10 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     13 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Дәрет - Ғұсыл / Дәрет алудағы маңызды жайттар

Дәрет алудағы маңызды жайттар

Мұқтаж болмасада төмендегi он нәрсеге мән берiлу керек.

1.       Екi қолы шолақ болған адам, үлкен дәрет ала алмайды. Бұл кісі шолақ қолын топыраққа, жүзін дуалға сүртіп тәйәммум алады. Жүзiнде де жарасы бар болса намазын дәретсiз оқиды, яғни қазаға қалдырмайды.

2.       Ауру адамға жұбайы немесе күйеуi, балалары, бауырлары дәрет алдырады.

3.       Үлкен дәретте тас немесе осы сияқты нәрселермен тазалану судың орнына жүредi.

4.       Ақылынан айырылған немесе есінен танған адам жиырма төрт сағат iшiнде есiн жинай алмаса, өзiне келгеннен кейiн намаздарының қазасын өтемейді. Iшкiлiк, апиын, дәрi-дәрмек арқылы ақыл-есiнен айырылған адам, әрбiр намазының қазасын өтейдi. Жатып басын қимылдата алмайтындай қатты ауырған кiсiнің халі жиырма төрт сағаттан асса, намаздарының қазасын оқымайды.

5.       Әжетханаға кiру үшiн арнайы шалбар қолдану және бас киім киіп кiру мустахаб.

6.       Әжетханаға кiргенде қолында Аллаһу та’аланың есiмi және Құран Кәрiм жазылған зат болмауы тиіс. Бiр нәрсеге оралған немесе қалтада болуы керек.

7.       Әжетханаға сол аяқпен кiрiп, оң аяқпен шығу керек.

8.       Әжетханада әурет жерiн отырған соң ашу және сөйлемеу керек.

9.       Ұят жерiне және нәжіске қарамау керек. Әжетханаға түкiрмеу керек.

Ешбiр суға, мешiт қабырғасына және айналасына, молаға және жолға дәрет сындыруға болмайды.