18 - Шәууал, 1445 жыл.
     27 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Мүжтәhид фил Мазhаб (Мазhабта мүжтәhид)

Мүжтәhид фил Мазhаб (Мазhабта мүжтәhид)

Мазhаб имамының қойған қағидаларға сүйене отырып төрт дәлелден (Құран кәрім, сүннет, иджма, қиястардан) үкім шығаратын ислам ғалымы. Бұған мүжтәhид-и муқаййәд немесе мүжтәhид-и мүнтәсиб деп те айтылады.

Әбу Юсуф, Имам Мұхаммед Шәйбани және Имам Ағзамның бұлардың дәрежесіндегі басқа да шәкірттері мазhабта мүжтәhид ғалымдар болған. Бұлардың шығарған үкімдерінің кейбірлері Имам Ағзамның шығарған үкімдеріне сай келмеуі мүмкін. Ижтиhад дәрежесіне көтерілгендері үшін өздерінің шығарған үкімдеріне амал етулері қажет. (Кәмал Пашазада Ахмет бин Сүлейман)

Мазhабта мүжтәhид ғалым болған Имам Мұхаммед Шәйбани дін үкімдерінде мыңдаған кітаптар жазған. Шәкірттерінен болған Имам Шафиидің анасына үйленгені үшін, қайтыс болғаннан кейін бүкіл кітаптары Имам Шафииге қалып, оның білімінің артуына себепші болған. Сол себепті Имам Шафии: «Ант ішіп айтамын, фиқh (діни үкімдері тақырыбындағы) білімім Имам Мұхаммедтің кітаптарын оқу арқылы артты. Фиқh білімін тереңдетуді қалаған адам Әбу Ханифаның шәкіртімен бірге болсын» деп айтқан. (Ахмет Зуhди)

Мазhабта мүжтәhид болған ғалым өзінің мазhаб имамына ұйымайды. Өзінің рәиімен (үкімімен) фәтуа (діни сұрақтарға жауап) береді. Бірақ дәлелдерін мазһаб имамдарының қағидалары, әдіс-тәсілдері бойынша іздейді. Бұл қағидалардың сыртына шықпайды. (Имам Суйути)

Муфти мутлақ мүжтәhид болмаса мазhабта мүжтәhид болуы керек. Бұлай болмаса муфти деп айтылмайды, діни үкімдерді, фәтуаларды нақл етуші деп айтылады. (Ибн Абидин)