4 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     6 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Дұрыстықты үйрену

Дұрыстықты үйрену

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Бұл діннің негізі – үйрену және үйрету. Бұл нәрсе ұлыларымыз білдірген түрде Әһли сүннет сенімі мен илмихалды үйрену және үйренгенін үйрету, яғни еш өзгертпей жеткізу арқылы жүзеге асады.

Аллаһу та’ала еш нәрсені мақсатсыз және хикметсіз жаратпаған. Әр нәрсенің бір хикметі, мақсаты бар. Адамның да өмір сүргенде бір мақсаты бар. Раббымыздың әр жаратқанында әрине бір хикмет бар. Аллаһу та’ала адамды да мақсатсыз жаратпады. «Сендерді бір мақсатпен– ғибадат етулерің үшін жараттым» деген. Ғибадаттан мақсат – Оны тану, Оның ұлылығын түсіну, өзінде өте жаман нәпсінің бар екенін түсіну. Өз-өзін тану неғұрлым артатын болса, Аллаһу та’аланың ұлылығы соғұрлым мәлім болады. Өз-өзін ұнатқан адам мұсылмандарды ұнатпайды, Ислам дінін ұнатпайды, осылайша ширкке дейін барады.

Күші жеткенше дінді үйрену және үйрету әркімге парыз. Бізден бұрыңғылар бізге дінді үйретуге тырыспағанда, осындай қайсарлықты көрсетпегенде, бүгін біз мұсылман бола алмайтын едік. Біз де, бізден кейінгілерге таза болған түрде жеткізуіміз керек. Қолымыздағы аманат өте үлкен.

Білегі мықты болған адам тасты алысқа лақтырады. Әһли сүннет сенімінің жайылуы және осы күнге дейін келуі – тек Әһли сүннет ғалымдарының күш-жігері мен қызметтері, басқа ешкімдікі емес!

Аллаһу та’ала  құлын жақсы көргені немесе жақсы көрмегені қалай белгілі болады? Егер Аллаһу та’ала бір құлын жақсы көрсе, таңдаған болса, оны бір сүйікті құлымен таныстырады және сол құлын жақсы көргізеді. Сол сүйікті құлымен таныстыруы, оны жақсы көргізуі оны құтқаруды қалағаны үшін.

Пайғамбарымызға мойынсұнғандар сияқты...

Сүйікті пайғамбарымызға қауышқан, Оның сұхбатына қатысқан, Асхаби кирамнан болған бір адам қаншалықты таңдалғаны, қаншалықты жақсы көрілгені сүйікті пайғамбарымызға шәкірт болғанынан мәлім болып тұр. Сондықтан оның мұрагерлеріне де, ол туралы айтқандарға шәкірт болу және оларды тану керек. Шәкірт болудан мақсат – оның құрметін білу, оның қадірін түсіну, көрсеткен жолына және өзіне бағыну.

Мүминнің белгісі – берген сөзінде тұруы. Мүмин екеніміз екі нәрседен белгілі болады:

1) Айналадағылары қолынан сақ болады.

2) Айналадағылары тілінен сақ болады.

Шынайы мүмин харамға мүлдем қол созбайды, харамды ұстамайды, харамды ішпейді, харамды жемейді, харам жазбайды және харам сөйлемейді. Қолынан, тілінен айналадағылары зиян-зардап шекпейді.

Өмір бойы айналасында қайтыс болғандарды көріп және олардың жаназасында табытын көтеріп жүрген адам осылай жалғаса береді деп ойлайды. Ойлану керек, табытта жатқан адам да көп табыт тасыған, бірақ бүгін өзінің жаназасында табытта жатыр. Бір күн келеді, біз де табытта жатамыз, ұмытпайық!