9 - Рамазан, 1445 жыл.
     19 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Қиямет және Ахирет" кітабы / УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (20)

УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (20)

20) Кітаптың үш жүз елу төртінші бетінде: «Әнфал сүресінің алпыс төртінші аятында "Аллаһ саған және саған ерушілерге жетеді. Одан басқасына қажеттілігіміз жоқ" деді. Ибн Қайим және Ибн Тәймия осылай екендігін хабарлаған.

"Бұл аятта саған Аллаһ және саған ерушілер жетеді" деп айту қате деді. Аллаһтан басқа ешкім жеткілікті бола алмайды. Екі аят бұрын "Сені алдамақшы болса, Аллаһ саған әлбетте жетеді. Сені өз көмегімен және мүминдердің жәрдемімен күшейтті" делінген. Жеткілікті болу мен күшейту сөздерін бір-бірінен ажыратты. Жеткілікті болуды тек қана өзіне қатысты, ал күшейтуді әрі өзіне, әрі құлдарына қатысты қолданды. Мүминдер де "Аллаһ бізге жетеді" дейді. "Аллаһ пен пайғамбар бізге жеткілікті" дейтіндер кездеспеген. Тек Аллаһ қана жеткілікті болады және тек Оған ғана тәуекел ету керек» дейді.

Имам Бәйдәуи (рахимә-һуллаһу та'ала) тәфсир ғалымдарының көсемі болып, 685 [м.1285] жылы Тәбризде қайтыс болған. Осы үлкен ғалым «Бұл аяти карима Бәдр соғысында Бида деген жерде түсті. Немесе Меккеде отыз үш ер кісі және алты әйел иман келтірген еді. Кейін хазреті Омар да иман келтіргенде осы аяти карима келгенін Абдуллаһ ибн Аббас (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) хабар берді» деп аяти кариманың «Аллаһу та'ала және мүминдер саған жеткілікті» деген сөз екенін хабарлады. Хусейни тәфсирінде де осылай жазылған. Жалалайн тәфсирі мүминдердің жеткілікті екенін айқын хабарлаған. Имам Раббани (рахимә-һуллаһу та'ала) екінші томның тоқсан тоғызыншы хатында айтады: «Пайғамбарымыз (алейһи уә алә алиһиссалауату уәттәслимат) Ислам дінінің хазреті Омардың көмегімен күшеюін және таралуын Аллаһу та'аладан сұрады. Аллаһу та'ала сүйікті пайғамбарына хазреті Омар арқылы көмектесті және «Әнфал» сүресінде: «Ей, пайғамбарым! Саған Аллаһ және сенің жолыңдағылар көмекші ретінде жеткілікті» деді. Абдуллаһ ибн Аббас хазреттері бұл аяти кариманың хазреті Омар иманға келгенде түскенін хабар берді (радиаллаһу анһум)».

Мұхаммед Хадими «Бәриқа» кітабының мың елу үшінші бетінде былай дейді: «Имам Мұхаммед (рахимә-һуллаһу та'ала) «Жами-ус-сағир» кітабында пайғамбар хаққы немесе әулиенің есімінің хаққы үшін деп дұға ету тахримән мәкрух деді. «Хидая» кітабы мұны түсіндіргенде «Өйткені, жаратылыстардың Аллаһу та'алада хаққы жоқ» деді. Бірақ Аллаһу та'аланың сүйікті құлына берген хаққын ойлап, солай дұға ету мәкрух емес делінген. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Йа, Раббым! Саған дұға етушілердің хаққы үшін және Мұхаммед алейһиссаламның хаққы үшін» деп дұға етті. «Баззазия» фәтуасында да жаиз (рұқсат) делінген.» Міне, осы сияқты, әр адамға барлық жерде, барлық уақытта, барлық істерінде тек қана Аллаһу та'ала жеткілікті. Одан басқа көмекші жоқ.

Одан өзгесінен көмек сұрау – ширк. Бірақ Аллаһу та'аланың берген хаққысын ойлап, дұға ету рұқсат екендігі айтылған. Аллаһу та'ала пайғамбарларды (алейһимуссалауату уәттәслимат), салих құлдарды, жаратылыстану ғалымдарын, түрлі заттар мен қуаттарды, жұмыс, ақша және мансап иелерін өзінің жаратуына себеп қылған. Бұл себептерге жүгіну және Аллаһу та'аланың жаратуын осы себептерге жүгінуден күту жаиз (рұқсат) болады. Бұлар Аллаһу та'аланың жаратуына себеп ретінде бізге жеткілікті деп айту жақсы болады. Осы себептен де үлкен тәфсир ғалымдары жоғарыдағы аяти кариманы «Аллаһу та'ала және қасыңдағы мүминдер саған жеткілікті» деп түсіндірген.

[Хадими 1176 [м.1762] жылы Конияда қайтыс болды.]

Уаһһаби кітабында да үш жүз сексен бірінші бетінде жазылған Имам Ахмед пен Мүслим (рахимә-һумуллаһу та'ала) Әбу Хурайрадан (радиаллаһу та'ала анһ) жеткізген хадис шәрифте: «Руббә әшасин мәдфуун бил-әбуаби ләу ақсәмә аләллаһи лә әбирраһу» делінген. Яғни сөздеріне ешкім құлақ аспайтын әртүрлі адамдарды көресіңдер, олар бір нәрсеге ант ішсе, Аллаһу та'ала осы сүйікті құлдарының құрметіне сол нәрсені бірден жаратады. Бұл хадис шәриф тасаууф білімінің және ұстаз іздеп, оның көңілінен шығуға тырысудың дұрыс екенін көрсететін дәлелдердің бірі. Бұл хадис шәрифті ұстанып, «Бәриқа» және «Хадиқа» кітаптарында айтылуына тыйым салынған алпыс сөздің жиырма үшіншісінде айтылғанындай, «Йа, Раббым! Мына пайғамбарың немесе өлі-тірі салих, әулие, ғалым құлыңның құрметіне, сенің оған нәсіп еткен қадірің құрметіне сенен тілеймін» деп айту жаиз, яғни халал екендігі «Баззазия» фәтуасында жазулы. «Муния» кітабынан және басқа деректерден аңғарылғаны бойынша, осылай дұға ету мүстаһаб. Көптеген әулиелердің шәкірттеріне «Аллаһу та'аладан бір нәрсе сұрайтын кездеріңде менен сұраңдар! Аллаһу та'ала мен сендердің араларыңда қазір мен арашымын» дегендері құнды кітаптарында жазылған. Әбул-Аббас Мүрси (рахимә-һуллаһу та'ала) шәкіртіне «Аллаһу та'аладан бір нәрсе сұрайтын кездеріңде Имам Мұхаммед Ғазалидің (рахимә-һуллаһу та'ала) құрметіне деп сұраңдар!» дейтін еді. Бұлар көптеген кітаптарда, мысалы «Хадиқа» және «Хисн-ул-хасин» кітаптарында жазулы.

[Мүслим 261 [м.875] жылы Нишапурда қайтыс болды.]

[Әбул Аббас Ахмед 686 [м.1287] жылы қайтыс болды.]