2 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     4 - Қараша, 2024 жыл.   


Мәсһ

1) Мәсі деп аталатын аяқкиімді дәретпен кигеннен кейін, дәрет бұзылып, жаңадан дәрет алып жатқанда аяқтарды жумай қолдарын сулап, оң қолдың бес саусағын сулап оң мәсiге, сол қолдың саусақтарын сулап сол аяқтағы мәсiге, аяқтың ұшынан бастап тобыққа қарай жабыстырып тарту.

Расулаллаһ алейһиссалам дәрет алайын дегенде мен су құйдым. Дәрет алып, мәсілеріне мәсһ тарты. (Муғира бин Шубә)

Мәсiнiң үстiнен мәсһ тарту мерзімі, муқим (жергілікті) үшiн 24 сағат, сафари (жолаушы) үшiн 3 күн 3 түн, яғни 72 сағат. Бұл уақыт мәсiнi киген кезден емес, дәрет бұзылған кезден басталады. (Ибн Абидин)

Мәсiнiң үстiне мәсһ тартуды Асхаби кирмнан жетпістен көп сахаба білдірген.

Бұлардың бірі хазреті Әли. (Абдуллаһ Суәйди)

Ғұсыл алғанда немесе тәйәммум жасалғанда мәсiнiң үстiне мәсһ тартылмайды. (Халеби)

2) Бір мүшені немесе мүшенің бетіне оралған, таңылған нәрсенің бетін қолды сулап сипау деген сөз.

Сәлдеге, қалансуәға, яғни тақиямен кез келген бас киім түріне, бурқа, яғни бетперде, маска үстiне және қолғап үстiне мәсһ тарту жаиз емес. (Ибн Абидин)

Жәбира, яғни сынған сүйектің екі жанына байланатын тақтайшалар үстіне  мәсһ тарту жаиз. (Халеби)