2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Хазреті Әбу Бәкірдің үш қасиеті

Хазреті Әбу Бәкірдің үш қасиеті

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Хазреті Әбу Бәкір қай қасиетімен пайғамбарлардан кейін бүкіл адамзаттың ең үстемі болды?

Бір күні пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Йа, Жәбірейіл! Омардың ізгілігін айт» деді. Сонда ол: «Нұх алейһиссаламның пайғамбарлық мерзімі бойы, яғни 950 жыл Омардың ізгілігін айтсам да, бітіре алмаймын. Бірақ оның барлық жақсылықтары Әбу Бәкірдің бір жақсылығына да жетпейді» деп жауаптады.

Бір адамның жасаған жақсылықтарының сауабы үйреткен адамға екі есе, оған үйреткенге де соның екі есесі болып жазылады. Сауаптардың еселенуі геометриялық прогрессия сияқты арта береді. Ақырында бүкіл үмбеттің, бүкіл жақсылықтардың сауаптары ең соңында Әбу Бәкір Сыддықта (радиаллаһу анһ) жиналады. Одан да еселеніп Мұхаммед алейһиссаламға барады. Хазреті Әбу Бәкірді бұл үстем дәрежеге жеткізген үш қасиеті мыналар:

1) Аллаһ жолында мал-мүлкінің бәрін берді. Өзі өте бай еді, соңында үстінде тек бір көйлек қана қалды, бәрін берді. Сүйікті пайғамбарымыз: «Ешкімнің мал-мүлкі маған Әбу Бәкірдің мал-мүлкіндей пайдалы болмады» деді.

2) Жанын пида етті. Бір күні мүшриктер пайғамбарымызға шабуылдады. Ол құтқару үшін араға кірді. Оны ұрып тастағаны соншалық, сүйектері сынды, өлді деп тастап кетті. Кейін денесін бір қапшыққа салып, үйіне апарып тастады. Үш күн есін жимады. Үшінші күннің соңында көздерін ашты, анасы дереу балам деп жүгірді. Бір жұтым су ішкізгісі келіп еді, хазреті Әбу Бәкір: «Мұхаммед алейһиссалам қайда, оның жағдайы қалай, мен оның жақсы екенін білмегенше аузыма ештеңе алмаймын» деді.

3) Түйірдей болса да жүрегінде еш күмәні жоқ еді. Толық иман, толықтай растау! Мысалы, миғраж оқиғасы... Мүшриктер бұл іс бітті деп қуанып келіп хазрет Әбу Бәкірге: «Сенің мырзаң бір сәтте Құдысқа, ол жерден аспанға барып келдім деп жүр» деді. «Ол айтып жатқан болса дұрыс айтқан, сендім» деп мүшриктерді састырып қалдырды. Мұсылмандардың имандарында берік қалуына себеп болды. Пайғамбарлардан кейін адамдардың ең үстемі болу абыройына қауышты.