7 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     8 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Хайз / Хайз және Нифас

Хайз және Нифас

Он бiр түрлi дәрет бар. Бесеуi парыз. Бұлардың екеуi әйелдiң хайз және нифастан арылғаннан кейiн ғұсыл алуы.

Ибн Абидин «Менһал-ул Варидин» атты кiтабында былай дейдi: “Фиқһ ғалымдары әрбiр мұсылман еркек пен әйел үшiн ғылымхалды үйренудің парыз екендігін білдірді. Әрбiр мұсылман еркек үйленетiн кезде хайз және нифас мәселелерін үйренуi керек. Үйленген соң әйелiне де үйретуi керек”.

Хайз деп - сегiз жасыннан асып тоғыз жасына аяқ басқан денсаулығы дұрыс қыз баладан немесе әдет уақтысынан он бес күн өткен әйелден келетін, ең азы үш күнге созылатын қан. Қыз бала алғашқы хайз қанын көргенде балиғат жасына толып, әйел үкiмiн алады да, дiннiң әмiрі  мен тыйымдарына жауапты болады. Қан келген уақыттан тоқтаған уақытқа дейiнгi күндердi әдет уақыты деп атайды. Бұл уақыттың ең азы үш күн, ең көбi он күн. Әр әйел қан келу күнiн, санын және сағатын бiлуі керек. Сегiз жасқа толған қызға шешесi, шешесi болмаса әжесi, әпкесi, нағашы әпкесi хайз және нифас жағдайларын үйретуi парыз.

Нифас дегенiмiз - әйел адамнан босанғаннан кейiн келетін қан. Қан тоқтауымен ғұсыл алуы қажет. Ең ұзақ уақыты қырық күн. Қырық күн бiтiсiмен қан тоқтамаса да ғұсыл алып, намаз оқуы керек. Қырық күннен кейiн келетін қан истихаза (яғни үзiр) болады. Әйелдердiң нифас күндерiн де жатқа бiлуi керек.

Истихаза (үзiр қаны) - үш күннен, яғни жетпiс екi сағаттан, және де енді басталғандарда он күннен көп жалғасатын бірнеше рет келгендерде әдет уақытынан көп болып, 10 күннен асатын және екiқабат әйелден, 55 жасынан өткен әйелдерден, тоғыз жастан  төмен қыздардан келетін қан. Бұл қан аурудың белгiсi. Қанның ағуы көп уақытқа созылуы қауiптi, бұл кезде дәрiгерге бару керек. Истихаза күндерiнде әйел жиi-жиi мұрнынан қан аққан адам сияқты болып, бұл жағдайда намаз да оқиды, ораза да тұтады.

Хайз және нифас жағдайында әйел  адам намаз оқымайды, ораза тұтпайды. Тиләует және шүкiр сәждесiн де жасай алмайды. Құран Кәрімді ұстай алмайды. Мешiтке кiре алмайды, Қағбаны тауап ете алмайды. Жыныстық қатынаста бола алмайды. Тазаланған соң бұл күндердің оразаларының қазасын тұтады, бірақ намаздарының қазасын оқымайды. Әйел кiсi хайзының басталуын өз ерiне бiлдiруi керек. Пайғамбарымыз алейһиссалам былай дейдi: «Хайзының басталуын және бiтуiн өз ерiнен жасырған әйел малғұн». Хайз және нифас бiтiсiмен дереу ғұсыл алып шомылу парыз.