6 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     9 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / «Күйеуің қандай жақсылық жасаған еді?»

«Күйеуің қандай жақсылық жасаған еді?»

Мұсылман адам Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Аллаһтың бұйрығы болғандықтан жақсы көреді және үнемі салауат айтып еске алады.

Дін ғұламаларымыз айтқанындай, «Расулуллаһтың есімін атағанда, естігенде, жазғанда және оқығанда Оған салауат айту құрметке және сауап алуға себеп болады. Құран кәрімді оқығанда да сүйікті пайғамбарымыздың есімі өткенде дереу ол есімді құрметпен, сүйіспеншілікпен сүю керек. Көп ниғметке жол ашылады.»

Төменде (біздің үмбеттен болмаса да) осындай ниғметке қауышқан бір кісінің ғибраттық оқиғасы:

Мұса пайғамбар (алейһиссалам) заманында ешкім жақтырмайтын күнәхар бір кісі бар еді. Әр адам сияқты, бұл кісі де бір күні өлді. Өлім хабарын естіген жұртшылық «Ол адам емес еді» деп денесін қоқысқа тастады. Сол кезде Аллаһу та'ала Мұса алейһиссаламға:

«Менің пәлен жерде күл-қоқыстың арасында әулие құлым бар, оны ол жақтан шығарып, жуып тазалап, жаназасын оқы және жерле!» деген әмір жіберді.

Мұса алейһиссалам сол жерге барып, адамның денесін күл-қоқыстың арасынан шығарды, жақсылап жуындырып, кебіндеп, жаназасын оқыды. Мұны көрген халық абдырап қалды. Өйткені, Аллаһтың пайғамбары олардың қоқысқа тастаған адамын тазалап, кебіндеп, жаназасын оқып жатқан еді...

Жерлеп болғаннан кейін Мұса алейһиссалам адамның үйіне барып, әйелінен сұрады:

- Сенің күйеуің не істеген еді, қандай жақсылық, қандай жақсы амал жасады?

Әйел сасқанынан:

- Ей, Аллаһтың Расулы! Менің күйеуім ешкім жақтырмайтын, бәрі одан қашатын адам еді. Ешқандай жақсы амалы жоқ еді, - деп жауаптады.

- Жақсылап ойлан, оның жақсы амалы, қайырымдылығы болу керек.

Әйел әбден ойланып, ештеңе таба алмаған соң:

- Оның ешқандай жақсылығы жоқ екенін жақсы білемін, тіпті үнемі күнә істейтін еді, - деді.

Мұса алейһиссалам әйелден үшінші рет сұрады:

- Оның міндетті түрде жақсы қасиеті болу керек, өйткені Аллаһу та'ала маған «Оның жаназа намазын оқып, жерле!» деп бұйрық берді.

Әйелдің сол кезде есіне бір нәрсе түсіп, былай айтып берді:

- Бір күні ол Таурат оқып отырған еді. (Мұхаммед алейһиссаламның ) «Ахмед» есімі өтті. Ол «Бұл қандай керемет есім» деп қайтадан оқыды. Тағы да «Қандай жақсы есім» деді. Кейін «Йа, Раббым! Есімі осындай әдемі болған адамның өзі одан да әдемі болар, мен оған ғашық болдым» деді де, кітаптағы осы есімді сүйді.

Мұса алейһиссалам сұрағының жауабын тауып:

- Мұның сыры енді түсінікті болды, - деді.

 

Мұса алейһиссалам «Улул азм» деп аталатын ең үстем алты пайғамбардың бірі болса да, бір күні былай дұға еткен еді:

«Йа, Раббым! Мені де Мұхаммед алейһиссаламның үмбетінен ете көр!»

Ал Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) не деген: «Әр адам сүйгенімен бірге болады.»