![]() ![]() БІРІНШІ ТОМ, 230-шы ХАТБұл хат ұзын. Көне грек философтары «Мадум (жоқтық) бар болмайды. Ал бар болмыс жоқ болмайды» деген. [Қазіргі заманымыздағы ғылымдағы фанатиктер де осылай айтады. Бұл сөз ислам дініне қайшы болғандықтан, осылай айтатындарға ілгерішіл дейтіндер бар. Мұсылмандар «барлық нәрсе жоқ еді. Аллаһу та'ала барлық нәрсені жоқтан бар қылды» дегендіктен мұсылмандарға керітартпа деп кемсітпек болатындар да бар]. Олар мұны қияли ойларымен айтады. Барлық нәрсені жоқтан бар қылу және бар кезінде жоқ қылу Аллаһу та'аланың шексіз құдіретінің алдында өте оңай. [1209 (м.1794) жылы француз революционерлер өлім жазасына тартқан француз химигі Лавуазье де химиялық реакцияларында заттың жоқ болып кетпегенін көріп, «табиғатта ештеңе жоқ болып кетпейді және еш нәрсе жоқтан бар болмайды» деді. Барлық нәренің химиялық реакцияларға бағынышты екенін ойлап осылай айтты. Өздерін ілгерішіл, ал мұсылмандарды керітартпа дейтін кәпір ғылым фанатиктері Лавуазьенің бұл сөзін дәлел ретінде қолданып, еш нәрсе жоқтан бар болмаған деген сөзді ұран етіп мұсылман шәкірттерін алдады. 1955 жылы өлген неміс физигі Эйнштейн заттың жоқ болып энергияға айналғанын дәлелдегенде әлгі фанатиктер абдырап қалды. Үндері өшті. Аллаһу та'аланың тек химиялық реакцияларға бағынышты екенін ойлайтын осы ақымақ ілгерішілдер ислам дініне тиісуге қазір басқа себептер іздеп жүр]. Бүкіл діндер әлемнің жоқтан бар етілгенін бір ауыздан айтуда, бұған сенбейтіндерге кәпір деуде. «Мәриәм» сүресінің 67-ші аятында: «Адам ойланбай ма, біз оны жоқтан бар еттік қой» делінген. Тәфсир ғалымдарының бас тәжі Қазы Абдуллаһ Бәйдауи «Әнуарут-тәнзил» атты тәфсирінде: «Аллаһу та'ала адамды жоқтан бар қылды» деген. Әр уақытта барлық нәрсе жоқтан бар етілмесе, Аллаһу та'ала жұмыссыз, күшсіз болуы қажет болады. Аллаһу та'ала әр затты жоқтан бар қылғаннан кейін әрқайсын әр мезетте бар қылып ұстап тұр. Сондықтан ешбір зат өздігінен жоқ болып кете алмайды. Заттардан денелер пайда болады. Сипаттары әрдайым өзгеріп тұрады. Бұлардың бәрін істейтін тек қана Аллаһу та'ала. Тек қана Аллаһу та'ала және Оның сипаттары мәңгі бар. Жоқ кезде кейіннен бар қылынған жоқ, әрі ешқашан жоқ болмайды. Әлем, яғни барлық болмыс жоқ кезде илми илаһиде бар еді. Илми илаһиде бар болғандар «А'яни сабитә» және осы бар болуға «Субути әшия», сыртта бар болуға «Вужуди әшия» деп аталған. Абдият, құлдық Аллаһу та'алаға сену және Оны жақсы көру деген сөз. Мұның белгісі ислам дініне бағыну және бидғаттардан сақтану. Барлық нәрсенің жоқ кезде өте керемет реттілікпен, есеппен жаратылғанын көріп жүрміз. Мысалы адамның бүкіл мүшелері ретті және есепті жаратылған. Бұл жағдай барлық нәрсені шексіз білім мен құдірет иесінің жаратқанын көрсетеді. |