11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   


Мубах

Дінімізде әмір де етілмеген және тыйым да салынбаған амалдар. Яғни күнә немесе ғибадат екендігі білдірілмеген iстер. Жақсы ниетпен iстелуінде сауапқа, жаман ниетпен iстелуінде азапқа себеп болады.

Мубахтар жақсы ниетпен жасалса таат (ғибадат, Аллаһу та’аланың ұнатқан нәрсеселері) болады. Жаман ниетпен жасалса күнә болады. Адам мубах істі жасаудан алдын ниетіне мән беруі керек. Ниеті жақсы болса оны істеуге болады. Егер ниеті Аллаһу та’ала үшін болмаса істемеуі керек. (Сәйид Абдулхаким Аруаси)

Аллаһу та’аланың мубах еткен яғни рұқсат еткен амалдары өте көп. Ал харам еткен, тыйым салған нәрселері өте аз. Мубахтардағы ләззаттар харамдардағы ләззаттардан қаншама есе көп. Аллаһу та’ала мубах істеген адамдарды жақсы көреді, харам істегендерді жаман көреді. Ақылды, дұрыс ойлайтын адам өткінші ләззат үшін Аллаһу та’аланың разы болмайтын, ұнатпайтын нәрселерін істемейді. Онсыз да Аллаһу та’ала зиянды болған бір ләззатты харам еткенде, бұл ләззаттағы басқа бірнеше нәрселерді мубах еткен. (Имам Раббани)

Аллаһу та’ала құлдарына игілік, мейірімділік етіп көп нәрселерді мубах еткен, рұқсат берген. Рухы ауруға шалдыққаны, көңілі бұзылғаны үшін мубахтарға тоймай, еш бітпейтін мубахтарды тәрк етіп, Ислам дінінің шекарасынан шыққандар, харамдар және күмәнді болған нәрселерді істейтіндер неткен бейшара, бақытсыз адамдар. (Имам Раббани)

Мубахтарды қажетті мөлшерде ғана пайдалану керек. Бір адам мубахтарды яғни Ислам дінінің рұқсат еткен нәрселерден әр қалағанын істеп, асып тасатын болса, кейін күмәнді нәрселерді жасауды бастайды. Ал күмәнді нәрселер харамдарға жақын болады. (Имам Раббани)