![]() ![]() Жылан жанның дұшпаны, ал жаман дос...
Жылан адамды өлтіріп, жанын алуы мүмкін. Ал жаман дос адамның жанын да, иманын да алып, пәлекетке жетелейді. Өйткені «Адамның діні – досының діні секілді.» делінген.
Адам өзінің және күллі болмыстың жаратушысын тануға бейім болып
жаратылған. Жаратушысына ғибадат ету және Оған жақындау деген қалау әрбір адамда
болады. Бірақ, бұл бейімділіктің және қалаудың ешқандай құны жоқ. Өйткені нәпіс,
шайтан және жаман дос адамды алдап жаратылысындағы бұл қасиеттерін бәсеңдетіп,
жойып жібереді. Жақсы дос адамды төменнен жоғарыға жетелейді. Жаман дос болса мұның керісін істейді. Кез-келген адаммен дос болмау керек. Сөйлесіп жатқан адамның ақылы мен түсінігіне қарай сөйлеу керек. Тәкаппарланбау керек және сырын әркімге айта бермеу керек. Әр адамның сөзіне алданбау керек. Адамдардың сөзіне емес, ісіне қарау керек. Өз-өзіне пайдасын тигізе алмай жүрген адамнан сақтану керек. Ондай адамның өзгеге қалай пайдасы тисін. Жаман адаммен дос болған жақсы адам, оны өзіне бұрып, жақсы адам ете алса керемет болады, егер мұны істей алмай, өзі де сол адам секілді бұзылып кетсе, ең жаманы міне осы.”
«Хазреті Әбу Бәкір бин Қаууамның хал-жағдайын сұрайын деп жолға шықтым. Жолда бір керуенге кездестім, сол керуендегілермен дос болып бірге жол жүріп келдік. Олар жол бойы арақ-шарап туралы ауыздары суланып әңгімелесіп келді. Әбу Бәкір бин Қаууам хазреттерінің құзырына барғанымда менен: – Ей Ибраһим бұл халің не? – деп сұрады. – Менің халіме не болыпты, ұстазым? – Қолыңда шарап ұстап тұрған сияқтысың ғой. – Жолда келе жатып керуендегілермен жолдас болып едім. Олар келгенше шарап туралы сөйлесті. Демек әңгімелері маған әсер еткен ғой,- дегенімде бұл сөзіме хазреті Әбу Бәкір бин Қаууам: – Балам жақсы адамдармен бол! Жаман адамдардан қолыңнан келгенше аулақ жүр! Өйткені олармен сөйлесу дүниеде де, ахыретте де жүзіңді қарайтады,- деп бұйырды.”
Мына үш түрлі адамнан сақтану керек: Біріншісі пасық және азғын, күнә жасайтын, нәпістеріне еріп Аллаһу та'аланың әмірінен шыққан адамдар. Мұндай адамдармен дос болу бұл дүниеде рахат таптырмайды және ахыретте де рахметке қауыштырмайды. Екіншісі: Өтірікші және қиянатшы болғандар. Мұндай адамдармен достық құру ауыр азапқа және пәлекетке себеп болады. Сенен өзгеге, өзгеден саған сөз тасиды. Үшінші түрдегі адамдар: Ақымақтар. Мұндай адамдардың сөзіне мән берілмейді. Бұлардан адамға не пайда келмейді, не адамды зияннан да арашалап қала алмайды. Олардың жақсы дегендері жаман, жаман дегендері жақсы болады. Зиянды дегендері – пайдалы болып шығады.»
Дауди Таии хазреттері: “Сенен кемшілік іздейтін, жаман адамдармен дос болма!” деп ескерткен.
Қорыта айтқанда жаман достың барлық түрінен сақтану керек. Хазреті
Мухаммед бин Фадлдың айтқанындай: «Жаман дос – өкінішпен қайғы деген сөз.» Жаманменен жолдас болған оңбайды Жаманменен басыңа бақ қонбайды Жылан жанның дұшпаны, ал жаман дос Жанмен қоса иманыңды жалмайды
|