2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


Мұхаммед Баба Саммаси

Мұхаммед Баба Саммаси хазреттері – Қожа Әли Рамитани хазреттері жетілдірген үлкен әулиелерден. Силсилә-и алийаның он үшіншісі. Бұхараға қарасты Саммас ауылында туылды.

Тасаууф ілімін үлкен ғалым Әли Рамитани хазреттерінен үйренді. Оның дәрістерінде және сұхбаттарында жетіліп, тасаууфта үлкен дәрежеге жетті. Ұстазы өзінен кейін орнына Мұхаммед Баба Саммасиді өкіл қылып қалдырды. Басқа шәкірттеріне де оған бағынуын өсиет етті.

Ұстазының қайтыс болуынан кейін оның орнына өткен Мұхаммед Баба Саммаси көп шәкірт жетілдірді және араларынан бір бөлігін тасаууфта үлкен мәртебелерге қауыштырды.

Бұл шәкірттерінің басында өзінен кейін орнына өткен ілім мұхитының көркі болған Сәйид Әмир Кулал хазреттері келуде. Тағы бір шәкірті – Бахауддин Бұхари хазреттері. Әлі ол туылмай тұрғанда ұстазы Мұхаммед Баба Саммаси оның туылған жерінен өтіп бара жатып «Бұл жерден үлкен ғалымның иісі шығып тұр. Жақында бұл жер Каср-и арифан (арифтердің, әулиелердің сарайы) болады» деді.

Бір күні тағы сол жерден өтіп бара жатқан еді. «Қазір әлгі хош иіс қаттырақ сезіліп жатыр. Сол үлкен ғалым дүниеге келді деп үміттенемін» деді. Осы сөзді айтқан кезінде Бахауддин Бұхари хазреттерінің туылғанына үш күн болған еді. Атасы баланың кеудесіне сыйлық қойып, Мұхаммед Баба Саммасиге алып келгенде: «Бұл біздің баламыз. Біз оны қабылдадық» деп, шәкірттеріне де «Иісі сезіліп тұрған бала осы. Өз заманының жол көрсетушісі және теңдессізі болады» деді. Кейін халифасы (орынбасары) Әмир Кулал хазреттеріне бұл баланың жақсы жетілу керектігін ескертті.

Бахауддин Бұхари хазреттері айтып берген:

«Үйленбекші болған кезімде атам мені Мұхаммед Баба Саммаси хазреттеріне жіберді. Оған баратын күннен бұрынғы түнде ішімде көз жасы мен дұға қалауы күшейді. Оның мешітіне кіріп, екі рәкат намаз оқыдым және Аллаһу та'алаға: "Йа, Раббым, маған жіберген қиыншылықтарыңа төтеп беруім үшін күш-қуат бер!" деп дұға еттім.

Таңертең ұстазымның алдына барғанымда: "Енді тағы дұға ететін кезіңде «Йа, Раббым, сенің разылығың қайда болса, бұл құлыңды сол жақта болуын нәсіп ет!» деп дұға жаса! Егер Аллаһ досына бәле-жала жіберсе, мейірімімен сол бәле-жалаға сабыр мен төзім де нәсіп етеді. Бірақ Аллаһтан не келетінін білместен, бәле-жала сұрағандай дұға ету дұрыс емес" деді. Әуелгі түндегі жағдайымды тапқандағы кереметін түсіндім және оған толықтай байландым.»

Жетілдірген, тасаууфта жоғары дәрежелерге қауышуларына себепші болған жүздеген әулиелерден төртеуін өзіне халифа қылып таңдаған. Бұлардың біріншісі – Қожа Суфи Сұхари, екіншісі – өз баласы Қожа Мұхаммед Саммаси, үшіншісі – Мәулана Данишмәнд Әли, ал төртіншісі – Сәйид Әмир Кулал хазреттері.

Бахауддин Бұхари хазреттері айтып берген:

Ұстазым Мұхаммед Баба Саммасимен бірге тамақ жеп отырған едік. Тамақ біткенде маған нан ұсынып: «Мынаны ал, сақтап қой, бәлкім, қажет болады» деді. Тамақтанған болсақ та, маған нан беруінің хикметін ойлай бастадым. Мен ойланып отырғанда «Пайдасыз ойлардан жүректі қорғау керек» деді. Кейін жолға шықтық және бір танысымның үйінде қонақ болдық. Қонақ болып келген үйіміздің егесінің қиналып жүргені байқалып тұрды. Ұстазым одан неліктен мұңайып жүргенін сұрады. Ол: «Бір табақ сүтім бар, бірақ сүтпен бірге жейтін наным жоқ, соған мұңаюдамын» деді. Ұстазым маған қарап «Бұл нан не үшін қажет екен деп ұзақ ойланған едің. Нанды егесіне бер» деді.