6 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     9 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Мұсылманның қорқуы керек болған жайттары

Мұсылманның қорқуы керек болған жайттары

Мұсылманның кейбір жайттарда қатты қорқуы керек.

Имансыз өлуден қорқу... Ең көп қорқу қажет болған нәрсе осы болу керек. Адам өмір сүріп жатқан осы дүние өмірінде иманын қорғай алған және иманмен соңғы демін бере алған болса, ол кісі бақытты. Осының өзі оған жеткілікті болады. Бұл бақытқа қауышқаннан кейін бүкіл дүниелік байлықты толықтай жоғалтатын болса да, еш маңызы жоқ. Аллаһ сақтасын, имансыз өлген кісі жасаған ешбір ғибадатының, ешбір жақсылығының марапатын көре алмайды, мәңгі бақи тозақта жанады. Адам баласы мүмкіндікке қарай барлық нәрсенің ең жақсысын, ең көркемін алуға тырысады. Үйдің ең жақсысында тұруды, көліктің ең жақсысына мінуді қалайды және осы сияқты нәрселердің ең құндысын өзіне лайықты деп санайды. Бұларға қол жеткізгенде баладай қуанады... Өлімнің де ең жақсысын таңдау керек. Ал өлімнің ең жақсысына жақсылап өмір сүру арқылы қол жеткізу мүмкін. «Адам қалай өмір сүрсе, солай өледі. Қалай өлсе, солай тіріледі.» Ал мұның терісі өте сирек кездеседі.

Раббымыздың пендесіне берген ең үлкен ниғметі – оның иманмен қабірге кіруі. Бұдан артық ниғмет пен бақыт бола алмайды.

Күнә істеуден қорқу... Кирамән катибин періштелері біздің барлық амалдарымызды жазып жатыр. Ахиретте бізді ұятқа қалдыратын және азапталуымызға себеп болатын күнәлардан қатты сақтануымыз керек. Жасаған күнәларымызды біз ұмытуымыз мүмкін, бірақ періштелер ұмытпайды, бәрін жазып сақтап қояды. Қиямет күні амал дәптерімізде есебімізде мүлдем болмаған күнәларымызды көретін болсақ, бұған таң қалмайық.

Шайтанның амалдарымызды бұзуынан қорқу... Шайтандар бізге күнә істеткізумен шектеліп қалмайды, жасаған ғибадаттарымызды да бұзуға, жоюға тырысады. Жасаған амалдарымызды бізге ұнатқызып, осылайша бізді тәкәппарлыққа, менмендікке итермелеп, сауаптарымызды өшіруге тырысады.

Әзрейіл алейһиссаламның рухымызды кенеттен алуынан қорқу... Адам қашан өлетінін білмейді, кез келген сәтте өлуі мүмкін. Сондай күніміз келеді, ол күннің кешін көре алмаймыз. Немесе сондай бір түніміз келеді, біз үшін күндізі болмайды. Ертенгі күнді аман-сау қарсы алатынына ешкім сенімді емес. Жол апаты, жүрек ұстап қалуы сияқты себептермен адам өмірімен қоштасуы мүмкін. Ертенгі өмірімізге сенімді емес екенбіз, олай болса әрдайым өлімге дайын болып жүруіміз қажет.

Дүниенің бізді алдауынан қорқу... Бүкіл жамандықтардың басы – дүниелікті жақсы көру. Тәкәппарлық, көре алмаушылық, кек сақтаушылық, дұшпандық, біреуді алдау, өтірік айту, біреуді қорлау сияқты үлкен күнәлардың бәрі осыдан туындайды.

Хасан Басри хазреттері Мунафиқун сүресіндегі: «Ей, иман келтіргендер, дүние өмірі сендерді алдатпасын» деген аяти кариманы оқып, тыңдаушыларға: «Бұл сөз кімнің сөзі екенін білесіңдер ме? Бұл осы дүниені жаратқан Раббымыздың сөзі. Өзі жаратқандықтан, дүниенің қандай екенін бәрінен жақсы Ол біледі...» деген екен.