22 - Мухаррам, 1447 жыл.
     17 - Шілде, 2025 жыл.   


БІРІНШІ ТОМ, 177-ШІ ХАТ

Жүректе пайда болған кәшфтерге, түстерге мән бермеу керек. Мән беру керек болған және адамды бақытқа жетелейтін нәрсе – Кітап пен сүннет. [Яғни Құран кәрім мен хадис шәрифтер. Әһли сүннет ғалымдарының осы екеуін ашықтап түсіндіретін кітаптары. Кітап пен сүннетті үйренгісі келген адам әһли сүннет ғалымдарының осы кітаптарын оқуы қажет. Бидғаштылардың, мазһабсыздардың, діндегі реформашылардың кітаптарын оқыған адам пәлекетке түседі]. Кітап пен сүннетті [әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан] үйреніп, соған сай ғибадат жасау керек. Аллаһу та'аланың есімін көп зікір етуді де ислам діні әмір етеді. Әр уақытта көп зікір етіңіз! Әулиеліктің ең жоғарғы мәртебесі – Аллаһу та'аланың марифатына жету. [«Марифат» – Аллаһу та'аланың сипаттарын түсіну деген сөз. Фәнаға жеткендерде пайда болады]. Фәна екі түрлі болады. Біріншісі, «Фәна-и қалб» – жүректің Аллаһу та'аладан басқа барлық нәрсені ұмытуы. Адам жүрегінің бір нәрсені еске түсіруін қалап қинаса да еске түсіре алмайды және Аллаһтан басқа ештеңені жақсы көрмейтін болады. Екіншісі, «Фәна-и нәфс» болып, адамның өзінің болмысын да ұмытуы. Адам «Мен» дей алмайтын болып қалады. Аллаһу та'аладан басқа нәрсені еске түсіру және жақсы көру ариф үшін удай зиян. Жүректі өлімге жетелейтін ауру. Фәна пайда болғанда жүрек «масиуа»-ны [бүкіл нәрсені] жақсы көруден құтылады. Шынайы иманға жетеді және ислам дінін ұстану оған оңай әрі жағымды болады. Ықылас пайда болады. Нәпсі әммаралықтан құтылып, итминанға жетеді. Нәфс-и әммара ислам дініне [яғни Аллаһу та'аланың бұйрықтары мен тыйымдарына] дұшпан. Итминанға жеткенде исламды ұстанудан зауықтанатын болады. Бұл күйді «Ислам-и хақиқи» деп атайды. Қысқасы тасаууф сәйр және сүлүк деген сөз. Оның мақсаты фәнаға және бәқаға қол жеткізу. Аллаһу та'алаға шынайы құл болу. Нәпсінің азғындығының, қарсылығы мен зауықтарының жоқ болуы. Болмаса жүрек көзі ашылып, нұрларды, рухтарды, періштелерді, жындарды көру, олармен сөйлесу, [ғайыпты сұрап білу] емес. Сезім мүшелеріміз арқылы, ақылмен, есеппен және тәжірибемен анықталған пән ғылымдарын тастап, жүрек көзімен ғайыпты аңғаруға тырысу ақылға сай іс емес. Пән ғылымдары арқылы аңғарылғандар да, жүрек көзімен аңғарылғандар да Аллаһу та'аланың жаратылыстары. Бәрі жоқ еді. Бәрін кейіннен жаратты. Аллаһу та'ала дүниеде көрінбейді. Ахиретте көрінеді. Дүниеде «Иқан» орын алады. Яғни көргендей сенеді.

Қысқасы тасаууф, тариқат дүниеде ислам дінін толықтай және ынтамен ұстану үшін қажет. Аллаһу та'алаға қауышу Оны көру, Оған жақындау деген сөз емес. Бұлар ахиретке тән. Олай болса ислам дінін ұстануға тырысу қажет, әмри маруфты және нәхи-й мүнкәрді [яғни исламды жаюды] қолдан жіберіп алмау керек, исламның ұмытылған әмірлерін қайта шығаруға аса мән беру қажет. Жүректе пайда болған кәшфтерді, хәлдерді ешкімге айтпаған жөн. Бұл хәлдерге және түске мән бермеген дұрыс. Адам түсінде өзін патша болғанын немесе әулиелердің көсемі болғанын көрсе, мұның не пайдасы бар? Бұл мәртебелерге ояу кезде өңінде қол жеткізудің маңызы бар. Мұның өзі неге жарайды? Адамды қабір және тозақ азаптарынан құтқара ма? Ақылы бар адам ондай нәрселерге мән бермейді. Аллаһу та'ала разы болатын амалдарды істеуге тырысады. Хубби филлаһ және буғды филлаһ ниғметіне ұмтылады. [Әуелі әһли сүннет сенімін және ислам білімдерін үйрену және соған сай иман келтіру әрі исламға бағыну керек].