8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Нәпсіңе дұшпандық жасап маған дос бол!

Нәпсіңе дұшпандық жасап маған дос бол!

«Нәпіс» сөзі жиырмадан астам мағынада қолданылады. Рух, жан, қан, менмендік, іш, жүрек, ұлылық, қалау және т.б. мағыналары бар. Бірақ көбінесе екі мағынасы қолданылады. Біріншісі, бір нәрсенің өзі, негізі, адам. Мысалы Құран кәрімде «Әр нәфс (нәпіс) өлімді татады» делінген.

Екіншісі, дінге бағынбайтын қалаулардың қайнар көзі ретінде қолданылады. Мұны «Нәфси әммара» деп те атайды. Бұл нәпіс – Аллаһу та'аланың дұшпаны.

Аллаһу та'ала нәпісті жаратқан кезінде «Сен кімсің, мен кіммін?» деп сұраған, сонда ол «Әнә әнә, әнтә әнтә» «Мен менмін, сен сенсің» деген екен.

Отқа тасталып, мың жыл сонда қалған, шыққанында жауабы өзгермеген. Суық тозаққа тасталып, ол жақта да мың жыл қалады. Сонда да жауабы өзгермейді. Мың жыл аш қалдырғанда ақыр соңында, қалаусыз болса да «Сен менің Раббымсың, мен сенің әлсіз жаратылысыңмын» дейді.

Міне осы қауіпті және Аллаһу та'алаға дұшпан болған мақұлық біздің ішімізде! Дінге сенбейді, азығы – харамдар. Күнә істеу оған өте жағымды келеді. Бүкіл бидғаттар, күнәлар Аллаһу та'аланың дұшпаны болған нәпісті азықтандырады, қуаттандырады. Аллаһу та'ала оны солай жаратқан.

Адамдардың басына келген қиыншылықтардың себебі – нәпсін танымауы, оның қалауларын өз қалауы деп санауы. Сондықтан нәпісті жақсылап тану, қулықтарын білу керек. Хадис шәрифте: «Нәпсін таныған адам Раббын таниды» делінген (Дәйләми).

Харамдардың бәрі, дүниенің мүлкіне, мансабына, зауқына берілу нәпісті азықтандырады, күшейтеді. Нәпіс күшейгенде бүкіл жақсылықтардың, көркем мінездің және мәдениеттің қайнар көзі Ислам дініне шабуылдайды. Дінді, иманды, Аллаһу та'аланың бұйрықтарын мазақ қылады. Өйткені нәпсіміз Аллаһтың дұшпаны.

Аллаһу та'ала «Нәпсіңе дұшпандық жасап маған дос бол!» деген.

Олай болса, нәпістің азғырмауы үшін не істеуіміз керек?

Нәпістің исламның тысына асуының, шектен шығуының алдын алу үшін онымен күресудің, жиһад етудің екі жолы бар.

Біріншісі, оған ермеу, оның қалауларын істемеу. Мұны «Риязат жасау» деп атайды. Риязат «уәра» және «тақуа» арқылы жүзеге асады. Тақуалық – харамдардан сақтану деген сөз. Уәра – харамдардан және халалдарды қажетінен артық қолданудан да сақтану деген сөз.

Күресу жолының екіншісі – нәпістің қаламайтын нәрселерін істеу. Мұны «Мужаһәдә» деп атайды. Бүкіл ғибадаттар мужаһәдә жасауға жатады.

Бұл екі жиһад нәпісті тәрбиелейді. Адамды жетілдіреді, рухты қуаттандырады. Сыддықтардың, шәһидтердің және салихтардың жолына жеткізеді. Аллаһу та'ала құлдарының ғибадаттарына мұқтаж емес. Құлдарының күнә істеуі Оған еш зиянын тигізбейді. Құлдарының нәпістерін тәрбиелеу, нәпіспен жиһад ету, күресу үшін осыларды әмір еткен.