2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Жанұясымен тату адам – жақсы мінезді адам

Жанұясымен тату адам – жақсы мінезді адам

Ең алдымен, жақсы мінез-құлыққа ие болу үшін жаман мінездерді танып алу, анықтау керек. Мұны қалай істейміз? Оны әр адам өзі анықтайды. Немесе бір ғалымның айтуымен аңғарады.

Адам өз кемшіліктерін қиын көреді. Осы себептен сенімді досынан сұрап білуіне болады. Оны білуді басқа бір жолы – дұшпандарының ол туралы айтқандары. Өйткені дұшпан адамның кемшіліктерін іздеп, бетіне басады. Ал достар адамның кемшіліктерін көре бермейді.

Бір адам Ибраһим Әдхам хазреттеріне өзінің кемшіліктерін, жаман қасиеттерін айтуын сұрап жалынады. Сонда ол «Сен менің досымсың. Барлық қасиеттерің, іс-әрекетің маған жақсы болып көрінеді. Сондықтан кемшіліктеріңді басқа біреуден сұра!» деп жауап берді.

Біреуде кемшілік көрген кезде мұны дереу өзінде іздеу, өзінің бойында тапса, одан құтылуға тырысу керек. «Мүмин мүминнің айнасы» хадис шәрифінің мағынасы осы. Яғни басқа біреудің кемшіліктері арқылы ол өз кемшіліктерін байқайды.

Иса алейһиссаламнан «Осындай көркем мінезді кімнен үйрендіңіз?» деп сұралғанда «Ешкімнен үйренбедім. Адамдарға қарадым, ұнатпаған нәрселерімнен сақтанып, ұнатқандарымды мен де істедім» деп жауаптады.

Сәләф-и салихинның, сахабалардың, әулиелердің өмірбаянын, хикаяларын оқу да жақсы мінезді болуға себеп болады. Дін ғұламалары айтады:

Жаман мінез оба ауруы сияқты жұқпалы. Кімде-кім жақсы адамдармен бірге болса, өзі де жақсы болады, ал жаман адамдармен бірге болса, өзі де жаман мінезді болады. Мұсылман құтылуды қаласа, әуелі өз-өзіне «менің мінезім нашар» деуі керек. Нашар мінезді екендігін мойындап, кейін өзіне жақсы достар іздеуі қажет. Сол достарының мінездері жақсы болса, сол көркем мінездері әсте-әсте оған да өтеді.»

Өзінде жаман мінез тапқан адам сол қасиетке шалдығуының себебін іздестіріп, сол себепті жоюға, оның терісін жасауға тырысуы керек. Жаман мінезден құтылу, оның терісін жасап, көп күш салуы қажет. Жаман нәрселер нәпіске жағымды келеді.

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Аллаһу та'аланың дәргейінде жаман мінезден үлкен күнә жоқ. Өйткені, жаман мінезді адам бір күнәға тәубе етіп құтылса, басқа күнәға түседі. Ешқашан күнәдан құтыла алмай жүреді.»

Бір адам Расулуллаһтан насихат сұрағанда оған «Ашуланба» деді. Ол бірнеше рет сұрады, бәріне «Ашуланба» деп насихаттады.

Үлкен Ислам ғалымы Хусейн Хилми бин Саид (құддиса сиррух) айтқан: «Ашуланған кезінде, шамасы, күші жетіп тұрса да ешқандай жамандық жасамаған, зиян тигізбеген, кек алмаған адам қияметте қалаған жәннат сарайына кіреді. Оңай емес, бірақ ашуланған кезде ешкімді ренжітпеген адам – жәннат иесі. Жанұясымен жақсы қарым-қатынаста болған кісі бәрімен жақсы қарым-қатынаста болады. Расулуллаһ алейһиссалам «Жанұяларыңды қорламаңдар. Жанұяларыңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар» деген. Сондықтан, осы мәселеде өте мұқият болыңдар, бауырларым.»