7 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     10 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Хараж және зарурат деген не?

Хараж және зарурат деген не?

Сұрақ: Хараж бен зарурат деген не?

Жауап: Адамның өз қолында және еркінде болмаған, тыс факторлар нәтижесінде пайда болған себепке «Зарурат» (зәрулі-мәжбүрлі жағдай) делінеді.

Бір парыздың орындалуына кедергі немесе харам істеуге себеп болған нәрсенің алдын алудың машақатты болуына, қиын кешуіне «Хараж» делінеді.

Емделмейтін асқынған ауру, бір мүшенің немесе өмірдің жойылу қаупі және басқа ештеңе істей алмау мәжбүрлігі зарурат болып табылады.

Бірнеше мысал келтірейік:

Басын бұра алатын, бірақ орнынан тұра алмайтын адамның отырып намаз оқуы зарурат (зәрулі-мәжбүрлі жағдай) болады. Сумен ғұсыл алған кезде аурып қалу немесе өлу қаупі бар болса, ғұсыл алмауы зарурат болады, тәйәммум алады.

Бастың өте қатты ауруы – заруратқа жатады. Сол басына қол тигізе алмауы – хараж (шыдап болмас қиындық). Осы себептен бұл жағдайдағы адамнан басын жуу немесе дәретте басына мәсіһ ету міндеті желкесінен алынады.

 

Қағида №1: Ғибадат етуде немесе харамнан сақтануда хараж (шыдап болмас қиындық) туындаса, хараж болмаған мазһабты тақлид ету қажет болады.

Бірнеше мысал келтірейік:

Ақшам намазын оқып алу үшін автобусты тоқтата алмаған жолаушының Шафии мазһабын тақлид етіп, шамды кейін құптанмен бірге қосып оқуы жаиз болады. Яғни жерге түсуінде хараж бар болса, автобус тоқтамай кетіп қалатын болса, автобустан түспеген жағдайда намаз уақыты шығып кететін болса немесе басқа бір зиянға ұшырайтын болса, осы сияқты қажеттіліктерде екі намазды жәм етеді (қосып оқиды).

Санаторийлерде балшық немесе шипалы сумен емделу қажеттілік болып табылады. Санаторийде осы жолдармен ем қабылдап жүрген адамдар шортымен жүруге мәжбүр болады. Оларға харам істемеу үшін басқа мазһабты тақлид етуге болады. Өйткені олардың қажеттіліктері бар. Ал футбол ойнайтындардың тізелерінен жоғарысына өзгелердің қарауы қажеттілік немесе зарурат емес. Сондықтан олар басқа мазһабты тақлид ете алмайды.

Ерлі зайыптылар бөпе кездерінде бір ананы емгендерін, яғни сүт бауыр екендіктерін білсе, бірақ екеуінен бірінің бір рет қана емгені мәлім болса, Ханафи мазһабы бойынша некелері бұзылады. Не ажырасады, не қажеттілік болғандықтан Шафии мазһабын тақлид етіп некені басынан қияды. Өйткені Шафииде сүт арқылы туыс бола алу үшін бала бөтен ананы бес рет және әрбірінде тойып ему керек. Әйелімен некеде қалуы зарурат емес, қажеттілік. Осы қажеттілік үшін мазһабты тақлид етіп қиыншылықтан құтылады.

 

Қағида №2: Харажға себеп болған нәрсені орындауында зарурат бар болса, ол парызды тәрк етуі немесе харамды зарурат мөлшерінше істеуі жаиз болады.

Мысал келтірейік:

Әурет жеріндегі нәжісті әурет жерін ашпай тазалаудың мүмкіндігі болмаған кездерде, мысалы оңаша қалатын ешбір орын таппағанда не істейді? Нәжісті тазалау парыз, ал әурет жерді жұрттың көзінше ашу харам болып табылады. Харамды істемеу үшін парыз кейінге ыңғайлы уақытқа қалдырылады, себебі дінде харамнан құтылу бұрын келеді. Парызды кейінге қалдыруға да мүмкіндік болмаса, онда парыз толық тәрк етіледі. Яғни нәжісті тазаламай-ақ намазын оқиды. Малики мазһабында нәжіспен намаз оқу жаиз болғандықтан, Маликиді тақлид етіп нәжіспен намаз оқу жаиз болады.

 

Қағида №3: Заруратпен жасалған амалда зарурат біткен болса, бірақ хараж жалғасатын болса да солай болады.

Өзі білмей нәжіс тиген киіммен намаз оқыған адам намаздан кейін нәжіс киіммен намаз оқығанын аңғарса, қайтадан намаз оқуы машақатты болғандықтан Малики мазһабын тақлид етіп «бұл намазды Малики бойынша оқыдым» деуі жеткілікті болады.

 

Қағида №4: Харажға себеп болған нәрсе зарурат болмастан орындалған болса немесе заруратпен бірнеше амал орындалу мүмкін болса және бұлардан харажы болған амалды орындауды таңдаса, парызды тәрк етуі жаиз болмайды.

Мысал келтірейік:

Бір адам, протез жасатуға мүмкіндігі бар болса да тісіне пломба салдырған немесе қаптама жасатқан делік. Ғұсылда ауыз ішін толық жуу парыз. Мұндай кісінің тістері қапталғандықтан немесе пломба себебімен ауыз ішін толық жуа алмау деген сылтауы өтпейді, яғни парызды тәрк етуі кешірілмейді. Өйткені бұл мәселені басқа мазһабтың үкімін пайдала отырып шешу мүмкіндігі бар. Егер мұндай мүмкіндік те болмаса, сол кезде ғана зарурат деп қабылданып, тіс пломбасы ғұсылға кедергі болмайтын еді. Малики немесе Шафии мазһабтарын тақлид еткен кезде бұл екі мазһабта ғұсылда ауыз ішін жуу парыз болмағандықтан, тіс пломбасы немесе тіске қаптама жасату ғұсылға кедергі болмайды.

 

Зарурат деген не?

Сұрақ: Төрт хақ мазһабтың бәрінде де ғұсылда ауыз ішін жуу парыз болғанда, пломбалы тісі бар болған адам не істейтін еді?

Жауап: Зарурат дегеніміз – басқа шара таба алмау деген сөз. Бұл жердегі зарурат – басқа мазһабты тақлид ету мүмкіндігі болмаған жағдай деген сөз. Төрт мазһабта да ауыз қуысын жуу парыз болғанда, төрт мазһабтың бірін тақлид ету мүмкіндігі болмағандықтан зарурат болатын еді. Зарурат болғандықтан тақлид қажет болмайтын еді. Бірақ Малики мен Шафииде ғұсылда ауыз ішін жуу болмағандықтан және бұл екі мазһабтың бірін тақлид ету мүмкіндігі бар болғандықтан, бұл нәрсе зарурат бола алмайды. Осы екі мазһабтың бірін тақлид ету арқылы яғни олардың үкімдерінен пайдалана отыру арқылы діннің әміріне мойынсұнылған болады.

Заруратқа бір мысал: Бір қажеттілік себебімен басқа операция жолымен шаш егілсе, ғұсылда төрт мазһабта да басты жуу парыз болғандықтан, өзге бір мазһабты тақлид ету (өзгеше үкімнен пайдалану) мүмкіндігі жоқ. Ғұсылда басты жуу ісін өз мазһабымыз үкімдері бойынша орындауға ешқандай жол болмаған кезде өзге мазһабтың сол мәселедегі өзгеше үкімдерін тақлид ету арқылы орындалады. Егер қалған үш мазһабта да бұған қатысты өзгеше үкімдер жоқ болса, онда тақлид ету мүмкіндігі де жоқ деген сөз. Ал осы жағдайды "зарурат" деп атайды. Ғұсылда бас жуу жағынан зарурат пайда болғандықтан, енді ондай жағдайдағы адамға операция жасалған басына су тигізе алмауы ғұсылға кедергі болмайды. Бұл нәзіктікті көпшілік білмегендіктен «Тіске пломба қою зарурат болады, ғұсылға кедергі болмайды» деп қате айтуда. Хақ болған басқа мазһабта шығу жолы (альтернативтік жол) бар болса, зарурат болмайды. Сол мазһабты, сол тұрғыда тақлид ететін болса, ешқандай мәселе қалмайды.