген еді. Мұны оқыған кезде бұл ұлы ақын мен туралы, менің ақиқатты табу үшін жасаған күрестерімді айтып жатыр деп ойладым. Өлеңнің әр шумағында баяндалған пікірлерді, әрине, толық қабылдай алмайтынмын. Бірақ, төмендегі өлең жолдары толықтай менің ойларыма жауап берді:

 

Тек бір ғана Ол бар, Одан басқа ешкім жоқ,

Одан басқа ғибадатқа лайық ешбір илаһ жоқ.

 

Мен анамның қалауы мен өзімнің қызығушылығыма байланысты діни білім беретін жоғары мектепке қабылдандым. Бұл мектепте діни білім берумен қатар бір дінге қатты байламайтын еді. Шәкірттердің өз пікірлерін еркін білдіруіне рұқсат берілетін және олардың көзқарастарына қатты мән берілетін еді. Берілген діни сабақтар әрбір адамның білуі қажетті негізгі ілімдерден тұратын. Соңғы емтиханда маған қойылған «Діндер туралы пікірің қандай? деген сұраққа «Ислам дінін қатты құрметтеймін» деп жауап беруім мектеп директорын таңқалдырған еді. Ол кездері мен Ислам дінін жақсы көрген болсам да, менің иманым толық қалыптаспаған еді. Әлі ештеңеге шешім қабылдай алмадым. Ол кезге дейін шіркеудің маған үйреткен Ислам дұшпандығынан әлі толық құтыла алмаған едім.

Енді байыпты түрде және еуропалық жазушылардың кітаптарының ықпалында қалмай, өз ақыл-ойыммен Ислам дінін зерттей бастадым. Сол кезде қаншама ақиқаттарға кезіктім! Көптеген адамдардың бала кезінен ұстанған өз діндерін тастап, неліктен мұсылмандықты қабылдағандарын түсіне бастадым. Өйткені, Исламның бірінші мағынасы – адамның өзі және дүниесі, Аллаһу та’алаға шынайы түрде иман келтіруі, ал екінші мағынасы – өзін Аллаһу та’алаға толығымен тапсыруы және Оның әмірлеріне мойынсұнуы деген сөз еді. Құран кәрімде бұл туралы жазылған нәрселерді төменде келітеруге тырысамын. Негізгі арабша түпнұсқасындағы тамаша сөз құралуын жоғалтқан болса да, бұл сөздер адамды өзіне тартуда.

Фәжр сүресінің 27-аяты мен оның жалғасында: «Ей, бақыт тапқан рух! Сен Одан, Ол да сенен разы болған күйде Аллаһыңа қайт! Менің (салих) құлдарымның арасына қосыл, менің жәннатыма кір!» деп бұйырылған.

Міне, тек осы сөздің өзі Ислам дінінің христиан және басқа діндер сияқты көптеген қате сенімдерге толы емес, таза, дұрыс және шынайы Аллаһ діні екенін көрсетуге жетеді.

Христиандардың адамдар күнәхар болып туылады және жаңа туылған нәресте де өзінен бұрынғылардың күнәсын алады деген сенімдеріне қарсы Құран кәрімде Әнам сүресінің 164-аятында: «Әркімнің тапқаны өзіне, ешкім басқа біреудің жүгін (күнәсын) артпайды» делінген. Араф сүресінің 42-аятында: «Біз адамға тек шамасы жететін нәрсені жүктейміз» делінген. Адам бұларды оқыған кезде Аллаһтың сөзі екендігін жүрегімен сезініп, қуана-қуана иман келтіреді. Міне, мен де осылай жасадым, Аллаһу та’аланың ең дұрыс діні болған Исламды таңдап, шын көңіліммен мұсылман болдым.