10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сүннет - Бидғат / Құрметіне деп дұға ету

Құрметіне деп дұға ету

Сұрақ: Әнбия (пайғамбарлардың), әулиелердің құрметіне немесе жауған жаңбырдың құрметіне, күнәсіз нәрестелердің құрметіне мына заттың құрметіне деп дұға ету жаиз ба?

Жауап: Барлығы да жаиз. Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Сөздеріне құлақ салынбайтын сондай адамдар көресіңдер, бұлар бір нәрсе үшін ант етсе, Аллаһу та’ала бұл сүйікті құлдарының құрметі үшін ол нәрсені бірден жаратады.» (Мүслим)

Бұл хадис шәриф тасаууф ілімінің және ұстаздың көңілін аулауға тырысудың дұрыстығын көрсетуде. Бұл хадис шәрифтің ашықтамасында былай делінген:

«Йа Раббым! Мына пайғамбардың, өлі немесе тірі, салих, әулие, ғалым құлыңның құрметіне, сенің оған ихсан еткен қадір, мәртебеңнің құрметіне сенен сұраймын» деудің жаиз екендігі Бәззазийа фәтуасында жазылған. Көптеген ғалымдар шәкірттеріне, «Аллаһу та’аладан бір нәрсе сұрамақшы болған кездеріңде менен сұраңдар! Аллаһу та’аламен сендердің араларыңда мен себепшімін» деген. Әбул Аббас Мүрси хазреттері де, «Аллаһу та’аладан бір нәрсе сұрайтын кездеріңде Имам Ғазалидің құрметі үшін деп сұраңдар!» деген. (Хадиқа, Бәриқа, Хиснул хасин)

Расулуллаһ сатып алған көйлегін қайыршы көзі көр адамға берді. Көйлектен жұпар иіс шығып тұрған еді. Бұны Расулуллаһ бергенін түсініп, «Йа Раббым! Бұл көйлектің құрметі үшін көздерімді аш!» деп дұға еткен кезде екі көзі бірден ашылды. (Задул Муқуин)

Расулуллаһ соғыстарда және қиын кездері мұхажирлердің кедейлерінің құрметіне деп дұға ететін еді. (Тәрғиб, Табарани, Әбу Нуайм)

Расулуллаһты уәсила етіп Аллаһу та’алаға жасалған дұғалар қабыл болатыны үшін мұсылмандардың халифасы хазреті Омар, Мәдинада жұт болған кезде Аббас бин Абдулмутталибті уәсила етіп, жаңбыр дұғасына шығып, «Йа Раббым! Сүйікті пайғамбарыңды уәсила етіп дұға етеміз! Расулыңның құрметті көкесінің құрметіне сенен жаңбыр сұраймыз! Дұғамызды қабыл ете гөр!» деген. (Қиямет және Ахирет)

Әнас бин Малик пен Әли бин Әби Талибтің риуаяты бойынша Расулуллаһ былай деген:

Аллаһу та’аладан дүние мен ахиретке қатысты қалауы болған адам, түнде ғұсыл немесе дәрет алып екі рәкат намаз оқыса, әр рәкатында бір Фатиха және үш рет Ихлас оқыса, сәлемнен кейін басын сәждеге қойып, «Йа Раббым! Менің қалауымды Әбу Бәкір Сыддықтың құрметіне орындай гөр» деп дұға етсе, Аллаһу та’ала Әбу Бәкір Сыддық хазреттерінің құрметіне сұрағанын береді. (Мәнақиби чәхари йари гузин)

Имам Биргиуи мына хадис шәрифті жеткізген:

«Бір мүминнің қабірін зиярат еткен кезде, Йа Раббым! Мұхаммед алейһиссаламның құрметіне бұған азап берме делінсе, Аллаһу та’ала қияметке дейін оның азабын тоқтатады.» (Әтфал-ул муслимин)

Расулуллаһ, Асхаби кирам және Табиинмен, олар өлгеннен кейін де Аллаһу та’алаға тәуәссул ету, яғни олардың құрметі үшін деп дұға тілеу жаиз. (Хадиқа)

Қажеттіліктерге қол жеткізу үшін екі рәкат намаз оқып, сауабын Силсилә-и алийаның рухтарына бағыштау керек, олардың құрметі үшін деп дұға ету керек. (Мәкатиби шәрифа)

Өлі немесе тірі болған Әулиенің немесе Нәбидің есімін айтып, оның құрметі үшін деп Аллаһу та’аладан қажеттілігін сұрау, тілеу жаиз. (Бәззазийа)

Хазреті Омар Қағбаны тауаф етіп жатқан кезде, Хажәрул әсуадқа қарап, «Сен бір тассың, ештеңе істей алмайсың, бірақ Расулуллаһ сүйгені үшін, сүннет болғаны үшін сені сүюдемін» деді. Хазреті Әли Расулуллаһтың «Хажәрул әсуад қияметте адамдарға шапағат етеді» дегенін мен естідім, деді. (Ибн Хиббан)

Хазреті Омар Хажәрул әсуадтың шапағат ететіндігін әлбетте білетін. Олай айтуының себебі, хазреті Әлидің ол хадис шәрифті жеткізіп, діндегі үкімінің дәлел күйіне келуі үшін еді.

Византия әскерлерін тізе бүктірген, қамалдарды, өлкелерді жаулап, жеңістерге жеткен Халид бин Уәлид хазреттері бүкіл осы жетістіктерін сәлдесінде алып жүрген сақал шәрифтің (пайғамбарымыздың сақалының) құрметіне болғандығын айтқан. Сақал шәриф, Хажәрул әсуад, әулие қабірінен алынған топырақ және олардың киген киімдерімен берекеттену, әулиенің қабірін сүю сияқты ниғметтерді ғанимет деп білу керек.

 

(Шәаирді) Нышандарды жақсы көру деген не?

Шах Уәлиуллаһ Дәхләуи хазреттері былай деген: Аллаһу та’аланың нышандарын жақсы көру дегеніміз – Құран кәрімді, пайғамбарды, Қағбаны және Аллаһу та’аланы еске түсіретін барлық нәрсені, әулиені жақсы көру деген сөз. (Әлтаф-ул құдс)

Бақара сүресінің, «Періштелерге Адамға сәжде етіңдер, деген кезде сәжде етті. Тек Ібліс қана сәжде етпеді» деген мағынадағы 34-ші аяты хазреті Адамға тағзым етілуін әмір етуде. Шайтан «Аллаһтан басқаға тағзым етілмейді» деп, бұл әмірді тыңдамады. Хазреті Юсуфтың ата-анасы мен бауырлары да оған сәжде етіп құрмет көрсетті. Аллаһтан басқаға құрмет, тағзым пұтқа табынушылық болғанда, Аллаһу та’ала сүйікті құлдарын айтқан кезде мұнымен мақтамайтын еді. Асхаби кирамнан хижри мыңыншы жылдарға дейін әулиелер көп еді. Адамдар оларды зиярат етіп берекеттенетін, дұғаларын алатын еді. Жансыз заттармен берекеттенуге қажеттілік қалмайтын. Ешбір ғалым бұған кедергі болмады. (Әддүрәр-ус сәнийа)

Хазреті Әбу Бәкірдің қызы хазреті Әсма сүйікті пайғамбарымыздың көзі тірісінде киген шапанын шығарып, «Шипа болуы үшін мұны науқастарға кигізіп жатырмыз» деді. (Мүслим)

Сүйікті пайғамбарымыз дәрет алған кезде Асхаби кирам оның дәрет суына тию және түскен бір қылын алу үшін жарысатын және сонымен берекеттенетін еді. Ол да бұл әрекеттерін қабыл ететін. Тіпті мүбәрәк шашын қырған кезде берекеттену үшін мүбарак шашын сахабалары арасында бөлістіруін Әбу Талха хазреттеріне әмір ететін. (Бұхари)

Жауған жаңбыр құрметіне деп дұға ету де жаиз. Рахмети илаһи белгілерінен. Күнәсіз нәрестелер құрметіне деп дұға ету де жаиз. Желінген тағамдар және ниғметтер құрметіне деу де жаиз. Бұлардың барлығында мазруф маңызды. Мазруф – орау ішіндегі мағына деген сөз. Себептер айтылып Аллаһу та’аладан сұралуда.