26 - Ражаб, 1446 жыл.
     26 - Қаңтар, 2025 жыл.   


ЕКІНШІ БӨЛІМ

Әлемде ешкім жаман адамдардың жаласынан құтыла алмаған. «Мутәзила» адасқандары пайғамбарларға (алейһимуссалауату уәттәслимат) және періштелерге де тіл тигізген. Бұл жалалар ақыл мен ынсап иелеріне жамандалғандардың тазалығын және жоғары дәрежесін көрсетеді. Шәйхайнның үстемдіктерін көрсететін дәлелдердің бірі көре алмаушылардың, қарсы шығушылардың ғасырлар бойы қалыптасып қалған сөздерден басқа ештеңе айта алмауы.

Бұл жалалардың бірі хазреті Әбу Бәкірдің хазреті Фатимаға мирас бермеуі (радиаллаһу та'ала анһума).

Хазреті Әбу Бәкір «Біз пайғамбарлар мирас қалдырмаймыз. Бізге ешкім мирасқор болмайды» хадис шәрифін ұстанып мирас бермеді. Дауд, Сүлейман, Яхия және Зәкәрия (алейһимуссалам) сөздерінде мирас сөзін қолданғанын Құран кәрім хабар беруде. Құран кәрімнің мағынасын ең жақсы түсінетін пайғамбарымыз. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бұл аяти карималардың мал-мүлік мұрасын емес, білім мен халифалық мұрасын айтқанын түсініп, жоғарыдағы хадис шәрифті айтты. Бұл хадис шәриф Құран кәрімнің мағынасын түсіндіруде. Әбу Даудтың айтуынша, Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Бәни Надирде, Хайбарда, Фәдәкте құрма бақтары бар еді. Біріншісінің табысын қызметкерлеріне, Фәдәк табысын кедейлерге беретін. Хайбардағының табысын үшке бөлетін. Екеуін мұсылмандарға, біреуін әһли бәйтіне, яғни жанұяларына беретін. Артылғанын мухажир сахабалардың кедейлеріне тарататын. Хазреті Әбу Бәкір халифа болғанда Расулуллаһтың істегенін өзгертпеді. Хазреті Омар халифа болғанда хазреті Әли мен Аббасты шақырды. «Жоғарыдағы хадис шәрифті Расулуллаһтан естідіңдер ме? Аллаһ үшін шын айтыңдар!» деді. Олар естігенін айтты. Хазреті Фатиманың бұл хадис шәрифті естіген болса да мирас берілмегенде ренжуі пендешілік еді және ислам діні берген, толықтай халал болған мал-мүлікті алып берекеттенгісі келген еді. Хазреті Әли де халифа кезінде бұларды өз балаларына бермеді. Шәйхайнның істегенін өзгертпеді. Омар бин Абдулазиз де осылай істеді.

«Сыддық (радиаллаһу та'ала анһ) ұрының сол қолын шапты. Бұл исламға сай емес» дейді. «Муватта» кітабы мұны ұзақ түсіндірген. Ол ұрының оң қолы мен аяғы кесілген болатын. Сол қолына кезек келген еді. Малики және Шафии мазһабтарында хазреті Әбу Бәкір сияқты істеледі. Ханафи мен Ханбали мазһабтарында хазреті Әлиден келген хабар бойынша, бір қолы мен бір аяғы кесілген адамның басқа еш жері кесілмейді, қамауға алынады.

Хазреті Әбу Бәкірге (радиаллаһу та'ала анһ) Малик бин Нувәйраның қысас жазасын бермегені үшін де тіл тигізеді.

Халид бин Уәлид Маликтың сөзінен оның мүртәд болғанын түсінді. Сондықтан оны да өлтірді. Хазреті Әбу Бәкірдің ижтиһады хазреті Халидтың дұрыс айтқанын көрсеткендіктен, Халидқа қысас жазасын бермеді. Әбу Бәкірдің бұл ісіне қате дейтіндер хазреті Әлидің (радиаллаһу та'ала анһ) хазреті Османды өлтіргендерге қысас жасамағанына не дейді екен?

«Хазреті Әбу Бәкірдің (радиаллаһу та'ала анһ) халифа болуы ашық түрде де, ишарамен де хабар берілмеді. Хабар берілгенде ижтиһадпен сайланбай, ижтиһадқа қажеттілік қалмас еді» дейді. Бұған жауап беру үшін жеті алғы сөз келтіру жақсы болады:

1) Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Уахи» бірнеше түрлі келетін. Азап хабарларының бір бөлігі қоңыраудың дауысы секілді келді. Жәбрейіл алейһиссалам адам кейіпінде көрініп айтатын. Түсінде де уахи келетін. Уахидың тағы бір түрі парасат еді. Бұл уахилардың көбі Құран кәрімде жоқ. Мұның себебін сұрауға рұқсат жоқ. Мысалы «Ораза әмірлері Құран кәрімде хабар берілді де, намаздың көптеген әмірлері Құран кәрімде неліктен хабар берілмеді?» деуге болмайды. Осы секілді «Пәлен әмір неліктен Құран кәрімде хабар берілмей, түсінде хабар берілді?» деуге болмайды. Осы секілді «Хазреті Әбу Бәкірдің халифа болатыны Құран кәрімде хабар берілмей, түсінде хабар берілді» деуге болмайды. Осы секілді «Хазреті Әбу Бәкірдің халифа болатыны Құран кәрімде неліктен анық хабар берілмей, түсінде ишара етілді?» деп сұрауға болмайды.

2) Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) әмірлердің, тыйымдардың бір бөлігін айқын хабар берді. Бір бөлігін «Мынаны істеген адамға Аллаһ қамқор болсын, мынаны істеген адамға Аллаһ лағнет етсін» деп ишарамен хабар берді. Мұның себебін сұрауға рұқсат жоқ. Осы секілді «Шәйхайнның (радиаллаһу та'ала анһума) халифа болатынын да неліктен түсін айтып хабар берді де, менен кейін Әбу Бәкір мен Омарды халифа қылыңдар демеді» деп сұрауға болмайды.

3) Кейбір әмірлер хабар беру жолымен жетті. Иса алейһиссалам мен Дәжжалдың келетіні және Дәжжалдың жамандығы хабар берілді. Бұл хабар «Иса алейһиссалам келгенде оған бағыныңдар! Дәжжал келгенде оған бағынбаңдар!» деген сөз. «Мына амалды істегендерді жәннатта көрдім. Былай істегендерді тозақта көрдім» дегені де осындай. Әмір мен тыйым насспен айқын хабар берілгеніндей, насстың ишарасымен де хабар берілген. «Пәленше Ахмедті азат етті» дегеннен «Ахмед оның құлы еді» деген сөз аңғарылады, бұған ишарамен түсіну дейді. «Мына адамды сендерге әкім қылдым» деген сөз «Оның әміріне бағыныңдар» дегенді білдіреді, бұл да ишарамен аңғарылуда. Осы сияқты Аллаһу та'ала бұл үмбет ішінде халифа қылатынын айқын хабар берді. Халифалардың шәйхайн болатынын түс арқылы хабар берді. Осы сияқты ақырзаман пайғамбарының келетінін Иса алейһиссаламға сүйінші беру арқылы Ол келген кезінде Оған бағыныңдар деген болды. «Менің жолымды, ал менен кейін хуләфа-и  рашидиннің жолын ұстаныңдар!» хадис шәрифі шәйхайнға (радиаллаһу та'ала анһума) бағынуды әмір етуде. Олардың халифа болатыны осыдан ишарамен аңғарылуда.

4) Шәйхайнның халифа болатынының хабар берілуі халифалықтарының хақ және дұрыс болатынын да көрсетеді. Иса алейһиссаламның ақырзаман пайғамбарының (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) келетінін сүйіншілеуі де осындай.

5) Екі мубхәм (айқын болмаған) насс қосылған кезде нақты, айқын күйге енеді. «Менен кейін Әбу Бәкірге және Омарға бағыныңдар!» хадис шәрифі шәйхайнның есімдерін анық хабар беріп тұр, дегенмен халифа болатыны аңғарылмайды. «Менен кейін хуләфа-и рашидиннің жолын ұстаныңдар!» хадис шәрифі де халифалықты аңғартады. Екеуі қосылған кезде шәйхайнның халифа болатыны айқын аңғарылады. Бөлек-бөлек хабар берілуінің себебін, хикметін тек қана сөз иесі біледі.

6) «Әдиллә-и шәрия» төртеу. Олардың үшіншісі «Ижма». Ижма пайда болу үшін «Кітаптан» немесе «Сүннеттен» «Дәлел», яғни құжат болуы қажет. Асхаби кирам бір-біріне дәлелдерді еске түсіріп ижма пайда болды. Бұл ижмамен Әбу Бәкірді (радиаллаһу та'ала анһ) халифа қылды. Әлидің (радиаллаһу та'ала анһ): «Оның бұған лайықтырақ екенін білеміз» деген сөзі де осындай екенін көрсетеді.

7) Имам Нәуәуидің және басқа ғалымдардың «Истихлаф» және «Сарих насс» сөздері әртүрлі мағына білдіреді. Өлім жақындағанда хал мен келісім иелерін, яғни мемлекеттік істерде сөз иесі болғандарды жинап, «Мына адамға «Биат» етіңдер» деу сарих насспен истихлаф (өз орнына өткізу) болады. Бұл жерде өлімнің жақын болуы және мемлекет адамдарын жинап айтуы қажет емес. Әмір емес, хабар беру болады. Біреуді осылай истихлаф ету басқасының халифа болуына бөгет болмайды. Истихлаф кейде ашық түрде айтылмайды. Сөздің [насстың] ишарасынан аңғарылады. Немесе екі насстың бірігуінен аңғарылады. Фиқһ ғалымдары насстың ишарасын түрлі түрлі түсінуі мүмкін.

Жоғарыдағы жеті алғы сөз түсінікті болса, негізгі жауапты бастауға болады: Имам Нәуәуидің мазһабының басшысы, тіпті бүкіл хадис және фиқһ ғалымдарының көсемі Имам Шафии (рахметуллаһи алейһ) «Келген кезіңде мені таба алмасаң, Әбу Бәкірден сұра!» хадис шәрифінің Әбу Бәкірдің халифа болатынын айқын көрсетіп тұрғанын түсінген. Имам Шафиидың білімі өте терең, зейіні мен ой-өрісі өте күшті еді. Аллаһу та'аланың аяттарының бір аяты еді. Оның айтуынша, бұл хадис шәриф бір әйелге айтылған әмір болса да, хазреті Әбу Бәкірдің халифа болатынын ишарамен көрсетіп тұр. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мұны хабар бергенде разы болмағанын, қынжылғанын көрсетпеді. Бұл жағдай хабар берілген нәрсенің шариғатқа сай екенін көрсетеді. Әртүрлі жерлерде айтылған хадис шәрифтер хазреті Әбу Бәкірдің халифа болатынын айқынырақ хабар беруде. Бәрін жинап біріктіргенде «Тәуатур», яғни нақтылық пайда болады. Имам Нәуәуидің «Насс болғанда, соны айтып, оған бағынатын еді. Насс айтпады» сөзі орынды емес. Өйткені түрлі «Насстарды», яғни айқын хабарларды айтты. Мысалы намазда имамдыққа шығарылған адам халифа болады десті. Мұны асхаби кирамның бәрі білгендіктен, басқа насстарды іздестіруге, айтуға қажеттілік көрмеді. Онсыз да Расулуллаһ қайтыс болғандықтан, бәрі қайғылы, мұңды еді және арабтардың мүртәд болып, Мәдинаға бара жатқаны туралы хабар келген еді. Халифа сайлануының тез атқарылуы қажет болды. Хазреті Әли (радиаллаһу анһ) айтқан: «Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ауырып қалды. «Әбу Бәкірге айтыңдар! Намаз оқытсын, имам болсын!» деді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болғанда ойландық. Исламның туы және діннің тірегі болған намазда Расулуллаһтың алдымызға шығарғанын біз басымызға халифа қылуға разы болып, Әбу Бәкірді халифа сайладық».

Сұрақ: Хазреті Әбу Бәкір хазреті Омар мен Әбу Убәйданы (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) көрсетіп, «Осы екеуінің біріне биат етіп бағыныңдар» деді. Бұл ісі оның халифа болатынын көрсететін насстың жоқ екенін көрсетпей ме? Насс бар кезде басқасын таңдау харам болмай ма?

Жауап: Хазреті Әбу Бәкірдің бұл әрекеті оның халифа сайлануына қатысты нассты басқаларға да айтқызу үшін әдейілеп, сыпайы түрде жасаған әрекеті. Өзінің білгенін басқалардың аузынан баршаға естірту үшін болатын.

Бұл үмбеттің ең үстемі хазреті Әбу Бәкір екенін ислам ғалымдарының көбі айтты. Хазреті Османнан кейін ең үстемі хазреті Әли екенін бір ауыздан хабар берді. Хазреті Әлидің хазреті Османнан, тіпті шәйхайннан үстем екенін айтқандар да болды. «Истиаб» кітабында Абдуллаһ бин Әбу Кухафә есімі жазылған бетте Низал бин Сәбрәнің айтуынша, хазреті Әли: «Пайғамбарымыздан кейін бұл үмбеттің ең қайырлысы Әбу Бәкір. Одан кейін Омар» деді. Хазреті Әлидің осылай айтқанын өз ұлы Мұхаммед бин Ханафия және Абди Хайр, Әбу Жухәйфа да хабар берді. Хазреті Әли тағы айтқан: «Расулуллаһ алдына өтті. Одан кейін Әбу Бәкір өтті. Хазреті Омар үшінші болды. Кейін фитна шықты». Абди Хайр айтып берген, хазреті Әлиден естідім: «Аллаһу та'ала Әбу Бәкірді рақымына алсын, бұл үмбетті алғаш жинаған ол болды» деді. Абдуллаһ бин Жафәр Таяр айтқан: «Әбу Бәкір бізге халифа болды. Ол өте қайырлы және аса мейірімді еді». Мәсрук айтқан: «Әбу Бәкір мен Омарды жақсы көру және үстемдіктеріне сену әһли сүннеттің белгісі». «Истиаб» кітабынан алынған үзінді осы жерде тәмәм болды. Ибн Хажәр Мекки айтқан: «Хазреті Әлидің үстем екенін айтатындар бірнеше тұрғыдан үстем екенін айтқан. Бұл үстемдік фадл-и күлли емес». Ал бұл үш халифадан басқаларынан үстемірек екенін көрсетеді.

Асхаби кирамның және табиинның бөлек-бөлек үстемдіктері бар. Табиинның көбі мүжтәһид емес еді. «Ижма» – мүжтәһидтердің ауызбіршілігі деген сөз. Бір мәселеде ижма бар кезде муқаллидтердің сөзін ұстануға рұқсат жоқ. Ижма болмаған істерде түрлі ижтиһадтар бар болады. Муназара және муражаат жасалып, бұл келіспеушіліктер шешіледі. Ижма пайда болады. Сәләф-и салихинның бүкіл ижмалары осындай. Салман Фарисидың: «Әбу Бәкірдің халифалығында туралық болды және қателік болды» сөзі Әбу Бәкірдің үстемдіктерінде түрлі ижтиһадтар болып, сайлануына ижма пайда болды деген сөз. Әбу Жуһәйфа айтқан: «Менің ижтиһадым хазреті Әлидің баршадан үстем екенін көрсететін еді. Хазреті Әли мінберде «Бұл үмбеттің ең үстемі Әбу Бәкір. Кейін Омар» дегенінде бұл ижтиһадым жоқ болды». Имам Маликтың: «Мен ешкімге пайғамбардың бөлшегінен үстем дей алмаймын» сөзі де фадл-и жузиді көрсетеді. Хазреті Әлидің (радиаллаһу та'ала анһ) үстемірек екенін көрсететін азшылықтың сөздерінің бәрі осындай.

Сұрақ: Хазреті Әбу Бәкірдің (радиаллаһу та'ала анһ) үстемірек екенін хабар берген кәлам ғалымдарының сөздерінің нақты болмағаны, жорамалмен айтылғаны аңғарылмай ма?

Жауап: Иә, нақты хабар бергендермен қатар жорамалдағандар да болды. Жорамалдап хабар бергендер бұл ойларын теріс қолданбаған, оңды түрде хабарлаған. Бұл Әбу Бәкірдің үстемдігінен қайтудың мүмкін болмайтынын көрсетеді. Әһли сүннетті түсіндіретіндердің көсемі Әбул Хасан Әшари Әбу Бәкірдің үстемдігін нақты түрде хабар берген. Біреулердің жорамалмен, ижтиһадпен сайланды дегендері бұл нақтылықты өзгерте алмайды. «Әшаира», яғни әһли сүннет ғалымдары екі топ: бірінші топ, мүназарада үнемі жеңген. Олар хадис ілімімен көп айналыспаған. Әбу Бәкір Бақиллани, Имам Рази, Қазы Бәйдауи, Қазы Адуд, Садеддин Тафтазани осындай ғалымдар. Екінші топ, хадис ғалымдары. Олар мүназараға, тереңге кіріспеген. Ажури және Бәйһақи осындайлардан. Біз муқаллидтер екі топ ғалымдардың да дастарханынан артылғандармен күн көріп жүрміз. Бұл ұлы ғұламалардың ыдыстарын жалаумен азықтанып жүрміз. Хазреті Әбу Бәкірдің үстемдігі жорамал дейтіндердің сөздеріне мән берілетін болса, сәләф-и салихиннен қайшы хабарлар келгендіктен осылай айтқан. Алайда бұл хабарлардың ақиқатында қайшы [теріс] болмағанын жоғарыда түсіндірдік. Кейбірлері үстемдікті халифа сайлануындағы ауызбіршілікпен өлшеген. Алайда үстемдіктің тағы әр түрлі себептерге байланысты екенін жоғарыда түсіндірдік. Олардың бірі әуелі иман келтіру еді. Сәләф-и салихинның сөздерінен аңғарылатыны, халифа сайлауы үстемдік анықталғаннан кейін болды. Үстемдік «Хилафет-и нубуввәт»-те, яғни пайғамбардың халифасы болуда шарт. Бұл халифалықтың мерзімі отыз жыл. Одан кейін келетін халифаларда үстемдік шарт емес. «Шәрһ-и мәуақиф» мұны жақсы түсіндірген. Кітаптың соңында былай жазған:

«Үстемдік нақты аңғарыла алатын нәрсе емес. Өйткені тек қана ақылмен өлшеніп аңғару мүмкін емес. Мысалы сауаптың көптігін көріп үстем деуге болмайды. Нақылға сүйеніп анықтау қажет. Фиқһ білімі де емес, «Занн-и ғалиб»-пен, (күшті болжаммен) амал ететіндей. Бұл мәселе білім ісі. Мұнда яқин, нақтылық қажет. Бір-біріне сай келмейтін насстар яқин білім бермейді. Ізгіліктің, сауаптың көптігіне себеп болатын нәрселердің көп болуы да нақтылықты көрсетпейді. Өйткені сауап Аллаһу та'аланың сыйы. Ғибадат еткен біреуге сауап бермеуі мүмкін. Ал басқалардың ғибадатына көп сауап береді. Халифа сайлану нақты болса да үстемдікті нақты көрсетпейді. Әрі кетсе жорамал тудырады. Олай болса үстем бар бола тұра үстем болмағанның имамдығы [яғни халиф сайлануы] сахих болмайды сөзі қалайша нақты түрде айтыла алады? Сонымен қатар хазреті Әбу Бәкірдің, кейін хазреті Омардың, кейін хазреті Османның, кейін хазреті Әлидің үстем екенін сәләф-и салихин бізге хабар берді. Сәләф-и салихинға хусн-и зан етіп (жақсы ойда болып), «Мұны білмесе хабар бермес еді» дейміз. Сондықтан оларға бағынуымыз уәжіп болады. Дұрысын Аллаһу та'ала біледі дейміз.

Амиди [Сәйфуддин Әли бин Мұхаммед] айтқанындай, абзал болу біреудің надан, біреудің ғалым болуы немесе біреудің өзгесінен білімдірек болуы секілді екі түрлі болады. Асхаби кирамға қатысты мұндай үстемдік нақты айтыла алмайды. Өйткені көбінде ерекше ізгілік болғанындай, жалпыға тән ізгіліктер де бар. Бір ізгілік бірнеше ізгіліктен құндырақ болуы мүмкін. Сондықтан ізгілігі көп болған адамға ең үстем деуге болмайды». Шәрһ-и мәуақифтың жазбасы осы жерде тәмәм болды. [Амид қаласы Диярбақырдың бұрынғы атауы. «Дуррул мухтар»-да шәһидтік баяндалған жерінде және «Фәуаид-ул бәхия»-да жазылуы бойынша, «Сәләф-и салихин» – хадис шәрифте мақталған алғашқы екі ғасырдың ғалымдары деген сөз. Оларды «Садр-ул әууәл» деп те атайды].

«Ижма» – төрт дәлелдің бірі. Мүлде келіспеушілік болмаған кезде нақты болады. Бір келіспеушілік болса, бұл келіспеушілік ерекше жағдай және сирек болса да, бұл ижма жорамалды болады. Нақты болмайды. Әһли сүннет бойынша хазреті Османның халифалығы хақ. Бұл сөз ижмамен хабар берілді. Бірақ хазреті Османның хазреті Әлиден үстем болғанында ижма жоқ. Аңғарылғанындай, халифалықтың нақты болуы үстемдіктің нақты болуына себеп болмайды. Үстемдіктің жорамалды болуы да халифалықтың жорамалды болуына себеп болмайды. Шынайы үстемдік Аллаһу та'аланың көбірек жақсы көруі. Ал бұл тек уахи арқылы анықталады. Мақталу үстемдікті көрсетпейді. Өйткені асхаби кирамның бәрі (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) мақталған.

Сұрақ: Хазреті Әбу Бәкірдің халифа болатынын көрсететін хадис шәрифтер Аллаһу та'ала жарататын нәрселерін алдын ала хабар беруі секілді. Хақ екенін көрсетпейді. Көрсетеді десек те жаиз екенін көрсетеді. Өйткені үстемдіктері тең болған немесе үстемдігі аз болған адам халифа бола алады. «Менен кейін Әбу Бәкірге және Омарға бағыныңдар!» хадис шәрифі Аллаһу та'ала олардың халифа болатынын қалағаны үшін бағыныңдар деген сөз. Өйткені халифа болып сайланған адамға үстем болмаса да бағыну уәжіп. «Әбу Бәкірмен және Омармен бірге қабірден тұрамыз» хадис шәрифі де кездейсоқ болатын нәрсені хабар беруде. Бұл хабарлар үстемдікті көрсетпейді. Басқа хадис шәрифтер және түстер де болатын нәрселерді хабар беруде делінетін болса:

Жауап: Ирада-и тәшрии ирада-и тәкуиниге бағынышты. Аллаһу та'ала белгілі уақытта белгілі адамдарды жарататынын шексіз ежелде білді. Оларға пайдасы тиетін амалдарды да білді. Ол адамдарды сол уақытта жаратуды қалады. Харамдарды, халалдарды және әмірлерін ажыратты. Оларды тағдырға жазған болды. Уақыты келгенде жаратуда. Шәйхайнның халифа болатынын шексіз ежелде қалады. Бұл қалауын Расулына хабарлады. Расулуллаһ та «Менен кейін» деп «Ирада-и тәкуини»-ді және «Бағыныңдар!» деп «Ирада-и тәшрии»-ді хабар берді. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) келуін және Оған иман келтірудің парыз болуын шексіз ежелде қалауы секілді болды. Расулуллаһқа иман келтірудің парыз болуы халифаларға бағынудың уәжіп болуы олардың ізгіліктерін көрсетеді. Бұл ізгіліктен үстем ізгілік бола алмайды. Шәйхайнның халифа болатынын хабар берген елуден астам дәлел бар. Олардың көбі ашық түрде хабар берілген.

Сұрақ: Хазреті Омар мен хазреті Осман Мута және Қыран қажылықтарына тыйым салды. Асхаби кирам (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) оларға қарсы шықты. Бұған не дейсіз?

Жауап: Төрт мазһаб ғалымдары айтқанындай, хазреті Омар Мута қажылығын жоққа шығармады. Меккеліктерге ифрад қажылығы сауаптырақ дейтін. Қажылықтың көптеген нүсүкінде төрт мазһаб арасында да келіспеушіліктер бар. Бұлар ижтиһадтағы бөлінулер. Ижтиһадтағы бөлінулер бидғат емес. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қажылықты қалай атқарғанын асхаби кирам бүкіл егжей-тегжейліктерімен бірге хабар берді. Бұл хабарлар арасында еш ерекшелік жоқ. Кейбір амалдарды қандай ниетпен істегенін түсінуде келіспеушілік болған. Шафии мен малики Расулуллаһтың қажылығы «Ифрад» еді десті. Хазреті Омар мен Осман да осыны айтқан.

Сұрақ: Мута некесі Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) заманында бар еді. Хазреті Омар халифа болғанда тыйым салды. Бұл сүннетті өзгерту емес пе?

Жауап: Осыған байланысты хадис шәрифтерде асхаби кирам арасында келіспеушілік бар еді. Хазреті Омар келіспеушілікті тоқтатты. Ижма пайда болды. Хазреті Омардың Расулуллаһтың халифасы екенін осыдан да түсінуге болады. Мута некесінің харам етілгенін хабар берген хадис шәриф Бұхариде, Мүслимде және Муваттада жазылған. Мұны хабар берушілердің бірі хазреті Әли.

Сұрақ: Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болуы жақындағанда қағаз бен қалам сұрады. Хазреті Омар (радиаллаһу та'ала анһ) «Ауруының ауыртпалығынан айтып жатыр. Бізге Аллаһтың кітабы жетеді» деп бұл әмірге қарсы шықты делінетін болса:

Жауап: Ақылдасу аяты келгенде Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көптеген мәселесін сахабаларымен ақылдасатын. Көптеген мәселеде асхаби кирамның айтқаны бойынша уахи келетін. Абдуллаһ бин Убәййдің жаназа намазын оқу да осылай болған еді. Хазреті Омардың өз пікірін айтуы осы себепті еді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хазреті Омардың сөзін дұрыс санап, одан кейін сұрамады. Бейсенбіден дүйсенбіге дейін мұны қайталамады. Егер қаласа, сол күндері тағы әмір ететін еді. Жазылуы қажет болғанда қайталап сұрауы қажет болар еді. Бұл мәселе хазреті Омардың Расулуллаһтың алдындағы қадірін, құрметін көрсететін дәлелдердің бірі. Қағаз әкелгісі келгендерге «Сұрап көріңдер, сандырақтап жатқан шығар» деуі де қателік болмайды. Ол сандырақтамайды. Үнемі дұрыс сөйлейді. Сондықтан жақсы түсіну үшін сұраңдар деген сөз. Сонымен қатар сандырақтап жатыр ма дегенді хазреті Омардың айтқанын білдіретін дұрыс хабар жоқ. «Расулуллаһ хазреті Әлидің халифа болуын жазар еді. Хазреті Омар осы себепті бұған бөгет болды» деп айту бос сөз. Ғайыптан хабар беру болады. Халифаны жазғысы келсе хазреті Әбу Бәкірді (радиаллаһу та'ала анһ) жазар еді. Өйткені ауырып жатқан күндерінде хазреті Айшаға: «Маған әкең Әбу Бәкірді шақыр! Оған жазамын, біреу шығып, өзін Әбу Бәкірден халифалыққа лайықтырақ екенін айтуынан қорқамын. Аллаһу та'ала және мүминдер тек Әбу Бәкірге ғана разы» деді. Бұл хадис шәриф «Мүслим»-де жазылған. Сол кезде «Қасымнан кетіңдер!» деуі «Рәфиқ-и алә»-ны қалағанын көрсетеді.

Сұрақ: Хазреті Осман (радиаллаһу та'ала анһ) өзінің туысын жұмысқа тұрғызды. Бұл дұрыс па?

Жауап: Хазреті Әли де осылай істеді. Бұл істері үшін осы ұлы тұлғаларға тіл тигізуге болмайды. Осы сияқты хазреті Әли хазреті Османды өлтіргендерге өлім жазасын бермеді. Әбу Мусәл Ашариге және Әбу Мәсуд Ансариге құрмет көрсетпеді. Мұсылмандардың қан төгуіне бөгет болмады. Тәбук соғысына қатыспады. Бұлар хазреті Әлидің абыройын түсірмейді. Хазреті Османның өз туысына көмектесуі де ислам әмір еткен нәрсе. «Сыла-и рахым» сауабын алды. Бұлардың бәрін өз мүлкінен берді. Бәйт-ул малдан бергенде айыптауға болар еді. Бірақ бәйт-ул малдағы өз ақысын алмай мұсылмандарға тарату айып емес, ізгілік. Хазреті Османның туыстары жиһадқа қатысты. Көп ержүректік, батырлық көрсетті. Әр мүжаһид секілді оларға да ақыларын берді. Хазреті Осман заманында ислам дінінің Азияға, Африкаға жайылуында оның жомарттығының көп пайдасы тиді. Расулуллаһ та олжадан құрайш тайпасынан болғандарға басқаларға қарағанда көбірек беретін. Хашим ұлдарына олардан да көп беретін. Хазреті Омардың «Осман Бәни Умәйяны мұсылмандарға басшы қылуынан қорқамын» деуі оның істерін ұнатпағаны үшін емес, пайдасы тимейді деген сөз. Мүжтәһидтің өз ижтиһадымен амал етуі айып емес. Халифаның қалаған адамын қалаған жерге жұмысқа тұрғызуға хақысы бар. Тіпті бұл оның міндеті. Туыстары оған көбірек бағынғандықтан, оларды таңдауы жақсы болды. Олар істеген қателіктер оның әмірімен емес еді. Халифаның ғайыпты білуі қажет емес. Уәлид бин Укбаға қысас жасамауы (жазаламауы) шағымдарды жақсылап қарастыра алу үшін еді. Куфалықтар Уәлид шарап ішті деп хабар берді. Дұрысын түсінгенде хазреті Әлиге әмір етіп, Уәлидке хад жазасын ұрғызды. Абдуллаһ бин Мәсуд әзірлеген мусхафты (Құран кітабын) өртеп, мұсылмандарды шәйхайн (радиаллаһу та'ала анһума) мусхафының басында біріктірді. Бұл ісі оны қорлау емес. Исламға үлкен қызмет. Әбу Зәр ижмаға бағынбағаны үшін оны Мәдинадан шығарды. Мұны зауқы үшін істемеді.

Сұрақ: Хазреті Осман (радиаллаһу та'ала анһ) Мұхаммед бин Әбу Бәкірдің айқайлап шақыруына келмеді.

Жауап: Мұхаммед бин Әбу Бәкір қателік пен күнә істеуден сақталмаған еді. Халифаның оны жазалауы оның міндеті еді. «Екеуін өлтіріңдер!» деген хатты хазреті Осман (радиаллаһу та'ала анһ) жазбады. Мұны тайпаның ішіндегі опасыздар істегенін «Яфии тарих кітабы» жазуда.

Сұрақ: Хазреті Осман Убайдуллаһ бин Омарға (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) қысас жазасын жасамады.

Жауап: Халифа өлтірілген адамның мирасқорларына көп мал-мүлік беріп оларды разы қылды. Фитнаның алдын алды. Бұл хазреті Османның (радиаллаһу та'ала анһ) жақсы басқаруының бір мысалы.

Сұрақ: Хазреті Осман жайлау, егістік жасады.

Жауап: Иә, жасады. Бірақ өзіне мүлік қылып жасамады. Бәйт-ул мал қазынасындағы малдарға жасады. Осылайша бәйт-ул малға үлкен қызметін тигізді.

Хазреті Әлидің хазреті Османның шәһид етілуіне қатысы бар екенін көрсететін ешқандай дәлел жоқ. Бұған ешқандай ықтимал да жоқ. Өлтіргендер көп және күшті болғандықтан, хазреті Әли бірден қысас жазасын бере алмады. Хазреті Османның мирасқорлары да қысас жазасының берілуін талап етпеді. Өлтірген адам да белгілі емес еді. Өлтіргендер хазреті Османға қарсы шыққан еді. Хазреті Әлиге бағынды.

Хазреті Әлидің халифа сайлануы шариғатқа сай еді. Алдыңғы қатарлылар биат етіп бағынды. Талха мен Зубәйр де халифалыққа қарсы емес еді. Қысас жасалуын талап еткен еді. «Истиаб» кітабында жазылғаны бойынша: «Хазреті Әлиге хазреті Осман шәһид етілген күні биат етілді. Мухажир мен ансар сахабалар биат етті. Хазреті Муауия мен шамдықтар биат етпеді. Аллаһу та'ала бәрін кешіретінін хабар берді».

«Имамия» тобының ойынша, күнәсіз имамның жасағандарын пайғамбар жасады деп хабар беру рұқсат. Осылай сенгендіктен олар көп хадис ойдан шығарды. Дәйләми, Хатиб, Ибн Асакир өздерінен бұрын келген ғалымдардың сахих және хасан хадистерін жинақтағанын көрді. Олар да заиф (әлсіз) хадистерді жинақтады. «Бұхари» және «Мүслим» хадистерінің дұрыс екенін бүкіл әһли хақ бір ауыздан хабар берген.

Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хазреті Әлидің (радиаллаһу та'ала анһ) құшағында қайтыс болғаны және хазреті Әлиге өсиет еткен сөздері шындыққа жанаспайды. Хазреті Әлидің соғысқандарымен сендер де соғысыңдар сөзі хадис емес.

Имамияның хазреті Әли (радиаллаһу та'ала анһ) туралы келді деген аяти карималарының ешбірінде хазреті Әлидің есімі болмағанындай, оған қатысты екеніне де ешқандай ишара жоқ. Алайда үңгір аятының және кейбір аяттардың хазреті Әбу Бәкір туралы (радиаллаһу та'ала анһ) екеніне анық ишаралар бар. Осылай екенін шии кітаптары да жазуда. Тазалану аяты хазреті Әлиге қатысты емес, зәужат-и тахиратқа (пайғамбарымыздың жұбайларына) қатысты. Мубахала аяты да осындай. «Туыстарымды жақсы көрулеріңді қалаймын» деген мағынадағы аяти карима да хазреті Әлиге қатысты болмай, мүмин болған бүкіл туыстарына қатысты.

«Ғадир-и хум» деген жердегі хадис шәриф әһли бәйтті жақсы көруді әмір етуде. Бұл хадис шәрифтің соңында «Ол менен кейінгі халифа», «Ол менен кейін сендердің басшыларың» және осыған ұқсас сөздер жоқ. Бұлар ойдан шығарылған. Осындай ойдан шығарылған жүздеген хадис бар. Бұларды хабар бергендердің арасындағы өтірікшілерді ислам ғалымдары анықтап ортаға шығарған.

Сұрақ: Хадис шәрифте: «Қиямет күні мен танитын көп адамды хауызымнан аулақ қылады, «Асхабым» деп оларды шақырамын. Бірақ: «Сенен кейін олардың не істегенін сен білмейсің» деген дауыс естіледі» делінген. Бұл хадис шәриф асхаби кирамның (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) көбінің жолдан адасатынын көрсетпей ме?

Жауап: Уәда (қоштасу) хұтбасында «Менен кейін кәпір болмаңдар! Бір-бірлеріңе қастандық жасамаңдар!» делінген. Бұл хадис шәрифтің көрсетіп тұрғаны, шәйхайн (радиаллаһу та'ала анһума) және мұсылмандармен соғыспағандардың бұған қатысы жоқ. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) шәйхайнды және асхаби кирамның көбін жәннатпен сүйіншіледі. Бұл сүйінші олардың иманмен жан тапсыратынын әрі Расулуллаһтың хауызының қасында және жәннатта Оның қасында болатынын көрсетеді. Бұдан басқа «Маида» сүресінің елу жетінші аятында: «Ей, иман келтіргендер! Діннен шықсаңдар, Аллаһу та'ала сендердің орындарыңа басқаларын әкеледі. Оларды жақсы көреді. Олар да Аллаһу та'аланы жақсы көреді» делінген. Бұл аяти кариманың көрсетіп тұрғаны, мүртәд болғандарға қарсы тұрғандарды Аллаһу та'ала жақсы көруде. Бұл хазреті Әбу Бәкірдің заманында болды. Жәннаттық екені есімдерімен, сипаттарымен хабар берілген мүбәрәк адамдарды жаман деп білу, жамандау үлкен пәлекет. Бәдір соғысына қатысқандардың жәннатқа кіретіні ашық түрде хабар берілді. Оларға тіл тигізу үлкен надандық.

Сұрақ: «Аллаһу та'ала он екі халифа жібереді. Олардың бәрі құрайш тайпасынан» хадис шәрифі он екі имамды (рахметуллаһи та'ала алейһим әжмаин) көрсетпей ме?

Жауап: Бір қарағанда бұл хадис шәрифтен Имамия тобының айтқаны дұрыс екені аңғарылады. Алайда хадис шәрифтер аяти карималардағыдай бір-бірін түсіндіреді. Абдуллаһ бин Мәсуд хабар берген хадис шәрифте: «Ислам диірмені отыз бес жыл айналады. Кейін құритындар шығады. Одан кейін келетіндер исламды жетпіс жыл күшейтеді» делінген. Біздің [яғни Шах Уәлиуллаһ Дехлеуидің] бұл хадис шәрифтен түсінгеніміз мынау: Көрсетілген уақыттың басы алғаш жиһад басталған хижреттің екінші жылы. Отыз бесінші жылы хазреті Осман шәһид етіліп, мұсылмандар арасында бөліну орын алды. Жиһад пен исламның жайылуы тоқтады. Түйе және Сыффин соғыстарында мұсылмандар бір-бірін өлтірді. Аллаһу та'ала халифалыққа қайта реттілік беріп, жиһад қайта басталды. Бәни Умәйя [яғни Әмәуи] мемлекетінің соңына дейін жалғасты. Аббаси мемлекеті құрылғанда қайтадан дүрбелең болды. Көп мұсылман өлді. Кейін Аллаһу та'ала халифалыққа реттілік беріп, Хулагудың Бағдатты өртеп қиратуына дейін сүрді. Са’д бин Әбу Уаққас хабар берген хадис шәрифте: «Аллаһыма дұға етемін, үмбетімнің күшін жарты күннің соңына дейін жалғастырсын» делінген. «Жарты күн қанша уақыт?» деп сұралғанда бес жүз жыл деді. Бұл хадис шәриф Аббаси мемлекетінің өмірін [яғни бес жүз жиырма төрт жылды] көрсетуде. Бірінші хадис шәриф «Хилафат-и нубуввәт»-ті хабар беруде. Мұның отыз жыл екенін хабар беруде. Бұдан кейін келген халифаларға «Мәлик-и адуд», яғни «Сұлтан» атауын берген. Екі халифалықтағы халифа санының он екі болатынын хабар беруде. Бұл он екі халифаны он екі имам деп санау мүлде дұрыс емес. Өйткені хадис шәрифте «Халифалық» дейді. «Имамдық» демейді. Шиилердің де айтуынша, он екі имамның көбі халифа емес еді. Хадис шәрифте он екі халифаның құрайш тайпасынан екені хабар берілді. Бұл болса бәрінің хашими болмағанын көрсетеді. Имамия сектасы он екі имамның исламды жайғанын, мемлекеттер жаулағанын айтпайды. «Расулуллаһ қайтыс болғанда діннің үсті жабылды. Имамдар «Тақийя» жасады, дұрыс жолды көрсетпеді. Хазреті Әлидің өзі білгендерін айтпады» дейді. «Хадис шәриф он екі имамнан кейін исламда немқұрайлық болатынын хабар беруде. Ал Имамия он екі имам толық болғанда Иса алейһиссалам аспаннан түседі де, дінді күшейтеді» дейді. Біздің түсінгеніміз бойынша, бұл он екі халифа төрт «Халифа-и рашид» және олардан басқа хазреті Муауия, Абдулмәлик пен төрт ұлы, Омар бин Абдулазиз, Абдулмәликтің немересі Уәлид. Абдуллаһ бин Зубәйрдің бұдан тыс қалуы қажет. Өйткені хазреті Омар хабар берген хадис шәриф Абдуллаһ бин Зубәйрдің халифа ретінде шығуы және Меккеде қан төгіліп, Қағбаға құрметсіздік жасалуына себеп болуы, бұл үмбетке келетін қиыншылықтардың бірі болатынын көрсетуде. Язид пен әмәуилердің басқа халифалары исламға қызмет етпегендіктен он екі халифадан саналмайды.

Сұрақ: Хазреті Әлидің (радиаллаһу та'ала анһ) көп кереметі бар еді. Бұл оның үстемдігін көрсетпей ме?

Жауап: Шихабуддин Сухрауарди (рахимә-һуллаһу та'ала) айтқан: «Асхаби кирамда керемет өте аз байқалды. Хазреті Әлидің кереметтері шамасында, тіпті одан да көп шәйхайнда да байқалды». [Бұл кереметтердің көбі Юсуф Нәбханидың «Жами-у кәрамат-ил Әулия» атты кітабында жазылған].

Сұрақ: «Мен ілім қаласымын. Әли (радиаллаһу та'ала анһ) оның есігі» хадис шәрифіне не деуге болады?

Жауап: Бұл хадис шәриф әлбетте үстемдікті көрсетеді. Бірақ осы секілді «Ілімнің төрттен бірін мына Хумәйрадан алыңдар!», «Менен кейін Әбу Бәкірге және Омарға бағыныңдар!», «Ибн Умми Абд разы болған адамға мен де разымын!» және басқа да түрлі хадис шәрифтер бар. «Хумәйра» Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хазреті Айшаға (радиаллаһу та'ала анһа) берген есімі. Хазреті Әлидің діни біліміндегі үстемдігі және шежіре білімінде асхаби кирамның көбінен озат екені баршаға мәлім. Бірақ бұлар шәйхайннан үстемірек екенін көрсетпейді.

Хазреті Әлидің ұрпағынан Имам Мұхаммед Бақыр мен Имам Жафәр Садықтың (радиаллаһу та'ала анһум) білімде, тақуалықта және ғибадаттағы кемелдіктері күмәнсіз. Күләйни Имам Жафәр Садықтың тасаууфшыларға дұшпан екенін жазған. [Әбу Жафәр Мұхаммед Рази Күләйни 329 [м.940] жылы Бағдатта қайтыс болды. «Кафи» кітабында он алты мың хадис бар].

Зәйдия тобы да туруқ-и алияға дұшпан. Әулиелердің ұлыларынан Абдуллаһ Ансари (рахимә-һуллаһу та'ала) айтқан: «Мың екі жүз әулие көрдім. Араларында тек Са’дун мен Ибраһим сәйидтерден еді». Олардың екеуі де танымал емес. Кейінгі ғасырларда келген әулиелер арасында сәйидтер бар болғанымен, олар сәйид болмаған мүршидтерден фәйз алған.

Құран кәрім мен хадис шәрифтер ашық түрде ислам дініне бағынуды әмір етеді. Тасаууф жолында пайда болған нәрселер мүлде айтылмаған. Сондықтан нағыз үстемдік тасаууфпен емес, ислам дініне қызмет етудегі артықшылықпен өлшенеді.

Сұрақ: Пайғамбарларға (алейһимуссалауату уәттәслимат) бағынғандарда фәна, бәқа, марифаттар, уахдәт-и вужуд білімдері секілді құнды нәрселер пайда болады. Кереметтер беріледі. Исламның бес шартын болса әр мұсылман орындайды. Имам Ғазали және Жәлаледдин Руми (рахимә-һумуллаһу та'ала) секілді ғалымдар тәухид-и вужудидың өте құнды екенін айтады. Олай болса тасаууф жолдарының қайнары хазреті Әлидің (радиаллаһу та'ала анһ) үстемірек болуы қажет болмай ма?

Жауап: «Исламның бес шарты адамды Аллаһу та'алаға жақындатпайды. Бұлар адамның дүниеде жақсы мінезді болуын, жақсы қарым-қатынаста болуын қамтамасыз етеді» деген адам «Зындық». Ислам дінін құлатқысы келеді. Ислам діні Аллаһу та'аланың разылығына жеткізеді. Ислам дініне бағынбайтындарды Аллаһу та'ала жақсы көрмейді. Оларға азап береді. Бірақ тасаууф жолы оңайрақ жеткізеді десе, ол адамға сөзін дәлелдеу керектігін айтамыз. Тасаууф жолының негізі Ислам діні. Ислам дініне бағынбайтын адам әулие бола алмайды. Исламға бағынуда және бағындыруда шәйхайн ең озат екенін жоғарыда ұзақ жазған болатынбыз. Зікір және мурақаба арқылы жүректі тазалауға тырысу исламға бағыну деген сөз. Ислам дінінің дәлелі «Кітап», «Сүннет», «Ижма-и сәләф» және «Қияс-и фуқаһа». «Құран кәрім»-де бес ілім бар.

1) Жаратылыстарды зерттеп, Аллаһу та'аланың бар екенін және бір екенін түсінуді көрсетеді. [Жаратылыстану білімдері осы бөлімде].

2) Тарихты зерттеп, иман келтіргендердің, исламды ұстанғандардың бақытты болғанын, ал имансыздардың дүниеде азап көріп өмір сүргенін баяндайды.

3) Ахиреттегі ниғметтерді және азаптарды хабар беріп, иманды болуға шақырады.

4) Дүниеде және ахиретте бақытқа кенелу үшін қалай өмір сүру керектігін үйретеді.

5) Мүшриктермен, мұнафиқтармен, яһудилермен, христиандармен және жетпіс екі топтағы адасқан мұсылмандармен қандай қарым-қатынаста болу керектігін хабар береді.

Қайталанғандардан басқа он мыңға жуық хадис шәриф бар. Қайталанғандарды да қосып санайтын болсақ, миллионнан асады. Осы барлық «Хадис шәрифтер» он екі ілімді хабар береді:

1) Китабуллаһқа және сүннетке жүгіну.

2) Исламның бес шарты, зікірлер және ихсан, яғни жүрек білімдері. Тасаууф – осы ихсанға қол жеткізу деген сөз.

3) Муамәлат. Напақа үшін сауда-саттық, өнеркәсіп және шаруашылық білімдері әрі әлеуметтік құқықтар осының ішінде.

4) Жақсы мінез айтылуда және мақталуда.

5) Құл азат ету.

6) Ізгі амалдар және асхаби кирамның (радиаллаһу та'ала алейһим әжмаин) үстемдіктері.

7) Пайғамбарлардың және маңызды адамдардың тарихы.

8) Қияметке дейін болатын маңызды оқиғалар.

9) Қиямет жағдайлары. Қайта тірілу, жиналу, жәннат пен тозақ.

10) Расулуллаһтың өмірбаяны (саллаллаһу алейһи уәсәлләм).

11) Құран кәрімді оқу және тәпсірлеу.

12) Періштелер, шайтандар, медицина секілді түрлі білімдер.

«Қияс» ахкам-и исламияда, яғни әмірлер мен тыйымдарда болады. Осы аталған барлық ілімдерде тәухид-и вужуди білімдері жоқ.

«Ислам діні» асхаби кирамның және табиин-и изамның [яғни асхаби кирамды көргендердің] иман келтірген және істеген нәрселері. Сол заманда болмай, кейіннен шыққан діни білімдер мұсылмандық емес. «Менің және сахабаларымның жолында болыңдар!» хадис шәрифі осыны көрсетеді. Уахдәт-и вужуд білімдерінің бірінші бөлімде болмағаны анық. Бұл білімдер сәйид-ут таифә Жүнәйд Бағдади заманында да жоқ еді. «Мутәзила», «Имамия», «Зәйдия» және «Исмаилия» секілді адасқан топтар да осындай. Олар да сәләф-и салихиннен кейін шықты.

Расулуллаһтан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бастап асхаби кирамға, табиинге және жүректен жүрекке өтіп сонау осы заманға дейін келген фәйздер болса исламда бар. Мұны «Ихсан» деп атаған. [Кейіннен «Тасаууф» деп аталды].

Ислам дінінде болған нәрселер ықыласпен, таза ниетпен орындалса, құнды болады. Нәпсінің қалауына жету және аты шығу үшін жасалса, Аллаһу та'аладан алыстатады. Тозаққа жетелейді.

Сұрақ: Тасаууф ғұламаларының сөздері тасаууф білімдерінің үстемірек екенін көрсетпей ме?

Жауап: Бір адамды Аллаһу та'алаға [яғни Аллаһу та'аланың разылығына, жақсы көруіне] жақындататын амалдар ислам дінінде көрсетілген. Олардың арасынан адамның жағдайына және заманына қарай таңдалады. Тасаууф ғұламалары шәкіртін тәрбиелегенде [яғни жетілдіргенде] оның әр түрлі жағдайына байланысты оған әр түрлі міндеттер берген. Пайдалы істердің бірін басқасынан маңыздырақ санауы сол басқа істің пайдасыз екенін көрсетпейді. Әр пайдалы істе жақсы ниетке мән береді. Имам Ғазали (рахметуллаһи алейһ) әр істе ықыласқа мән берген. Аяти карималар мен хадис шәрифтер исламға қызмет етуді әмір етеді. Жиһадтың және білім алудың ізгілігіне сенбейтін адам «Зындық».

Сұрақ: Шәйх Мухиддин Араби (рахимә-һуллаһу та'ала) айтқан: «Хазреті Әли (радиаллаһу та'ала анһ) Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жаратылған топырақтың қалғанынан жаратылды. Расулуллаһпен ахиреттік бауыр етілуі де осы себептен». Бұдан үстем нәрсе бар ма?

Жауап: Шәйхайнның үстемірек екені ислам білімдерінен аңғарылуда. Бұл жерде «Әдиллә-и шәрия» болған кітап, сүннет, ижма және қияс білімдеріне қарау керек. Тасаууф ғұламаларының жүректерімен алған аяндары шариғи мәселелерге дәлел бола алмайды. Исламның ешбір үкімі бұл аяндарға жүгінбейді. Шәйх Мухиддин Араби (рахимә-һуллаһу та'ала) Аллаһу та'алаға жақындататын нәрселерді атап өткен. Олардың ең жоғарысы Сыддықият дәрежесінің хазреті Әбу Бәкірге, Мухаддисият дәрежесінің хазреті Омарға, Ухуввәт дәрежесінің хазреті Әлиге тән екенін хабар берген. Хауарият дәрежесінің Зубәйрға, Аманат дәрежесінің Әбу Убәйдаға берілгенін жазған. Осындай тағы түрлі дәрежелерді хабар берген. Бұлар фадл-и күллиді көрсетпейді. «Футухат» кітабының көп жерінде асхаби кирамның уилаят дәрежесінен басқа пайғамбарларға ұқсатқан дәрежелерін де хабар берген. Расулуллаһтан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) кейін бұл дәрежелердің жалғасқанын, бірақ пайғамбар болмағанын ұзақ жазған. Біз түсінген үстемдік осы пайғамбарларға (алейһимуссалам) ұқсаған үстемдік. Шәйхайнның (радиаллаһу анһума) үстемдігі осыдан келуде. Бұл үстемдікті «Фадл-и күлли» деп атайды. «Футухат» кітабының көп жерінде осы үстемдік баяндалған. Алпыс тоғызыншы бабының соңында жазғаны бойынша, «Аллаһумма салли алә» оқығанда Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Ибраһим алейһиссаламға ұқсатылуда. Алайда Одан үстемірек. Мұның егжей-тегжейін кітап беттерінде түсіндіргенде Сыддықтық дәрежесінің үстемдігін ұзақ баяндаған.

Аллаһу та'ала арнайы фәйздерін таңдаулы, ең сүйікті құлдарына түрлі себептермен, құралдармен жіберуде. Әуелі сол құлдарын осы фәйздерге бейім етіп жаратады. Хазреті Әлидің денесіндегі топырағын да Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) топырағы секілді нубуввәт фәйздерін алуға бейім етіп жаратқан. Бірақ бұл үстемдік фадл-и күлли емес, фадл-и жузи. Уилаят дәрежесінің үстемдігін көрсетеді. Пайғамбарлыққа ұқсау емес.

Сұрақ: Тасаууф ғұламалары хазреті Әлидің (радиаллаһу та'ала анһ) үстемдігін көрсететін түс көргенін айтады. Хадис шәрифте: «Мүминнің түсі пайғамбарлықтың қырық алты бөлімінің бірі» делінген. Бұл хазреті Әлидің үстемірек екенін көрсетпей ме?

Жауап: Діннің ешбір үкімі түс арқылы хабарланбаған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Аллаһу та'алаға шүкір, мені Әбу Бәкірмен және Омармен күшейтті» деді. Хадис шәрифте: «Әбу Бәкір мен Омар менің құлағым мен көзім секілді» делінген. Фадл-и күлли осындай болады. Пайғамбарлардың (алейһимуссалауату уәттәслимат) халифасының ол сияқты болуы керек. Бұл пақырдың ойынша, шәйхайн (радиаллаһу анһума) күннің айналасындағы сәуле шашып тұрған шеңбер секілді. Хазреті Әли (радиаллаһу анһ) сол сәулелерді алып, шағылыстыратын ай секілді. Шәйхайн (радиаллаһу анһума) «Нубуввәт жолы»-ның сәулелерін, ал хазреті Әли (радиаллаһу анһ) «Уилаят жолы»-ның сәулелерін шашып тұр. Осы себепті пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Егер өзіме дос іздесем, Әбу Бәкірді дос қылатын едім», «Менен кейін пайғамбар келгенде, Омар әлбетте пайғамбар болар еді», «Әли менен. Мен де оданмын» деді. Бұл пақыр [Шах Уәлиуллаһ Деһлеуи хазрет, мурақабада] Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) руханиятынан сұрадым: «Хазреті Әлидің (радиаллаһу та'ала анһ) тегі қадірлірек, үкімдері күштірек және тасаууф жолының көшбасшысы бола тұра шәйхайнның (радиаллаһу та'ала анһума) үстемірек болуының себебі не?» Рухыма мынадай жауап келді: «Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) захир [көрінетін] және батын [көрінбейтін] жүзі бар. Захир жүзімен адамдар арасында әділет атқарады, бауырмашылдықты жүзеге асырады және тура жолды көрсетеді. Бұл міндетті атқаруға шәйхайн (радиаллаһу та'ала анһума) Оның аяқ-қолы секілді. Батын жүзімен жүректерге фәйз береді. Шәйхайн мұнда да ортақ!» (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин).

 

Фәйз мәнінің қайнары ол, мәжілісі Абдулхакимнің,

Аллаһқа жақындаудың мақсаты ол, сұхбаты Абдулхакимнің.

Шарасыздарға пана, дертке дауа ол Хаким.

Ирфанның көзі, Субханның нұры, Құранның сыры ол Хаким!

 

Урвәтулвусқа Мұхаммед Масум Фаруқидың «Мәктубат» кітабы парсы тілінде жазылып, үш томнан тұрады. Бірінші томда 239, екіншіде 158, үшінші томда 255 хат бар. Осы 652 хаттың алтауы аударылып төменде жазылды.