18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / Байлық, мансап құмарлық

Байлық, мансап құмарлық

3- Көңіл ауруларының, яғни жаман мінездердің үшіншісі – байлық пен мансап (атақ) құмарлық. Төмендегі хадис шәрифтер «Хуббуриясет» деп аталатын бұл аурудың диагнозын қою және емдеу жолдарын көрсетуде:

1) «Байлық пен атақ құмарлықтың зияны екі аш қасқырдың бір қора малдың арасына кірген кездегі жасаған зиянынан да көп.»

2) «Адамға зиян ретінде, дін және дүние істерінде саусақпен көрсетілуі жеткілікті.» Яғни, адамның дін және дүние істерінде атақты болуы, дініне де, дүниесіне де өте зиян береді.

3) «Мақтағанды жақсы көру адамды соқыр етеді және саңырау қылады. Өзінің кінәларын, кемшіліктерін көрмейтін болады. Дұрыс сөздерді, айтылған насихаттарды естімейтін болады.»

Мансапты және атақты болуды қалауы адамдарда үш нәрседен пайда болады: Бірінші себеп: нәпістің қалауларына қауышу. Нәпіс, қалауларына харам жолдармен қол жеткізгісі келеді. Екіншісі: өзінің және өзгелердің құқықтарын залымдардан құтқару және мүстаһаб болған мысалы, садақа беру үшін және сауап іс, жақсылық жасау үшін немесе мубах болған істерді жасау үшін, мәселен жақсы тамақ жеу, жақсы киіну, жақсы үйлерде тұру және бала-шағалы болып рахат және бақытты өмір сүру үшін немесе ғибадаттарына кедергі болатын нәрселерден құтылу үшін және ислам дініне және мұсылмандарға қызмет ету үшін мансапты болуды қалауға болады. Осындай ниетпен мансапқа қауышу жолында рия және хақты нахақпен араластыру сияқты исламның тыйым салған нәрселерін жасамайтын болса, уәжіптер мен сүннеттерді тәрк етпейтін болса, мұндай адамның мансап иесі болуы жаиз, тіпті мүстаһаб болады. Өйткені, жаиз және қажет болған нәрселерге жеткізетін себептерді, құралдарды жасау да жаиз және қажет болады. Аллаһу та’ала Құран кәрімде жақсы адамдардың қандай болатынын білдіре отырып, олардың «Мұсылмандарға имам [басшы] болғысы келетіндіктерін» де білдірген. Сүлеймен алейһиссалам: «Йа Раббым! Менен кейін ешкімге нәсіп етпейтін бір мүлікті [билікті] маған ихсан ет!» деп патша және билеуші болуды қалаған. Бұрынғы діндерден білдірілген және тыйым салынбаған хабарлар біздің дінімізде де өтеді. Хадис шәрифте: «Хақ және әділдікпен бір күн басшы болуды, бір жыл үздіксіз [Аллаһ жолында] соғысудан жақсы көремін» делінген. Бір хадис шәрифте: «Бір сағат әділдікпен басқару, алпыс жыл нәпіл ғибадат жасаудан қайырлы» делінді. Рия [мақтану, өзін көрсету] арқылы және хақты өтірікпен араластырып, мансап иесі болу жаиз емес. Бұлай істеу жақсы ниетпен болса да жаиз болмайды. Өйткені, харамдар мен мәкрухтарды жақсы ниетпен істеу жаиз емес. Тіпті, кейбір харамдардың жақсы ниетпен жасалуының күнәсі көбірек болады. Ниеттің жақсы болуы жақсылық жасауда, ғибадаттарда пайдалы болады. Мубах, тіпті парыз болған бір амал, ниетке қарап күнәға айналып кетуі мүмкін. Күнә істеп жүрген адамның: «Сен жүрегіме қара! Жүрегім таза. Аллаһ жүгрекке қарайды» деген сөзінің қате, тіпті зиянды екендігі осы жерден де байқалады.

Мансап иесі болуды қалау себептерінің үшіншісі – нәпісті қуанту. Нәпіс мал-мүліктен ләззат алғаны сияқты мансаптан да ләззат алады. Нәпісті оның ләззат алатын нәрсесіне дінге қайшы нәрсе араластырмай жеткізу харам болмаса да, бұл адамның бойында тақуалықтың аз екендігін көрсетеді. Осы жолмен мансапқа қол жеткізгеннен кейін адамдардың көңілін табу үшін, рия мен жағымпаздық жасаудан қорқылады. Тіпті, мұнафықтық, дұрысты бұрыспен араластыру және қулық пен өтірік сияқты қауіпті жағдайларға да түсу мүмкін. Халал мен харам араласқан нәрсені жасамау керек. Мансапқа ие болудың осы үшінші себебі харам болмаса да, жақсы болмағаны үшін, емін біліп, қолдану керек. Алдымен мансаптың өткінші екенін және зияндарын, қаупін ойлау керек. Атақтан және құрметке ие болып тәкаппар болудан құтылу үшін, исламда мубах, жаиз болып, халықтың қаламайтын нәрселерін істеу керек. Бір заманда бір патша діндар кісінің үйіне қонаққа барыпты. Діндар кісі патшаның және жанындағылардың өзіне деген құрметін және өзіне жақын болғысы келгенін білгенде, арнайы ас әзірлепті. Сөйтіп, әзірлеген асын өзі ашкөздікпен, үлкен-үлкен тіліммен жей бастапты. Бұл жағдайды көрген патша діндарды жақтырмай ол жерден кетіп қалады. Патша кеткеннен кейін діндар: «Әлхамдулиллаһ! Раббым мені құтқарды»- депті. Мансапты болу қалауын кетіретін ең күшті ем – адамдардан ұзақ болу. Дін және дүниелік үшін қажетті істерден өзге нәрседе адамдар арасына араласпау керек. Хадис шәрифте осы емді қолдануға кеңес берілуде.