10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   


Аллаһ есімі

Сұрақ: «Аллаһ» есімі Әсма-и хуснаның (99 көркем есім) ішінде бар ма, бұл есімнің мағынасы қандай?

Жауап: Иә, «Аллаһ» есімі Әсма-и хуснаның, яғни Аллаһу та'аланың көркем есімдерінің біріншісі.

Бұл есім – Аллаһу та'аланың барлық есімдерінің қасиетін қамтитын негізгі есімі. Хақ та'аланың хас есімі. Сондықтан басқа есімдердің мағынасындағы жақсы қасиеттерді және илаһи сипаттарды өзінде қамтиды. Ал басқа есімдер тек өз мағынасын ғана білдіреді. Сол себепті «Аллаһ» есімінің орнын басқа ешбір есімі баса алмайды. Бұл есімді Аллаһтан өзгеге ауыспалы мағынада болса да беруге болмайды. Ал басқа есімдердің кейбірін Аллаһтан өзгеге есім ретінде беру рұқсат.

Аллаһу та'аланың 99 көркем есімі «Әсма-и хусна» деп аталады. Оның есімдері Ислам дінінің білдіруіне байланысты. Тек қана ислам көрсеткен есімдерді атауға, оларды зікір етуге болады. Олардан басқа есімдермен атауға және зікір етуге ислам рұқсат бермейді (Биргиуи өсиетнамасы).

Аллаһу та'аланы «Тәңір» деп атау, «Тәңір» деп зікір ету күнә болады. «Аллаһ» есімін айтуды қаламай, оның орнына «Тәңір» деу немесе тіпті 99 есімдерінің бірін қолдану өте үлкен және жаман күнә болады (С.Әбәдия). Яғни «Аллаһ» есімін қолдануды қаламай, әдейі басқа бір есім қолдану рұқсат емес. Мысалы, «Аллаһ» есімін айтпау үшін әдейі «Құдай», «Рахман», «Хақ» секілді есімдерді де айтуға болмайды. Яғни бұл жерде күнә саналатыны «Аллаһ» есімін қолдануды қаламау. «Аллаһ» есімін қолданбаймын деп қасарысып, әсма-и хуснадағы басқа есімдерді қолдану күнә. Әйтпесе «Аллаһ» есімін қолданып жүріп, әсма-и хуснаны да қолданудың зияны жоқ.

Аллаһу та'аланың есімін атаған кезде, естігенде, жазғанда «Субханаллаһ», Тәбәракаллаһ», «Жәллә-жәлалуһ», «Аззә-исмуһ», «Жәлләт құдратуһ» немесе «Та'ала» секілді құрмет білдіретін сөздердің бірін айту, жазу алғашында уәжіп, қайталанғанда мүстаһаб болып табылады. Бұл құрмет білдіретін сөздерді қысқартып жазу дұрыс емес.